Кең
ауқымды оқу бағдарламасы
333
Childs, 2000) өнерге өзгеше мәртебе беріп, оны оқу бағдарламасында
-
ғы оқу, жазу және арифметикадан кейінгі төртінші «R» ретінде қоюға
шақырды. Олар барлық балаларға тиесілі би, драма, музыка және бей
-
нелеу өнері арқылы берілетін мәдени тәжірибенің кенін ашты. Сондай-
ақ «руханият өмірге өнер туындысы ретінде дем беретіндіктен», өнер
балалардың рухани дамуына құнды үлес қосады деп тұжырымдалды
(Halstead, 1997: 100). Өнер адамының шығармашылық пен өзін-өзі көр
-
сетуге ұмтылуы ішкі қордың мол болуы
мен қиялды жаттықтыруды
талап етеді, сөйтіп тебіреніс мен таңданыс тудырады. Рохэмптон уни
-
верситетінде жүргізілген бір зерттеуде Уоттс (2005) оқушылар өнердің
маңыздылығын дәлелдеу үшін алпыс түрлі себеп айтқанын, мәселен,
қарым-қатынас жасау, тәжірибе жасау, ләззат алу, заттарды есте сақтау
және ақша табу үшін қажет екенін көрсеткен.
Мұғалімдер оқушылардың визуалды сауаттылық дағдыларын да
-
мытуда мұқият болуы керек. Уорд (2003) бастауыш мектеп балалары
-
на өзін қоршаған ортадан көргендерін істеп көру жетіспейтінін айтады.
Балаларға байқағандары мен айтылған нұсқауларды істеуге дағдыла
-
ну үшін уақыт қажет. Дэвидсон (1993) атап өткендей , біздің нені кө
-
ретініміз кім екенімізге байланысты. Мұны бір үздік стажер балаларға
мәтіні алынып тасталған газет суреттерін талқылауға ұсыну арқылы
көрсетті. Шағын топтар суреттерді басқаларға бермес бұрын суреттер
-
дің нені білдіретінін анықтап, қызықты атау ұсынуға тиіс болды. Содан
кейін суреттер дисплейден ұсынылған тақырыптармен қатар көрсе
-
тілді (Craggs, 1992). Қабылдау өнер адамының ниетіне де байланысты.
Түпнұсқа суреттер көбіне соңғы жұмыс аяқталғанға дейін өзгеретін.
Суреттің кейбір бөліктері жылжытылып,
қателері жасырылып, перс
-
пективалары өзгеруі мүмкін.
Біріккен Корольдіктегі оқу бағдарламасында шығармашылық
-
ты насихаттауға деген қызығушылықтың қайта өріс алуы өнерді
пән ретінде оқытуды дамытуға үлкен стимул болды.
Мектептердің
өнерді толыққанды пән ретінде оқытуға деген ұмтылысы
Excellence
және Enjoyment
сияқты стратегиялық
басылымдарда көрініс тапты
(DfES, 2003). Өнерді оқытуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген мек
-
тептер суретшілер, қолөнершілер және дизайнерлер сияқты мамандар
-
мен тығыз байланыс орнату мүмкіндіктерін қалт жібермейді (OFSTED
2009b, OFSTED, 2011c). Олар жергілікті және ұлттық бастамаларды
бағдарға алып, оң нәтижелерге қол жеткізу үшін пайдаланады. OFSTED
өнерді, қолөнер мен дизайнды үздік оқытуды былай анықтайды:
«Мұғалім білім беруде өз пәніне, шығармашылыққа құштар болады.
Олар визуалды қызықты ресурстарды пайдалануда, сауатты түрде та
-
ныстыруда және материалдар мен жұмыс орындарын шығармашылық
-
пен басқаруда барлық мүмкіндікті пайдаланады» (OFSTED, 2009b: 67).
Кең ауқымды оқу бағдарламасы
334
Бір қарағанда өте күрделі болып көрінгенімен, көп дағдылар ор
-
тақ. Мысалы,
қызықты ресурстарды пайдалану, сабақты дұрыс жос
-
парлау, алғашқы тәжірибені қолдану,
сауатты таныстырылым жасау
және сыни тұрғыдан ойлау (8.3-кесте). Сондай-ақ мұғалімнің талантты
өнер адамы болуы немесе осы пән бойынша ресми түрде арнайы білі
-
мі болуы міндетті емес екенін атап өткен жөн. Оқушылар тұрғысынан
қарасақ, олардың өнерге қызығушылығы, ұмтылысы және өзінің өнер
бойынша білімін, дағдылары мен түсінігін дамытуға қаншалықты да
-
йын екені маңызды.
Үздік мұғалімдер шығармашылық өнердің пәнаралық тұрғыдан
тартымды екенін мойындайды. Қазір көптеген мектеп балалардың
мектептегі тәжірибесін байыту үшін драма,
бейнелеу өнері, музыка,
қозғалыс және биді, сондай-ақ «жаңа» фотография құралдарын, компь
-
ютерлік өнер, кино және теледидарды сенімді түрде қолданатын бол
-
ған. Блумфилд және Чайлдс (2000: 5) шығармашылық түсінікті қалып
-
тастыру мен сезінудегі баланың рөлін сипаттау үшін 8.1-сызбада көр
-
сетілген үлгіні ұсынады.
Өнер баланың жеке және концептуалдық дамуында шешуші рөл
атқарады. Ол балаға идеяларын, сезімдері мен импульстарын жеткізу
-
ге мүмкіндік береді. Өнер сабағы мұғалім әртүрлі бұқаралық ақпарат
құралдарымен, материалдармен жұмыс істей отырып,
оқушылардың
түсінігі мен техникалық дағдыларын дамытуды жоспарлай алғанда
ғана мақсатына жетпек. Алғашқы тәжірибе түс, сызық, пішін, кеңістік,
реңк, құрылым және өрнек элементтерін зерттеуді қамтуы мүмкін.
Оқушылар көк, қызыл және сарының негізгі түстерін қолдана отырып,
түс диаграммасын құру сияқты қарапайым зерттеулер жүргізе алады.
Барнс (2001) өнердегі қарапайым сурет салудан бастап, күрделі сана
-
латын бөтелкеден мүсіндер жасауға дейінгі көптеген бастапқы нүкте
-
лерді атап көрсетеді. Джонстон және басқалар (2002: 188) айтқандай,
егер біз өнерді білім беру тұрғысынан құндылық деп санасақ, онда оны
көбіне атқарылатын іс-әрекетті толықтырушы рөлінен көтеруіміз ке
-
рек. Өнерді білім ретінде меңгерту балалардың қоршаған ортаны өз
шығармашылық әлеуеті арқылы жақсарта алатынына көзін жеткізіп,
өз жұмысынан ләззат алуына көмектеседі (NSEAD, 1987).
Достарыңызбен бөлісу: