Кең ауқымды оқу бағдарламасы
346
жесіне қарағанда, балалардың 54 пайызы аптасына мектепте 2 сағатқа
жетер-жетпес уақытын дене шынықтыруға немесе ойынға арнайды
екен (Davies, 2012). Ресми статистика 2007–2008 жылдары бастауыш
мектеп балаларының 90 пайызы мектепте спортпен немесе дене шы
-
нықтырумен 2 сағат шұғылданатынын көрсеткен, бұл 2003–2004 жыл
-
дардағы 62 пайыздан едәуір өскен (Bardens
et al.
, 2012). Лейбористер
үкіметі дене шынықтыруға бөлінетін 2 сағатты 5 сағатқа жеткізуді
ұсынды, бірақ Коалиция үкіметі 2 сағаттық басшылықтан бас тартты.
Шотландия үкіметі 2014 жылғы «Достастық» ойындарының берік мұ
-
расы ретінде әр бастауыш сынып оқушысына дене шынықтыру үшін
аптасына кемінде 2 сағат бөлінеді деп уәде берді. 2012 жылы Шотланд
бастауыш мектептерінің 84 пайызы осы міндетті жүзеге асырды. Дене
тәрбиесі қауымдастығы алдына ұзақмерзімді міндеттемелер қойып,
пәннің жұмыс бағдарламасынан сауат ашу мен санау дағдылары сияқ
-
ты мәртебе алуын көздеп отырғаны белгілі (afPE, 2008).
Басқа базалық пәндер сияқты көп мұғалімдер дене шынықты
-
ру кезінде өзіне сенімді емес және пәндік тәжірибесі жетіспейді,
сондай-ақ олардың үштен бірінің пәнді оқытуына бала кезіндегі жа
-
ғымсыз сезімдері әсер етеді. Мұғалімдерді даярлауда да шектеулер бар,
мәселен, дене шынықтыру пәнін оқытуға даярланған бастауыш мектеп
стажерларының 60 пайыздан астамына 6 сағаттан аз уақыт бөлінген
(Paton, 2012).
SportScotland, Sport Relief және Active Schools Network сияқты агент
-
тіктер балалар мен жастардың белсенділігі мен спортқа қолжетімділі
-
гін арттыруға бағытталған. Барған сайын Англияның бастауыш мек
-
тептері дәстүрлі ойындарға қызықпайтын оқушыларды тау велосипе
-
дімен, би, жекпе-жек өнерлерімен және йогамен қызықтыруға көшкен
(OFSTED, 2009c).
Денсаулық сақтау, фитнес және әл-ауқатты жақсарту тұрғысынан
ДШ-ның маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Балдырған жас
-
тағы балалардың физикалық дамуын сумен, құммен ойнау, құрастыру,
музыкалық іс-шаралар, сурет салу мен далада ойнау арқылы жетілді
-
руге болады, ал кейінірек бір нәрсеге өрмелеу және тепе-теңдік сақ
-
тау, әткеншек тебу, үй жасау, велосипед тебу, доп ойнау және туннель
-
дермен жүруді қосқан жөн (O’Hara, 2008). Тиімді оқытылған жағдайда
ДШ белсенді өмір салтын ұстануға және оны өмір бойы сақтауға негіз
болады (Doherty and Brennan, 2008).
Би ел мектептеріндегі футболдан кейінгі ең танымал спорт түрі
ретінде аталады (Higgins, 2008). Оның танымал болуына
Достарыңызбен бөлісу: