Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет377/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Паравербалды қарым-қатынас 
Сыныптағы паравербалды қарым-қатынас бағдар ұстау (мысалы, 
мұғалім мен оқушылардың отыратын орны), өзара әрекеттесу (мысалы, 
мұғалім мен оқушылардың физикалық тұрғыдан немесе көзқарас пен 
қатынас тұрғысынан, сондай-ақ сыныпқа қатысты бір-біріне ықпал ету 
деңгейі), қозғалыс (мысалы, мұғалімнің оқушыларды айналып жүруі не-
месе бір орында тұруы) және тірек (мысалы, мұғалімнің белгілі бір затқа 
не адамға сүйеніп тұруы немесе оған өзі сүйене тұрып тірек қалпын сақ-
тауы) секілді мәселелермен байланысты. Неге екені түсініксіз, жас мұға-
лімдер білікті мұғалімдерге қарағанда, сабақ беру кезінде кинесикалық 
тілге көбірек жүгініп, ым-ишаратты тым көп пайдаланады екен (Castañer 
et al.,
2010). Оған жас мұғалімнің тақырып бойынша білімінің жеткіліксіз-
дігінен туындаған сенімсіздігі себеп болуы да мүмкін. 
Жалпы, адам табиғатынан өз мекенінің шеңберін сызып жүреді, 
оған мысал – бассейнге түсуге барған адамның орындыққа не сүлгісінің 
үстіне бір затын қалдырып кетуі. Мұғалімдер де сынып ішінде жүргенде 
өз аумағын «белгілеп» кетеді екен. Антрополог Эдвард Холл (1966) өзі-
нің классикалық еңбегінде төрт «реакция көпіршігі» бар екенін көрсет-
кен (11.1-сызба). Біріншісі бірін-бірі өте жақсы білетін жақын адамдар-
ға тиесілі 15–46 см аралықты қамтитын интимдік көпіршік. Екіншісі – 
1,2 метрге дейінгі жеке аумақты қамтитын көпіршік, ол бір-бірімен жай-
лы қатынас орната алғандарға тән. Мұғалім мен оқушыға өзара фидбәк 
орнату үшін, мінез-құлыққа немесе жеке мәселелерге байланысты мә-
селелерді талқылауға ұсынылатын қашықтық осы. Үшіншісі – партия-
лар сияқты әлеуметтік контекске қатысты болса, төртіншісі – бейтаныс 
адамдармен кездесуге және қоғамдық шараларға қатысты. Күнделікті 
11.1-СЫЗБА.
Сыныптағы арақашықтық 
Дереккөз: 
Pease and Pease (2004) 
Жақын 
арақашықтық (15–45 см)
Тұлғалық 
арақашықтық (46 см–1,2 м)
Әлеуметтік 
арақашықтық (1,2–3,6 м)


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
456
оқу процесінде мұғалімдер жеке және әлеуметтік аумақты құп көреді. 
Бір қызығы, сол аумаққа кімдер «кіре» алатынын да мұғалімдер анық
-
тайды. Уайт пен Гарднер (2012) мұғалімдер өзі ұнатпайтын оқушылар
-
мен арақашықтық сақтауға бейім екенін айтады. Сондай-ақ олар сөгіс
-
тің алыстан емес, жақыннан (метр аралықта) айтылғаны тиімді бола
-
тынын атап өтеді. Өзіне сенімді мұғалім сынып ішінде еркін қозғалып, 
оқушыларға сыныптың әр жерінен сөйлейді. Бұл сөйлеп жүріп қозғала
-
тын, сөйтіп көңілді бөлетін «қозғалмалы нысан» деген сөз емес. 
Келесі бір деңгейде, жеке адамдар арасында вертикаль арақашық
-
тық сақталады. Білікті мұғалімдер көбіне сыныпта балалармен олар
-
дың көз деңгейіне сәйкес қалыпта сөйлескенді жөн санайды. Балаларға 
ересектермен осы деңгейде араласқан ыңғайлы болғандықтан, қор
-
қынышты көрінбейді. Осы тұрғыдан алғанда, вертикаль қашықтықты 
пайдалану байланыс сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар 
тәртіп сүйетін тәрбиеші бұл ақпаратты айтқанды тыңдамайтын бала
-
ларды психологиялық тұрғыдан бағындыру үшін қолдана алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет