Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай


Бірдеңені іздеп, тырысып, тырмысып жүретін адам­



Pdf көрінісі
бет187/220
Дата19.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#136044
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   220
Байланысты:
Қуаныш Шонбай Екінші болма

Бірдеңені іздеп, тырысып, тырмысып жүретін адам­
дар көбірек табысқа жетеді.
Кәсіпкер емес, тырыскер дейтінім де содан. Кейде жа- 
уапкершілік маған әлемдегі ең маңызды қасиет сияқты
232


ЕКІНШІ БОЛМА
корінеді. Және, байқауымша, адамдардың көпшілігі солай 
қабылдайды. Егер сен өз өміріңе жауапкершілік алсаң, өз 
қателігіңе жауап беруден қорықпасаң, қоғам да мұны кұр- 
меттейтін болады.
Олай дейтінім, 2017 жылы Алматыда күтпеген жерден 
жағымсыз оқиға орын алды. 23 қыркүйек, сенбіде 35 кісі- 
ге палау, салат, жасымық сорпасы секілді көлемді тапсы- 
рыс болды. Достықтағы “Руми” мен Абайдағы “Мәдени- 
ден” біріктіріп, тапсырыс берген мекенжайға жеткізген 
едік. Кейінірек бес адамның тамақтан уланып ауруханаға 
түскені мэлім болды. Ести сала ауруханаға тарттық. Бэрі 
де көп ұзамай жұмыстарына шығып кетті. Сол тағамдарды 
аталған “Руми” мен “Мәдениге” де келіп, 1300 адам аталған 
тағамдардың 350 порциясына тапсырыс берген. Бірақ олар- 
дың ешқайсысынан шағым түскен жоқ. Сондықтан біздің 
топшылауымызша, кінәрат тағамдарды сатып алғаннан 
кейін дүрыс сақтамаудан болды-ау деп жобаладық. Осыны 
ескерген зиян шегуші тарап та бізге кінэрат артпады.
Қалай болғанда да СЭС өкілдері келіп, жағдайды 
анықтау үшін тексеріс жүргізді. Олардың тапқан міні 3-4 
сағаттың ішінде жойылды. Тіпті талап етілмесе де, қайта- 
дан дезинфекция жасап жібердік. Бұл біз үшін өте қолай- 
сыз жағдай болды. Өйткені осындай инциденттердің алдын 
алу үшін талап етілгеннен де жиі анализ жасаймыз, қыз- 
меткерлерімізді оқытамыз, қадағалаймыз. Осының бэрін 
ескеріп отырып, мен әлеуметтік желілерде пост жаздым. 
Жағдайдың бэрін болған күйінде түсіндірдім. Мен естірт- 
песем, сол желідегі адамдардың, біздің тұрақты жэне по- 
тенциалды қонақтарымыздың көбі сол жағдайды естімес 
те еді. Бірақ біз барынша түнық бизнес жүргізгіміз келеді. 
Мүмкін, ол қымбатқа түсер, бірер қонақтарды жоғалтып та 
алармыз. Бірақ шындық қымбат.
....................... 
233
--------------
002-16


Эрине, кінэліні басқа жақтан іздеп, өзімізді судан ак, 
сүттен таза деп жариялауға да болатын еді. Бірақ біздің 
кінэлі болуымыз құрығанда бір пайызға мүмкін болса, 
ақауды өзімізден іздейміз. Өзімізге прокурор, өзгелерге 
адвокат болғымыз келеді. Керісінше емес. Біз дәмханала- 
рымызды қайталап тексереміз, СЭС қызметкерлерін өз ер- 
кімізбен шақырамыз. Кемшіліктерімізді көрсетсін. Қажет- 
тілік болса, ескертпелерді түзету үшін уақытша “Rumi’’-ді 
жауып та қоя аламыз. Әрине, ақша тапқымыз келеді, бірақ 
қонақтарымыздың денсаулығы бэрінен де маңызды. Осы 
жағдайларды түсіндіргенде, желі қолданушылар “Rumi’’-ді 
тіпті көтеріп экетті. Өйткені жауапкершілік деген - бэріміз 
де бағалайтын қасиет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет