етегінде кішкентай ауыл бар екен дейді. Бұл ауылдың ба-
лалары шалға сұрак қоюды эдетке айналдырған. Қарияның
кез келген сұраққа жауабы бары оларды ойландырады.
Шал жауап бере алмайтын бір сұрақ қояйық дейді. Күн-
дердің күні балалардың бірі, Арам: “Данышпанды жерге
қарататын сұрақ таптым”, -дейді. Қолына кіщкентай қүсты
қысып үстаған ол, “Шалдан мына құс тірі ме, өлі ме деп
сұраймын. Егер өлі
десе, жібере саламын. Тірі десе, өлтіре
саламын. Не десе де, оныкі дүрыс болмай шығады”. Ба-
лалардың бэрі шуылдасып, Арамды ортаға салып, шалға
келеді. Сосын жаңағы бала: “Міне, қолымда құс бар, ол өлі
ме, тірі ме?” дейді. Оның көзіне қарап мысқылдаған Шал:
“Арам, ол сенің қолыңда”, - депті.
Мен осы шалмен келісемін. Сенің эр әрекетің жаңа
мүмкін болашақтарды тудырады.
Өміріңде сенімен бо-
лып жатқан барлық нэрсеге өзің ғана жауаптысың. Мем-
лекетті кінэлама. Ата-анаңызды кінэлама. Бауырларыңды,
достарыңды кінэлама. Ұстаздарыңды кінэлама. Әсіресе
бастығың мен әріптестеріңді кінэлама. Өйткені басқаны
таңдай алмасаң да, жұмысты таңдайтын өзің.
Сен кім бо-
латыныңды шешесің. Сен тағдырыңды қолмен жасайсың.
Сен өз өміріңнің бағбанысың.
Self help кітаптардың бэрінің айтқысы келетіні де осы.
Алан де Боттон, өзінің алты миллион рет қаралған Жетістік
туралы тед дәрісінде (A kindler, gentler philosophy o f Success,
https://www.ted.com/talks/alain_de_botton_a_kinder_gentler_
philosophy_of_success/up-next?language=ru) мынаны айта-
ды. Осы дан торт жүз жыл бұрын кедей адамды unfortunate
дейтін. Яғни, жолы болмаған, Құдайлар, не
эйтеуір бір
жоғары күштердің бұйрығымен кедейлікті арқалап жүруге
мэжбүр жандар. Қазір кедей адамды loser деп атайды, де-
230