Байланысты: Лекциялы саба тар 1-та ырып. Адам организміні суі мен дамуыны
Тұздардың организмдегі маңызы мен мөлшері, жас ерекшеліктері . Организмнің қалыпты
тіршілігі үшін тұздардың да маңызы үлкен. Организмдегі тұздардың проценттік қатынасына
байланысты макро және микро элементтер деп екі топқа бөледі.
Макро және микроэлементтердің рөлі әртүрлі. Мысалы, кальций және фосфор сүйектің, ал фосфор
мен күкірт мидағы белоктың құрамына кіреді. Натрий мен калий жүйке жүйесінің қозғыштық қабілетіне
әсер етеді.
Микроэлементтер: йод – қалқанша безінің, темір – гемоглобиннің, фтор тіс ұлпасының, цинк –
жыныс бездерінің құрамында, хром, марганец, бром – гипофизде, мыс - бауырда болады.
1 жасқа дейінгі балалар үшін кальций көп мөлшерде қажет. Кальций мен фосфор тұздарының ара
қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1, 8-10 жаста 1:1,5, жасөспірімдер мен жоғары сынып
оқушыларында 1:2. Мұндай арақатынаста қаңқа дұрыс өсіп жетіледі. Кальций мен фосфордың ара
қатынасы сүттің құрамында өте жақсы теңестірілген, сондықтан балалардың тамақ мәзіріне сүтті
міндетті түрде енгізу қажет.
Нәрестенің дене массасының 2,55%, ал ересек адамның 5% тұздар.