Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет375/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Бейвербал қарым-қатынас 
Бейвербал қарым-қатынас айсбергтің суға батқан бөлігі тәрізді, сөз
-
сіз қарым-қатынасқа түсу дегенге саяды. Оған ым-ишара, көзбен ымдау, 
жақындау, дауыс ырғағы және киім, отырыс-тұрысы, кеңістіктіктегі 
орны сияқты айқын сигналдар жатады. Балалар қарым-қатынас жасау 
үшін, сөздерді қолданбас бұрын ым-ишараны қолданады. Олардың ал
-
ғашқы ым-ишаралары, мысалы, қолын созу, қол шапалақтау және «сау 
бол» деп қол бұлғау 9–12 айлық кезінде басталады. Зерттеушілердің 
айтуынша, 5 апталық балалар сөзге араласа алады екен, бұл олардың 
көз тоқтатып қарауынан, ыңылдауынан және аузын қимылдатуынан 
байқалатын көрінеді (Riley, 2006). Бұл әрекеттер сөйлеудің алғашқы 
жаршысы болып саналады, өйткені олар сөйлеуші мен тыңдаушы үшін 
маңызды қарым-қатынасты қамтамасыз ететін өзара қолдаушы рөлін 
атқарады. Өсе келе нәрестенің басқалармен алғашқы қарым-қатынасы 
жасырынбақ ойнау, лақтырып, қайтарып алу, әртүрлі дыбыстармен, 
текстуралармен, түстермен, кітаптармен жұмыс істеу сияқты басқа да 
нағыз қарым-қатынас әрекеттеріне ұласады. 
Кішкентай балаларға жақындау, жанасу, күлімсіреу, олардың оқуы
-
на айтарлықтай көмектеседі деген шектеулі нәтиже көрсеткен зерттеу 
де бар (Bevan, 1985; Baringer and McCroskey, 2000). Кішкентай балалар 


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
452
үшін ұстап көру – қоршаған әлемді зерттеудің негізгі құралы. Алайда 
есейген сайын балалар үшін ұстап көрудің мәні төмендей береді. Бей
-
вербал хабарламаның ең көп таралған түрі – дене тілі, сондай-ақ зерт
-
теулерге қарағанда, бұл барлық берілетін ақпараттың 50–70 пайызын 
құрайды (Mukherji and O’Dea, 2002). Біреумен кездескен алғашқы 7 се
-
кундта оның бет-әлпеті мен дене тіліне қарап, қалай сезініп отырғанын 
айтуға болады (Kuhnke, 2012). 
Дене тілі екі түрге бөлінеді: кинесикалық (бет әлпеті, ым-ишара 
мен дене-қимылдары) және проксемикалық (жанасу, позиция, қалып 
және қашықтық). Мұғалімдер күн сайын белгілі бір ақпаратты жеткізу 
үшін екеуін үйлестіріп қолданады: жымияды, көзін тоқтатып қарайды, 
қабағын шытады, қасын кереді, қолын созады, саусағымен нұсқайды, 
саусақтарымен тықылдатады, басын, қолын қимылдатады (11.1-сурет
-
ті қараңыз). Тіпті сәбилер де ересектердің бет-әлпетін оқып, ата-анасы
-
ның жүзіндегі қорқыныш сияқты эмоцияларды оқи алады. Көз түйіс
-
тіру – қарым-қатынастың ең күшті құралы. Марландттың көрсетуінше 
(1975: 74): 
Қарым-қатынастағы ең маңызды кілт – көз. Сынып бөлмесін сек
-
торларға бөліп, айтатын сөзіңізді құрылымдық бөліктерге бөліп, қай
-
сысынан кейін қайсысы келетінін анықтап, әрқайсысын әр сектор
-
ға бағыттаңыз... Әр топтан тек бір оқушыға ғана қараңыз, секторға 
қайта оралғанда көзіңізді басқа оқушыға тоқтатып, айтатыныңызды 
соған қарап айтыңыз. Онымен қарым-қатынас жасап тұрғаныңызды 
сезініңіз, көзіне қарап оның бет-әлпетіндегі өзгерісті оқуға тырысы
-
ңыз. 
Ежелгі қытай саудагерлері баға туралы келіссөздер жүргізген кез
-
де, сатып алушылардың көзіне қарайтын болған. Егер сатып алушының 
қарашығы үлкейіп кетсе, бұл оның келісетінін, яғни тым жақсы баға 
ұсынылғанын білдірген, ал оны байқаған саудагер ұсынысын қайта қа
-
растырған. 
Күнделікті өмірде де, сыныпта да шынайы күлімсіреудің күшін 
бағаламауға болмайды. Клиникалық сынақ нәтижелеріне қарағанда, 
жымию ми мен жүректі, ақша немесе темекі шегуден де күшті ынта
-
ландырады (
The Scotsman
, 4 March 2005). Жымию – есінеу сияқты өте 
жұқпалы, егер бір адам жымиса, оған қараған келесі адам да жымияды. 
Уайт және Гарднер (2012) өз зерттеулерінен мынадай бір мысал кел
-
тіреді: үнемі жымиып жүретін стажерлар сабақ өткізгенде оқушылар
-
дың көбірек ойланып, сұрақтарға белсене жауап беретіні, тақырыпты 
талқылауға құлшыныспен кірісетіні байқалды. Сонымен қатар олар ер 
мұғалімдердің әйел мұғалімдерге қарағанда артықшылығы бар екенін 


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
453
мәлімдейді, өйткені оқушылар ерлердің күлімсіреуіне көп көңіл бөлу
-
ге алдын ала бағдарламаланған. Әрине, қай кезде жымию керек екенін 
білген жөн. Мұғалімдерге де орнымен жымиюды білу қажет, кімге көп 
жымиятынын ойлауы керек. Адамдардың бойынан, сөзінен жымиюға 
себеп тауып жымимаған жөн және жоғары жетістікке жеткен оқушы
-
ларға көбірек жымиюдан сақ болған дұрыс. 
Мұғалім оқушыға ұзақ уақыт бойы тесіліп қараудан аулақ болғаны 
жөн (ұсынылатыны – әр 30 секунд сайын 5 секунд қана), өйткені бұл 
оқушының өзін ыңғайсыз сезінуіне себеп болады. Битти (2003) бейвер
-
бал мінез-құлық эмоцияны білдірудің негізгі жолы, яғни қарым-қаты
-
настың қалай қалыптасқанын және өзара түсіністіктің бар-жоғын соған 
қарап байқауға болады дейді. Сонымен қатар мұғалімнің киім киісі мен 
жүріс-тұрысы балалардың санасында ұмытылмас әсер қалдырады. 
Танымдық тұрғыдан алғанда, ым-ишара вербалды хабарламаны 
нақтылау, жоққа шығару немесе алмастыру үшін қызмет етеді. Мә
-
селен, ертегі айту кезінде ол кейіпкердің заттарын немесе болмысын 
кейіптейді. Сондай-ақ ым-ишара әңгіме ауанын реттеп отыру сияқты 
маңызды қызмет те атқарады. Мысалы, сыныпта сөйлеп тұрған оқу
-
шыға мұғалімнің бір рет басын изеуі балаға сөзін жалғастыруды немесе 
айтып жатқанын нақтылай түсуге нұсқайды. Ым-ишараны жиі қолда
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет