А, В, С.
А
тобының талшықтарының диаметрі 22 мк, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы
секундына 120 м.
В
тобының талшықтарының диаметрі 3 мк-ға дейін, миелин қабығы болады, қозудың жүру
жылдамдығы секундына 5 м.
С
тобының талшықтарының диаметрі 1 мк-ға дейін, миелин қабығы болмайды, қозудың жүру
жылдамдығы секундына 2 м.
Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын жүйке
талшықтары жуандап орталық жүйке жүйесінде де және шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу
жылдамдығы артады.
Жүйке талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып жүйкелерге
айналады. Бір жүйкенің құрамында қозуды орталыққа жеткізетін (афференттік) және қозуды орталықтан
жұмысшы мүшеге әкелетін (эфференттік) талшықтар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |