Дәлелге негізделген тәжірибе
Зерттеуге негізделген мұғалім кәсібінің мүмкіндіктері көптен бері
талқыланып келеді және оны Хаммерсли жақсы көрсеткен (2007). Оқы
-
ту жұмыстарында тәжірибені көтеру үшін зерттеу әлеуетін пайдалану
медицина секілді салалардан ұзақ жылдар бойы артта қалып келеді.
Давид Харгрейвз (1996) Мұғалімдерді даярлау агенттігінде сөйлеген
сөзінде, науқасты өздерінің жеке, кәсіби тәжірибесін үздік ғылыми
зерттеу жұмыстарымен ұштастыра отырып емдейтін медицина маман
-
дарының жұмысы мұғалімдерге үлгі бола алады, мұғалімдер осы тәжі
-
рибені сақтау керек деп маңызды мәселені көтерді. Харгрейвздің (1996:
12) пікірінше: «сараптама деп сәйкес тәжірибе мен білімді меңгеруді
ғана айтпайды, ол қандай да бір шешімді қабылдап, іске асырарда оны
ғылыми негіздеп, нақты
дәлелдермен
көрсетіп береді». Петтиге сүйен
-
сек: (2006: 3) «бізде студенттеріміздің оқу жағдайын жақсартатын стра
-
тегиялар жетерлік, бірақ мәселе «стратегияның орындалуында» емес,
«стратегиялардың
қайсысы
тиімді болады?» деген сұрақта болып тұр».
1997 жылы Тони Блэр Еңбек партиясына сайланғалы бері дәлел
-
ге сүйенген тәжірибеге көп көңіл аударылды. Тони Блэрдің «маңызды
нәрсеге мән беріледі» деген идеологиясын ұстана отырып, саясаттан
алшақтату міндеті тұрды (Bochel and Duncan, 2007: 90).
Білім берудегі
Достарыңызбен бөлісу: |