Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет480/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

дәлелге негізделген тәжірибе
принциптеріне 
жарқын дәлелге негізделген шешімдер шығару қажеттігі, оқытуға 
үнемі дәлел негізінде шолу жүргізудің маңыздылығы және нәтижелі 
тәжірибенің түбіне үңілу жұмыстары жатады. Петти (2006: 4) оқыту
-
дың ең тиімді әдісін анықтау үшін белгілі бір деңгейде халықаралық 
зерттеулерге сүйенгенімен, академиялық зертеу жұмыстары «сіздің 
сынып үшін төрелік ете алмайды» деп түйіндейді. Бұл қазір ең кең та
-
ралған түсінікке айналды. Мұғалімдер телеарнасы (
Times Educational 
Supplement 
журналының сайтында 3 500 бағдарлама бар) мен басқа 
онлайн видеомысалдар стажерлар мен тәжірибелі мұғалімдерге тиім
-
ді сабақ үлгісін көруге көмектесті.
Дегенмен дәлелге негізделген тәжірибені мінсіз деп айта алмай
-
мыз. Тыңғылықты жүргізілген 
зерттеулер
мұғалімдердің жұмысына 
негіз бола алады, ал оқыту нақты дәлелдерге
негізделуі 
керек деген 
қиын мәселе. Оқытуды тек дәлелдермен ғана жүргізу, сосын мұғалім
-


Үздіксіз оқу 
566
дердің өз тәжірибелеріне өзгеріс енгізуін сұрау қисынсыз және мүмкін 
емес. Біліктілікті арттыру курстарына үздіксіз қатысқан тәжірибелі 
мұғалімдермен болған талқылаулар, тіпті орынды ұсынылған «жаңа» 
идеялардың өзі түрлі жағдайларға байланысты мектеп тәжірибесіне 
енбей қалып жататынын көрсетеді. Ресурстар мен жүзеге асыру жос
-
парлары, ата-ананың үміті немесе ұжым мәселелері мұнда ескерілуі 
мүмкін. Сонымен қатар оқыту – күрделі кәсіп, онда шешімдер құнды
-
лықтар мен идеялар, сондай-ақ ойындардағы төрелік сияқты «факті
-
лерге» сүйене отырып қабылданады. Уеллингтон (2006: 99) айтқандай, 
«күнделікті оқыту үрдісі мен тәсіліне әсер ететін біршама басты фак
-
торлар бар және ол әрқашан білім беру критерийіне сай келе бермейді, 
мысалы, кейбір жағдайларда қауіпсіздік пен сынып тәртібі басты фак
-
тор болып кетіп жатады». 
Негізінен, MMR вакцинасы мен аутизм, смартфон мен гендік мо
-
дификацияланған тағамдардың денсаулыққа төндіретін қаупі жайлы 
келіспеушіліктер мен талқылаулар зерттеудің, тіпті медицина мен 
ғылым саласында да жиі қарсылыққа ұшырайтынын көрсетеді. Ака
-
демик, дәрігер Бен Голдакр медианың қоғамға ғылымды қалай бұр
-
малап жеткізіп жатқаны туралы жазады. Ол депрессияға толы күн, ке
-
ремет қуырылған жұмыртқа немесе балмұздақ жеуге таптырмас күн 
деген сияқты жалаң тұжырымдарды ғалымдар айтты деп, ғылымның 
атын жамылған ақылға қонымсыз әңгімелерге тоқталады (Goldacre, 
2009). Голдакр мұғалімдердің коммерциялық мүдделерге алданып 
қалып жататыны мен олардың дәрменсіздігіне алаңдайды. Ол мұға
-
лімдер сабақта қай стратегияның үздік екенін білуі үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет