Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет372/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

КӨКЖИЕГІМІЗДІ КЕҢЕЙТЕЙІК
Егер сіз ерте балалық шақтағылармен немесе 1-ші негізгі кезеңмен жұмыс 
істейтін болсаңыз, CSC құралының көшірмесін жүктеп алып, негіздемесін 
оқып, әріптестеріңізбен оны пайдалануға бола ма, болса қалай пайдалану 
керектігін талқылаңыз. Қараңыз: www.gov.uk/government/collections/better-
communication-research-programme 
Стандарттарды көтеру 
Оқушылардың тілдік, сауаттылық және қарым-қатынас деңгейін 
көтеруде мектеп оқыту сапасы арқылы аса күшті ықпал етеді. Бұл дағ
-
дыларды қалыптастыратын тиімді оқыту былай сипатталады: 
„
оқушылардың жоғары белсенділігін қажет ететін күрделі тапсырма
-
лар орындату; 
„
сыныпты икемді ұи�ымдастыру – сабақ мақсатына қараи� жұппен, 
топпен, тұтас сыныппен жұмыс
„
оқушылардың қабілетіне саи� тапсырмалар; 
„
қажетті әрекетті, мысалы, жазылымды, мәтінді сканерлеуді, ресми 
сөи�леуді әдеи�і модельдеу; 
„
жазуға және оқуға деген құштарлығын көрсету
„
оқушылардың мүмкіндіктері мен жауаптарына сәи�кес қарқынмен 
жұмыс істеу; 
„
мұғалім мен оқушы арасындағы күшті интеракция; 
„
мұқият бақылау және конструктивті, уақтылы фидбәк. 


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
448
Сауат ашуды тиімді оқыту бойынша жүргізілген зерттеулер (тиім
-
ділігі оқушылардың оқу жетістіктері бойынша бағаланды) 1-негізгі 
кезеңнің білікті мұғалімдері жарияланған схемаларды тек бұрын ұсы
-
нылған материалдарды бекіту үшін қолданатынын көрсетті (Wrаy
et al.,
2000). Сондай-ақ олар оқытуда контексінен ажыраған сөздерді 
мейлінше аз қолданып, сөздер мен сөйлемдерді тұтас мәтін ішіндегі 
қалпында қолданды. Бақылаушылар уақытты пайдалану мұқият бақы
-
ланғанын, мұғалімдер сабақ уақытында әңгіме жазуды бастау секілді 
қосымша тапсырмаға да уақыт бөлетінін атап өтті. Бастысы аса білікті 
мұғалімдер оқу мен жазуды мұқият модельдеді. Олар сынып тақтала
-
рын, флипчарттарды, плакаттар мен маркер тақталарын, сабақта істе
-
ген жұмыстарын ғана емес, қажетті процестерді көрсету үшін қолданды. 
Сондықтан олар хат жазады, мәтіндерді қарап шығады, өз жазбаларын 
қалдырады және дауыстап оқығанда интонациясын көрсетеді, тақпақ
-
тар айтады, сөздіктен қажетті сөздерді таңдайды, бейресми және ресми 
сөйлеуді модельдейді және мәтінге тыныс белгілерін қояды. Авторлар 
аса білікті мұғалімдер оқушыларды сауаттылыққа үйретуде «оңтайлы» 
жолды таңдайды деген қорытындыға келеді.
Соңғы уақытта үкімет Біріккен Корольдік оқушыларының жазы
-
лым бойынша өткен халықаралық сынақтан төмен нәтиже көрсетуімен 
байланысты стандарттарды көтеруге айтарлықтай күш жұмсап, ин
-
вестиция құйды. Мемлекеттік сауаттылық қорының (National Literacy 
Trust) уеб-сайты сауаттылық стандарттарын көтеруге бағытталған 
«өңірлік» жұмыстардың пайдалы жиынтығын ұсынады. Шотландияда 
Батыс Данбартоншир мен Клакманнанширде өте жақсы нәтиже көрсет
-
кен жергілікті сауат ашу бағдарламалары кеңінен насихатталды. Олар 
оқылымды 6-тарауда талқыланған синтетикалық фоника арқылы оқы
-
туға негізделген. Батыс Данбартонширде мектептегі сауатсыздық жо
-
йылды деп мәлімдеді, ал бастауыш мектептің соңына қарай Клакман
-
наншир оқушылары оқудағы құрдастарынан үш жарым жылға, ал емле 
бойынша екі жылға алға шықты (Scott, 2010). 
Бұл бағдарламалар оқыту бағыттары біршама орталықтандырыл
-
ған білім беру жүйесінде саясиланған Англияда саясатты қалыптастыр
-
ды. Роуздың тәуелсіз шолу түріндегі 
ерте балалық шақтағыларға оқы
-
лымды меңгерту
бойынша жасаған қорытынды есебінде (DCSF, 2006) 
синтетикалық фоника қолдау тауып, үкімет қарым-қатынасты, тілді 
және сауаттылықты дамыту бағдарламасы (CLLD) арқылы мұғалім
-
дерге қолдау көрсетуді жалғастырды. Бұл мұғалімдерге ерте балалық 
шақтағыларға оқуды үйретуде сенімділік беріп, олардың білімі мен дағ
-
дыларын арттырғанымен, мектеп табалдырығын аттайтын балдыр
-
ғандардың сөйлеу және тыңдау дағдыларының төмендетуіне қатысты 
алаңдаушылықты жоя алмады (The Centre for Social Justice, 2013). 


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
449
Оқу бағдарламасы аясында айтылым, тыңдалым, оқылым және 
жазылым арасында тепе-теңдік сақталатынына күмән келтірілді 
(Alexander, 2012). Англиядағы Мемлекеттік оқу бағдарламасын қарас
-
тыруға тағайындалған сарапшылар тобы айтылым мен тыңдалымға 
арналған жеке бөлімдер ағылшын тілін үйрену бағдарламасында (2007 
және 1999 жылдардағы мемлекеттік оқу бағдарламалары туралы құ
-
жаттардағыдай) сақталуы керек және барлық басқа пәндерге енгізі
-
луі керек деген қорытындыға келді. Алайда ағылшын тілін оқытуға 
арналған соңғы бағдарлама үлкен сынға ұшырады. Біріккен Король
-
діктің Сауаттылық қауымдастығы (UKLA) стандарттарды көтеру үшін 
мазмұнның жеткілікті деңгейде күрделі немесе ауқымды емес екенін 
мәлімдейді (www.ukla.org). Оның көрсетуінше, үкімет 1-негізгі кезеңде 
композициялық дағдыларға емес, диктант пен сөйлем құруға баса на
-
зар аударып, сауаттылықты тым тар шеңберде анықтайды. Кішкентай 
балалардың көпшілігі шартты түрде жазуды үйренбесе де, әлденені 
жеткізгісі келгендіктен, мағыналы етіп, ұзақ жазуға тырысады. Емле, 
грамматика және пунктуация дағдылары әңгіме, ақпараттық мәтін мен 
хаттар контексінде тиімді оқытылады. Синтетикалық фоникаға шама
-
дан тыс көңіл бөлу де сынға ұшырап жүр, себебі бұл балалардың өз бе
-
тінше оқуын шектейді. 
Синтетикалық фоника туралы пікірталас ұзақ жылдар бойы жал
-
ғасып келеді. Ақын Майкл Розен Англияда 6 жасында фоникалық сы
-
нақтан өткен балалар сөздердің кодын шешуді үйренгенімен, оқуға 
деген құштарлығы болмайды, сөйтіп «оқи алу, оқи алмау» мәдениетін 
дамытады деп қауіптенетіндер қатарында. Ол әр 5 жастағы балаға жер
-
гілікті кітапхана картасын беруді ұсынады. Көптеген пікір білдірушілер 
фониканы жүйелі түрде оқыту әр мұғалімнің жұмыс жүйесінің бір бөлі
-
гі болуы керек дегенмен келіседі, бұл Англиядағы 
мұғалімдер деңгейіне 
қойылатын талаптарға
сәйкес келеді (DfE, 2013). Оқығанын түсінуді 
дамыту, декодтау дағдыларын үйретумен қатар жүрмеуі керек деуге 
ешқандай себеп жоқ. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, ересектер бала
-
ларға оқыған әңгімесі немесе суретті кітабы бойынша сұрақтар қойып 
қайталау, модельдеу және жауаптар қатарын кеңейту арқылы кері бай
-
ланыс орнататын диалогтық оқу, бірлескен оқудың интерактивтігі тө
-
мен басқа түрлеріне қарағанда тиімді (Kennedy 
et al., 
2012). 
Біріккен Корольдік үкіметінің саясаты сауаттылық стандартта
-
рын арттыруға бағытталған. Жақында Уэльс ассамблеясы Мемлекеттік 
сауат ашу (және санау) бағдарламасы мен ұлттық тестілеу жүйесін ен
-
гізді (Welsh Government, 2013). Онда білім алушылардан (5–14) жыл са
-
йын күтілетін мемлекеттік нәтиже сауаттылықтың үш бағыты бойын
-
ша (мектеп бағдарламасы бойынша ауызша сөйлеу дағдылары, оқу бағ
-
дарламасы бойынша оқылым дағдылары және оқу жоспары бойынша 


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
450
жазылым дағдылары) көрсетілген. Солтүстік Ирландияда мұғалімдер 
барлық оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін оқыту страте
-
гияларын жетілдіруге назар аудару үшін оқушыларды аралық бақылау
-
ға дайындаудан босатылды (Department of Education, 2011). Шотландия 
үкіметінің сауатсыздыққа қарсы күрес жоспары (Scottish Government, 
2010) ерте жастан меңгерту стратегиялары арқылы сауаттылық стан
-
дарттарын арттыруға және біліктілікті арттыру бағдарламаларындағы 
сауат ашу мен тілді дамытуға ерекше назар аударуға бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет