Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет281/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

8.1-СУРЕТ.
Өзі жасаған бетпердесін киіп тұрған бала 
Дереккөз: 
POD/Pearson Education Ltd, Mark Bassett


Кең ауқымды оқу бағдарламасы 
338
сияқты әртүрлі контексте оқуға тиіс (DfE, 2013). ДT-ның өзектілігін 
көрсете түсу үшін ол математика, ғылым, есептеу техникасы және өнер 
сияқты пәндермен байланыста болуы керек. 
Музыка
Музыканың бастауыш мектептің оқу бағдарламасынан орын алуы
-
на оның әлеуметтік дағдыларды қалыптастыратыны, балаларды руха
-
ни адамгершілік, әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамытатыны, шы
-
ғармашылық ойлау мен оны іске асыру алаңы бола алатыны, сондай-ақ 
жеке тұлғаның өзін-өзі көрсетуінің ерекше формасы екендігі себеп бол
-
ды (Bigger and Brown, 1999; Jones and Robson, 2008). Концерт, спектакль 
және басқа да шаралар арқылы талай мектептің қалың жұртшылыққа 
танылуына музыканың ықпалы қашан да зор болды. Түрлі мәдениет
-
тің музыкасын тыңдау, жазу және орындау арқылы балалардың дүние
-
танымы кеңейеді. Олардың әрқилы өмір салты туралы түсінігі артып, 
тереңдей түседі. Мұғалім көзімен қарасақ, пәнаралық сабақтарды жос
-
парлауда, мәселен, тарих, география, би, драма және діндануды жоспар
-
лауда музыканың берері көп. Музыкалық білім беру көп мүмкіндікке 
жол ашады, мысалы, бұл ретте балалармен жұмыс істеуге жергілікті 
музыканттар шақырылатын қоғамдық жобаларды атап өтуге болады. 
Джаз, блюз, регги, поп-музыка, классика секілді әртүрлі стильдер тура
-
лы білім мазмұнды контексте кеңейте түседі.
Өкінішке қарай, бастауыш мектептерде музыканы оқытуда 
сапалық алшақтық тым көп. OFSTED Англиядағы әр бесінші бас
-
тауыш мектепте музыканы оқытудың сын көтермейтінін айтады
(OFSTED, 2012b). Басты кемшілік – оқушылар музыкаға жеткілікті уа
-
қыт бөлмей, сөйлеуге және жазуға тым көп уақыт жұмсайды. Соны
-
мен қатар көп мұғалімнің музыкалық прогресс туралы түсінігі толық 
қалыптаспаған. Оқушылар музыканы тыңдап, өздері құрастырып, 
орындап, бірін-бірі толықтырған кезде, яғни «бірлескен» тәсіл қол
-
данылғанда, музыканы оқыту жоғары деңгейге жетеді деуге болады. 
Инспекция озық тәжірибені кең ауқымда көрсететін фильмдер да
-
йындайды, сонымен қатар оқушылардың музыкалық білімін арттыру 
үшін тиімді серіктестік орнатқан мектептердің тақырыптық зерттеу
-
лерімен таныстырады (OFSTED, 2012c). 
Пәнді оқытудың мүшкіл жағдайына байланысты Коалиция үкіме
-
ті музыка пәнінің стандарттарын арттырудың ұлттық бағдарламасын 
іске қосты (DfE, 2011). Англиядағы барлық балалардың музыкалық 
аспапта ойнауға, ансамбль немесе хор құрамында өнер көрсетуге, со
-
нымен қатар ән айтуды үйренуге мүмкіндігі бар. Музыкалық білім 


Кең ауқымды оқу бағдарламасы 
339
беру орталықтары жоспардың бір бөлігі және мектепте де, одан тыс 
жерлерде де музыкалық білімнің сапасы мен дәйектілігін арттыруға 
бағытталған. Озық тәжірибеде бұл орталықтар музыкаға ерекше дем 
беріп, оны өміршең етеді делінгенімен, бұрынғы бағалаулар олардың 
ауқатты және кедей балалар арасындағы музыкалық алшақтықты 
азайту мақсатына қол жеткізе алмайтынын көрсетті. OFSTED (2013b) 
орталықтардың үштен бірі ғана жергілікті биліктің бұрынғы қолдауы
-
мен салыстырғанда жақсы жәрдем беретінін анықтады. Олар барлық 
баланың күнделікті музыкалық тәжірибесін жақсарту үшін көп жұмыс 
істеуі керек. Бір ескерер жайт, мектептермен, орталықтармен жұмыс 
істеу талап етілмейді. Сонымен қатар мұғалімдер нота, ырғақ өлшемі, 
дыбыстардың үйлесімді қатары, әуен түрлері және аккорд сияқты жал
-
пы музыкалық ерекшеліктерді түсіну және пайдалану тұрғысынан оқу
-
шыларға тым аз талап қояды.
Жақсы тыңдау дағдыларын дамыту музыкалық білім берудің бас
-
ты мақсаты саналады. Балалар түрлі дыбыстар мен шудан тұратын 
әлемде өмір сүреді. Оларды бар ынтасымен көңіл қойып тыңдауға үй
-
рету керек. Бұл басқа адамдардың қажеттіліктеріне мұқият ден қоюды 
талап етеді. Үздік мұғалімдер жекелеген балаларға белгілі бір уақытта, 
белгілі бір дауыс, белгілі бір ырғақпен өнер көрсетуі қажет болғанда, 
музыкалық ойындар мен топтық қойылымдар сияқты контексте олар
-
ды тыңдауға жағдай жасауды үнемі жоспарлап отырады. Дыбыс – бұл 
өзін көрсету мен қарым-қатынас құралы екенін балалардың түсінгені 
өте маңызды. 
Жақсы мұғалім осы мақсатта әртүрлі музыкалық аспаптармен 
эксперимент жасау, дауыс пен бағдарламалық құралдарды қолдану 
секілді бірқатар іс-шараларды ұйымдастырады. Пернетақта дауысы, 
сынамалар, процессорлар, секвенсорлар, CD-ROM секілді музыка техно
-
логиясының дамуы балалар тәжірибесін жақсартуы мүмкін, дегенмен 
зерттеулерге сүйенсек, балалар 3-негізгі кезеңге жеткенде ер балалар
-
ға көбірек басымдық беріледі (Holt, 1997). Музыка балалар үшін өте 
пайдалы тәжірибе болуы мүмкін және ол штатта тәжірибелі маманның 
болуына байланысты емес (Glover and Ward, 2004). Алайда мұғалімдер
-
дің айтуынша, музыкадан тәжірибенің жетіспеуі немесе өзіне деген се
-
німділіктің жоқтығы қорқыныш тудырады (Downing 
et al., 
2002). 
Музыканы оқытудың табысты болуы көптеген факторға байла
-
нысты. Төрт негізгі музыкалық дағды: орындау, жазу, бағалау және 
тыңдауды жақсы біліп, түсіну қажет (DfEE/QCA, 1999). Хеннесси (1998) 
композиция ойынның бір түрі екенін, сондықтан мұғалім оқушылар
-
дың ойынқұмарлығын ескеруі керек екенін айтады. Конструктивисті 
теорияға сәйкес, ол бақылау, қатысу және музыкалық білім деңгейіне 
қарай ұсыныстар мен ескертулер айту арқылы әртүрлі рөлдер ойнай
-


Кең ауқымды оқу бағдарламасы 
340
тын мұғалімдермен болатын топтық композицияны қолдануды жақ
-
тайды. 2014 жылғы Мемлекеттік оқу бағдарламасында музыканың 
оқу бағдарламасы мазмұнына қысқартулар жасалды. 1-негізгі кезеңде 
балалар ән айтып, аспапта ойнап, тыңдап, шығармашылықпен айна
-
лысуы керек. 2-негізгі кезеңге ойын және шығармаларды жеке және 
ансамбльдік орындау, композиция, нота жазу, музыка тарихы және ба
-
ғалау енгізілді (DfE, 2013). 
Өз пәнін жақсы білетін үздік мұғалімдер пәннің құрылыс материа
-
лы ретінде мына элементтерді көрсетеді (Jones and Robson, 2008: 7): 
„
ұзақтық – қысқа және ұзақ ноталар, импульс, ырғақ; 
„
динамика – қатты/баяу/тыныш; 
„
қарқын – жылдам және баяу; 
„
тембр – аспаптардың ои�нау тәсілі мен олардың құрылысына қараи� 
шығатын дыбыс сапасы;
„
текстура – музыка қабаттары, дыбыстардың үи�лесуі; 
„
құрылым – дыбыстардың уақытқа сәи�кес ұи�ымдастырылу тәсілі; 
„
дыбыстың биіктігі – жоғары және төмен әуен.
Жақсы ұйымдастырылған музыка сабағында мұғалім оқу мақса
-
тын айқын көрсетіп, оқушыларға үлкен үміт артады, олардың өз музы
-
калық дағдыларын қолдануына мүмкіндік береді. Мүмкіндігінше олар 
нақты музыканттар мен композицияларға сілтеме жасайды. 
Үздік музыка мұғалімі жұмысын ерекше құлшыныспен атқарады, 
әуеннің ырғағы мен биіктігін сезіне алады, ән айтады, әрдайым білімін 
жетілдіруге бейіл және қателесуден қорықпайды (Barrs, 1994). Олар ба
-
лаларға білім беруде музыканың маңызды рөл атқаратынына сенімді 
болуы керек. OFSTED (2009a) музыкалық білім беру жақсы жолға қо
-
йылған мектептерде балалардың жеке және музыкалық дамуына баса 
назар аударылатынын айтады. Ол мектептер музыканың қаншалықты 
маңызды екенін біледі және оның өзіне ғана тән құндылығын бала
-
ларға ұғындыруға тырысады. Мысалы, бір бастауыш мектептен басқа 
мектепке келген оқу үлгерімі төмен балаға гитара сабағын беру дәстүрі 
болған. Бұл баланың жаңа ортаға тез бейімделіп, сабаққа ден қоюына 
оң ықпал ететін, сөйтіп оған көп көмегін тигізетін. 
Мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтары мен дағдыларын 
дамыту үшін күтпеген мүмкіндіктерді пайдаланған кезде өнерді үздік 
оқытуға болады, бұл жайында 8.5-қосымшадан толығырақ біле аласыз
-
дар. 


Кең ауқымды оқу бағдарламасы 
341


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет