Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары
454
натын мұғалімдер
қолданбайтындарға қарағанда, ақпаратты тиімді
жеткізеді (White and Gardner, 2012). Мысалы, ақпаратқа назар аударту
үшін үстелді алақанмен ұру аса тиімді. Әдетте мұғалім нұсқау бергенде,
әр тармағына тоқталған сайын сұқ саусағын шошайтады. Алайда ым-и
-
шараны орынсыз қолдану жұмысты қиындатып жіберуі мүмкін екенін
де атап өткен жөн.
Мұғалімдер дене тілін қолданғанда абай болуы керек, өйткені ол
әртүрлі мәдениет өкілі болып саналатын балалар үшін әртүрлі мағы
-
на беруі сөзсіз. Ең көп таралған ым-ишараларды алайық:
Сардиния
-
да бас бармақты көрсету аса ұят қорлау болып саналады, Сицилияда
V-белгісі «жеңіс» ретінде қарастырылады, Аргентинада қоштасқандағы
қолды бұлғау «өтінемін, қалшы» дегенді білдірсе, ал «okay» белгісі араб
елдерінде өрескел жыныстық ишарат ретінде қабылданады. Нил мен
Касвелл (1993) тұнжыраған адамның
бет әлпеті сияқты қарапайым
бейвербал белгілерге байланысты туындайтын мәселелерді талқыла
-
ған. Сөгіс алған оқушының жүзіне қарау, жалпы алғанда баланың кі
-
нәсін мойындату болса да, батыс мұғалімдері осы әдісті жөн санайды
(Neill and Caswell, 1993). Адамның басқалармен сөйлескенде қалай тұ
-
ратыны, көзбен байланыс орнатуы, екі адам арасындағы салыстырма
-
лы қашықтық және жанасуды пайдалану – мұның бәрінің мәдени мәні
бар. Кейбір балалар мәдени шығу тегіне сай ұяң әрі тұйық болып кө
-
рінуі мүмкін. Сондай-ақ қара нәсілді америкалықтардың арасында оқу
-
шының мұғаліммен көзін түйістіруі дөрекілік деп саналады. Өкінішке
қарай, британ мектептерінде балалар
арасындағы бейвербал қарым-
қатынастағы мәдени айырмашылықтар бойынша жүргізілген зерттеу
-
лер аз. Десек те 2006 жылы бастауыш мектеп басшысы мұсылмандар
-
ға білім беру жөніндегі ассистент қызды бетін бүркемелеп, ашпағаны
үшін қызметінен босатқан. Кейін жария болған осы іс киім мен дене
тіліне байланысты мәдени қысымның болуы ықтимал екенін көрсетті.
(Hilborne and Paton, 2006).
Мұғалімдер басқа адамдардың
бейвербал қарым-қатынасын, со
-
ның ішінде әріптестері мен оқушыларының әрекеттерін дұрыс қабыл
-
дауы керек. Мұғалім оқушылардың бет әлпетіне қарап, іс-әрекетті қай
уақытта баяулатып, қай уақытта жылдамдықты қосу керек екенін не
-
месе қай кезде бағдарды өзгерту керегін анықтай алады. Балалар мұға
-
лім бойындағы өзінің назарын аударған мінез-құлқын тез қағып алады.
Мысалы, ол мұғалімнің сабақ басталғанша үстел шетіне отыруы, құла
-
ғын шұқуы немесе сөз соңында үнемі бір фразаларды қайталауы болуы
мүмкін.
Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары
455
Достарыңызбен бөлісу: