8.4-КЕСТЕ. ДШ-ны оқыту бойынша бағалау сипаты
Пән Оқыту сапасы Дене шы-
нықтыру
■ Оқушыларды өз пәнін оқуға ынталандырып, олардан үлкен үміт күтілетінін
жеткізеді
■ Мұғалімдер мен сыртқы жаттықтырушылар/практиктер арнайы және зама-
науи білім тұрғысынан да, пәнді оқытуды дұрыс түсіну тұрғысынан да жо-
ғары нәтижеге, өзіне деген сенімге және жоғары біліктілікке қол жеткізеді.
■ Оқушыларды сабаққа белсенді қатысуға ынталандыру және пәнді жан-жақ-
ты толық меңгерту үшін оқытудың әртүрлі инновациялық және шығарма-
шылық стратегияларын аса тиімді қолданады
■ Жұмысты одан әрі жақсарту үшін, бақылау мен талдау жүргізу үшін АКТ өте
тиімді қолданылады
■ Мұғалімдер қабілеті әртүрлі оқушылардың бәрі жаңа дағдыларды игеріп,
оларды қолданудың түрлі тәсілдерін тауып, оларды жұмыстың жүйелігі не-
месе командалық тактиканы дәл қайталау үшін байланыстыра алатынына
көз жеткізеді.
■ Оқушылар ұзақ уақыт бойы көп жұмыс істеуі керек және шаршай бастаған-
да табандылық таныта алуы керек.
■ Үлгерімі төмен оқушылар бақылау, кері байланыс, коучинг, арбитраж және
төрешілік сияқты басқа рөлдерді мақсатты түрде орындауға көшеді
■ Сыртқы жаттықтырушыларды/практиктерді және басқа да ересектерді қол-
дау жақсы жолға қойылған және оқу сапасына айтарлықтай әсер етеді
■ Оқушыларға өз жетістіктері мен басқалардың жетістіктерін бағалауға және
оларды қалай жақсартуға болатыны туралы ұсыныстар айтуға жиі мүмкін-
дік беріледі
Дереккөз: OFSTED (2012a)