Дизайн және технология
Сэр Кристофер Рен XVII ғасырдағы Лондонның көп бөлігін, соның
ішінде Әулие Павел соборын жобалаған әлемдегі ең мықты сәулетші
-
лердің бірі болған. Ол жайында ұлы былай деп дәл айтыпты: «Егер сіз
оның ескерткішін іздесеңіз, айналаңызға көз жүгіртіңіз». Дизайн мен
технологияны (ДT) оқыту үшін балалар киіп жүрген киімдерге, мектеп
Кең ауқымды оқу бағдарламасы
335
жиһазына, сауда орындарына, тұрғын үй кешендеріне, тері кремдеріне,
жармаларға, шоколадқа, автомобильдер мен көпірлерге қарап шабыт
-
тануға болады. Лондон «Корнишонын» жобалаған әйгілі Сэр Норман
Фостер 1930–1940 жылдары балалық шағында жұмысшы таптан шық
-
қан бала ретінде Манчестердегі үйінің террассасының жанынан өтетін
пойыздарға қарап таңғалған. Арнайы жабдықталған орта – балалар
-
дың конструкцияларға қарап, оны құрайтын материалдар, компонент
-
тер, тетіктер мен басқару жүйелерінің қалай және неге олай жасалға
-
нын анықтауға қызығушылығын оятудың негізгі кілті.
Балалардың көпшілігі белгілі бір затты жобалағанды және жаса
-
ғанды ұнатады (8.1-сурет), сондай-ақ өз бетімен еркін жұмыс істеуді
қалайды. Дизайн мен технологияның табиғатын анықтау оңай емес,
дегенмен білім беруде бұл «оқушыларға идеялармен күресуге, шығар
-
машылық шешім шығаруға мүмкіндік беретін проблемаларды шешу
әрекеті» ретінде қарастырылады (Hope, 2006: 11). Бұл пәнді оқытуда
озық болу үшін пән туралы нақты түсінік болуы керек. Өкінішке қарай,
мұғалімдердің көпшілігі ДТ-ны модельдер жасаумен шектейді. Соны
-
мен қатар кез келген басқа базалық пәнге қарағанда негізгі пәндерді
оқытуға баса ден қоюдан, мұғалімдердің өзіне сенімі мен ноу-хаудың
болмауынан, сондай-ақ дайындық пен білім беру зерттеулерінің жет
-
кіліксіздігінен зардап шекті. OFSTED (2011D) оқушылардың электро
-
ника, басқару жүйелері және компьютерлік қосымшалар туралы білімі
мен түсінігін жобалау мен өндіруде пайдалану үшін ДT-ның оқу бағдар
-
ламасын жаңарту қажет екенін мойындайды.
Балаларға бұйымдардың қалай жасалатынын білуге жағдай жасау
қажет. Мысалы, оқушылар мұғалім құрастырған шырағданды зерт
-
теу үшін оны бөлшектейді, әр бөлігінің қызметін анықтайды, өздері
шырағдан құрастыруды бастамас бұрын олардың өзара әрекеттесуін
анықтайды. Сондықтан шебер мұғалім дизайн бойынша тапсырма да
-
йындағанда оқушыларды дайын нәрсені қайта көшіріп шығуға емес,
тың дүние жасап шығуға бағыттайды (OFSTED, 2002). Дизайн және
технология процесі талдау, мәселелерді шешу, ынтымақтастық, прак
-
тикалық потенциал
және бағалау дағдыларын қамтиды, олардың бар
-
лығы басқа контекске ауыса алады (Tickle, 1996). OFSTED (2000) мәлі
-
меттеріне қарағанда, стандарттар жоғары болған жағдайда оқушылар
әртүрлі материалдар мен компоненттерден сапалы бұйымдар жасауда
жетістікке жетіп, өз білімі мен дағдыларын шығармашылықта қолда
-
на алады. Олар өнімдерді сынау және тиісті өзгерістер енгізу арқылы
оның қалай жұмыс істейтінін бағалай алады.
ДT сабақтарын жоспарлауға қатысты негізгі қиындықтардың
бірі – оқушы алдымен өз идеясын тудырады, содан кейін оның дизай
-
нын жасайды және соңында дайын өнімді бағалайды деген болжам.
Кең ауқымды оқу бағдарламасы
336
Достарыңызбен бөлісу: |