Дипломдық жоба 5В070800 Мұнай-газ ісі Алматы 2021


Айдау жүйесін тиімді жобалау



Pdf көрінісі
бет38/43
Дата19.03.2022
өлшемі3,37 Mb.
#136346
түріДиплом
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
2021 БАК Әбдуәли Құндыз, Бораншиева Нұрсәуле Нұрболатқызы, Еркінқызы Құралай, Қайдар Айгерім Манатқызы

 
2.1 Айдау жүйесін тиімді жобалау 
 
Cу айдауды жобалаудағы 5 қадам: 
1.
Коллекторды және алғашқы өндірістік көрсеткіштерді бағалау,сипаттау; 
2.
Су айдаудың потенциалды жобасын таңдау; 
3.
Айдау және өндіру шығындарын бағалау; 
4.
Әр су айдау жоспары үшін жобаның күтілетін мерзімі ішінде мұнай 
өндіруді болжау; 
5.
Техникалық талдауда белгісіздік тудыруы мүмкін параметрлерді анықтау. 
 
Су айдауды жобалаудағы қабат сипаттамасының мақсаты, қабаттың 
ауданын және вертикалды ұзындығын анықтау, тау жыныстары қасиеттерінің 
өзгеруін сандық түрде сипаттау (өткізгіштігі мен кеуектілігі), мұнайды 
өндірудің алғашқы тәсілін және сол тәсілді пайдалану кезінде қалған қалдық 
мұнайды бағалау, қабатта мұнайдың таралуын бағалау, су айдаудың 


өнімділігін болжау үшін қажет сұйықтық қасиеттерін анықтау, қабаттың 
сипаттамасын анықтау кезінде алынған мәліметтер мен интерпретациялар су 
айдауды жобалауға көптеген мәліметтерді береді. 
Қабаттың сипаттамасы, су айдауды жобалау қабаттың нақты геологиялық 
моделіне негізделген, қабаттың сипаттамасы - қабат бойынша сұйықтың және 
тау жынысы қасиеттерінің таралуын, қабаттың қанығу коэффициенттерін
қабатта коллекторлық қасиеті жоқ тау жыныстарының таралуын сипаттайтын 
тұжырымдамалық үлгі. Қабаттың сипаттамасы шектеулі ақпараттан құралған, 
ақпараттың көп бөлігі ұңғымаларды бұрғылау және аяқтау кезінде алынады. 
Екінші ақпарат көзі бастапқы сарқылу кезінде жиналады. Қабаттың 
сипаттамасын жасау геолог пен инженерлердің тығыз байланысын талап етеді. 
Қабат симуляторларында қолданылатын физикалық қасиеттер геологиялық 
интерпретацияларға сәйкес келуі керек.
Геологиялық зерттеулерден қабаттың сипаттамасын жасау процесі екі 
негізгі міндеттерді қамтиды: 
1)
Коллекторлы және коллекторлы емес тау жыныстары анықталып, картаға 
түсуі керек. 
2)
Тау жыныстарының қасиеттері бағаланып, өткізгіштік, кеуектілік және 
қанықтылық салыстырылуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет