Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет370/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Стандарт мәселесі 
XIX ғасырда сыныптық оқыту мен мұғалімдерді даярлау ісі ресми 
түрде жолға қойылғаннан бері, білім берудің барлық деңгейлерінде 
тіл, сауаттылық және коммуникация стандарттары туралы мәселелер 
кезең-кезеңімен көтеріліп отырды. Мысалы, 1920 жылдары жұмыс 
берушілер «ағылшын тілінде анық және дұрыс сөйлей алатын» мек
-
теп түлектерін табу қиын екеніне шағымданса, 1970 жылдары 52 уни
-
11
ТАРАУ


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
444
верситет оқытушысымен жүргізілген сауалнама нәтижелері олардың 
студенттерінің бәрі «белгілі бір дәрежеде сауатсыз екенін» көрсеткен
(DES, 1975: 10). 6-тарауда айтылғандай, стандарт ұғымын анықтау 
сауаттылық пен коммуникация саласындағы құзіреттілікті анықтап, 
өлшеумен байланысты. Тарихқа көз жүгіртсек, негізгі сауаттылық стан
-
дарттарының біршама жоғарылағанын байқаймыз. 1 500 жылға дейін 
ересек ағылшындардың тек 10 пайызы өз есімдерін жазып, қол қоя 
алса, 1900 жылға қарай бұл кез келген қалыңдық пен күйеу жігіт үшін 
қиындық туғызбаған. Содан бері функционалды сауаттылық стандарт
-
тары ұдайы даму үстінде (Mitch, 1992; Brooks, 1997; Tymms and Merrell, 
2007; Oxford Economics, 2010; DBIS, 2012). 
Алайда Біріккен Корольдік халқының едәуір бөлігі әлі де сауат
-
тылық дағдыларының төмен деңгейін көрсетіп отырғаны жасырын 
емес. Әсіресе мектептегі әр оқыту кезеңі бойынша берілген есептерде 
негізгі тіл мен сауаттылық дағдыларын меңгеруде қиналып жүрген 
балалардың тым көп көрсетілгені алаңдаушылық туғызады. Берков
-
тың баяндамасында (2008) 5 жастағы балалардың 7 пайызы (шамамен
40 000) мектепке арнайы түзету жұмысын қажет ететін сөйлеу және/
немесе тілдік қиындықтарымен келетінін мәлімдейді. Қабылдаудың 
соңында балалардың 12 пайызы өз аттарын жаза алмайтыны, ал 19 па
-
йызы дыбыстарды әріптермен байланыстыра алмайтыны анықталды 
(Centre for Social Justice, 2013). Әрбір 11 жастағы бесінші бала, мәселен, 
2011 жылы олардың саны 100 000 оқушыны құраған, өз жасына лайық 
деңгейді көрсете алмайды (OFSTED, 2012). 2003 жылдан бастап күн са
-
йын кітап оқитын 16–65 жастағылардың үлес салмағы 25 немесе одан 
да көп кітабы бар оқырмандардың үлес салмағы секілді төмендеген. 
Кітап оқу жиілігі сауаттылық деңгейімен тығыз байланысты, күнде
-
лікті өмірде кітапты көп оқитындар аса жоғары сауаттылық деңгейін 
көрсетсе, ал ешқашан кітап оқымайтындар ең төменгі деңгейді көр
-
сеткен (DBIS, 2012). Басты мәселе Мемлекеттік оқу бағдарламасында 
көрсетілген 11 жастағы балалардан күтілетін деңгейден төмен көр
-
сеткіш көрсеткен балалар мен ересектердің аз бөлігіне қалай қолдау 
көрсету керек екені болып отыр. 
Балалардың тілдік біліктілігінің төмендеуін түсіндіретін бірде-бір 
фактор жоқ. Жиі айтылып жүрген себептер: теледидар, үйдегі жағдай, 
ата-ана дағдылары және мұғалімдер даярлаудағы кемшіліктер. Бұрын
-
ғы ескі үлгідегі баламен қарым-қатынас жасауға ыңғайлы бесікарбаға 
қарағанда, сөйлесуге қолайсыз, баланы теріс қаратып отырғызатын бе
-
сікарбаларды жаппай қолдану, сондай-ақ отбасы мүшелеріне бір бөлме
-
де шүйіркелесіп отырудың орнына, әркім өз бұрышында қалаған ісімен 
айналысуына мүмкіндік жасаған орталық жылу жүйесін кінәлайтын 
ерекше себептер де кездеседі. (National Literacy Trust, 2005). Техноло
-


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
445
гияға негізделген материалдарды көбіне балалар мен жастар оқиды, 
айталық, олардың үштен екісі апта сайын уеб-сайттарды оқыса, ал жар
-
тысы апта сайын электрондық пошталар мен блогтарды/желілік сайт
-
тарды (мысалы, Bebo, MySpace) оқиды. Алайда Клоус (2004) балалар 
теледидар көру мен компьютер ойындарының салдарынан бір нәрсеге 
ойын шоғырлауда шектеліп қалған деп тұжырымдайды. Әлбетте, бұл 
технологиялар «ден қойып» қарауға емес, «сканерлеп және жылжы
-
тып» қарауға икемдейді. Ал кейбір зерттеушілер балалардың техноло
-
гияларды қаншалықты ұзақ қолданатынына емес, қалай қолданатыны
-
на баса назар аударады (Law 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет