1 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


 Көркем әдебиеттің бала тілін дамытуда алатын орны



Pdf көрінісі
бет34/51
Дата29.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#137181
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51
Байланысты:
Развитие речи

2. Көркем әдебиеттің бала тілін дамытуда алатын орны.
Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзекті алатын жері-ол 
ата-бабадан қалған асыл мұра. Біз яғни болашақ ұрпақ тәрбиесінің 
айналысатын тәрбиешілер халқымыздың таусылмас бай асыл мұрасына 
жүгінсек, ұрпағымыз біздің балабақшамыздағы жүргізіліп жатқан жұмыс 
бағыты балаларымызды ата-бабадан қалған салт-дәстүрге, адамгершілікке 
баули отырып, жаңа дәуір технологиясын табысты игеру. Алға қойған 
мақсатымыз ойдағыдай жүзеге асу үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді 
толық меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады. Ана тілін 
қастерлеген адам өз халқының тарихын, тұрмыс жағдайын, тыныс-тіршілігін 
жақсы біледі. Тіл білген адам-мәдени, рухани жан азығы мол адам. Адамның 
ойы оның тілінен көрінеді, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын 
құрал. Сондықтан балабақшадан бастап өз ана тілімізде сөйлеп, өз 
халқымыздың қадір-қасиетін, рухани құндылығымызды біліп өссек, болашақ 
ұрпақта өз тілін қадір тұтады. Тіпті өмірде болып жатқан жаңалықта, басқа 
да өзгерістер біздің сана сезімізге өз деңгейінде келіп жетіп жалғасын 
табады.
Тіл-ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана 
сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының, атын атай білуге қасиеті 
мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі қоршаған 
ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, 
белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Балалардың 
сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның 
ішінде ойын баланың шын тіршілігі. Ойын балалар үшін айналаны танып, 
білу тәсілі. Келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан 
басталады. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай 
сюжетті-рольді, дидактикалық құрлыс ойындары, қимылдық ойындар, 
ұлттық ойындар болып бөлінеді. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен 
өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. 
Сөз - тілдің негізі. Көркем мэтіндегі сөздер тілдің бейнелік кұралдары 
болып табылады, кылыштай кесіп түсетін өткірде дәл, сезімге әсер етіп, 
сөйлеуде жандандыратын, ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын, 
балалардың сөздік қорын жетілдіре түсу қызметін атқаратын болғандықтан, 
сабақтың барысында баланың жүрегін толқытып, бойын балқытып, киялын 
шарықтатындай жағдай туғызуы керек. Мектепке дейінгі багдарламада бала 
тілін дамыту жұмысына баса көңіл бөлінген. Бұл жай құбылыс емес керсінше 
балаланың техникалық қасиеттерінің дамып жетілуіне әсер ететін процесс. 
Сондықтан мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы, бұл тәрбие 
жұмысының ұйытқысы Балалардың сөйлеу белсенділігін арттырып, ой-өрісін 
кеңейтіп, бағдарлай білуге үйретіп, қатынас құралы ретінде көркем 


115 
шығармаларды пайдаланудың маңызы аса зор. Көркем шығармаларды оқып 
отырып баланың ойлау қабілеті, тілдік қоры дамып еңбексүйгіштікке, 
бауырмалдылыққа тэрбиеленеді.
Тіл мәдениетінің дамуына жұмыстарын қазақ халқының ғасырлар бойы 
жинаған ауыз әдебиеті негізінде ұйымдастыру тиімді тәсілі. Өйткені, 
ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы-ғажайып 
ертегілер мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, өнер көзі. Тіл 
мәдениетіне тәрбиелеуде жұмбақтар үлкен роль атқарады. Жұмбақтар 
баланы байқағыштыққа баулып ой қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. 
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, 
сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін 
күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік 
қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. 
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі - 
тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен 
сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен 
таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін 
ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы 
ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас 
жасай білуге үйретеміз. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде 
тәрбиешінің: 
- балалардың сөздік қорларын дамыту; 
- жаңа сөздерді меңгерту; 
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет 
саналады. 
Ойыншықтар, 
жануарлар, 
тағамдар, 
тұрмыстық 
заттар 
туралы 
жұмбақтарды жасырып отырса балалардың сөздік қорын молайтады. 
Баланың тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны сөздің жалпы ұғым 
беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту өз ойын 
еркін жеткізуін қоршаған ортамен айналасындағы адамдармен еркін қарым-
қатынасқа түсу сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Балабақшадағы тәрбиелеу 
мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. 
Қазақ халқының салт дәстүрі әдебиеті келер ұрпаққа берер тәрбиесі көп. 
Соның ішінде көркем әдебиеттің маңызы ерекше. Балалар ертегі тыңдап бір-
біріне жұмбақ жасырғанда жаңылтпаш айтқанда тыңдағанды ұнатады. 
Балаларды табиғатпен таныстыру барысында ақыл-ой тәрбиесі негізін 
салудың, оны дамытудың бір тәсілі немесе құралы ретінде көркем әдебиетті 
қолданамыз. Көркем әдебиет бірнеше жанрға бөлінеді. Солардың бірі- 
жұмбақтар. Жұмбақтарды бала-бақшада пайдалана отырып, түрлі ойындар 
өткізу балалардың ақыл-ой еңбегін ерекше қажет етеді. Жұмбақ табиғат 
заттарының немесе құбылыстарының, тек өздеріне тән ерекшеліктерін, 
қайталанбас қырларын астарлы түрде береді. Жұмбақты сабақ барысында 
кіріспе негізгі, қортынды бөлімдерде қолдануға болады. Табиғи 


116 
материалдармен ойын бөлімінде де жұмбақты пайдалануға болады. Серуенде 
баланың жұмбақтың сан алуан түрін шешуіне мүмкіндігі бар. 
Баланың ойының ұшқыр қиялының өткір зерек болып тілінің бай, 
ертегілердің тигізер әсері мол. Ертегілерді әр түрлі суреттер арқылы 
түсіндіріп аламын, кейіпкерлерге қысқаша мінездеме беремін. Мектепке 
дейінгі балаларды өз ана тілінде сөйлеуге үйрету, тәрбиемен білім беру 
жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу түрін дамытуда сөз 
құрастырып сөйлеуіне создік қорының молайуына аса көңіл бөлген жөн. 
Сәбилердің дүние танымын кеңейтіп ойын өрісін тіл байлығын жетілдіруде 
көркем әдебиетінің алатын орны ерекше.
Көркем әдебиет адамның тілімен берілетіндіктен, өнердің барлық түрінің 
әсерін тудыра алады. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп 
білмесе, адамдықтың орны болмайды» деп Абай айтқандай, көркем әдебиет 
бізді адам өмірі, әлемнің сырлары, табиғат келбеті туралы көрінетін және 
көрінбейтін ұғымдармен сусындата алады, ішкі сезімді аңғарып, сезінуге 
үйретеді. Сонымен бірге көркем әдебиетте автордың өз көңіл – күй қалауы, 
өзіндік көзқарасы тұрғысынан жеткізетінін есте ұстаймыз. 
Көркем әдебиеттің әр түрін жақсы танып – білген адамның көркем 
шығарманы дұрыс түсінуге дайындығы болады. Бізге көркем әдебиеттің 
өлең, дастан, роман повесть сияқты түрлері ерте кезден белгілі. Жанрдың 
еркшеліктерін аңғара отырып, шығарманы көркемөнер түрі ретінде 
қабылдауға үйренеміз, олардың авторлары туралы түсінік аламыз. 
Сондай – ақ әдебиеттің үлкен бір түрі – ауыз әдебиетінің үлгілерімен де 
танысамыз. Сөйтіп әдебиеттің әр түрін біліп көркем әдебиет туралы тұтас 
ұғым аламыз. Көркем әдебиет үлгілерін оқу арқылы біз ішкі рухани 
дүниемізді байыта түсеміз, білімнің адамгершілік қасиеттердің жаңа 
биіктеріне шығамыз. Дұрыс оқып, сауатты жазуға одан әрі жаттығамыз.
Мектеп жасына дейінгі баланың дүние танымын,ой өрісін кеңейтіп, сөздік 
қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу есінде 
көркем әдебиеттің алатын орыны ерекше. Әрине, мектеп жасына дейінгі 
сәбилер әдеби шығармаларды тәрбиешінің мәнерлеп оқып шығармаларды 
тәрбиешінің мәнерлеп оқып шығармаларды тәрбиешінің мәнерлеп оқып 
беруі бойынша ғана сөз сырын айнасына ұялатады. Ертегі, шағын әңгіме, 
өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркемсөз 
жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде, зор көмекші екені белгілі. 
Балабақшада тәрбиеленбеген,әлі мектеп жасына жетпеген ауылдық 
жерлердің сәбилері кішкентай күнінен өз ата-әжелерімен, ата-аналарынан 
естіген көркем әдебиет нұсқаларынан нәр алып өседі. Мұндай шығармаларды 
сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады. 
Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. 
Қысқа ертегі , өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі 
жетіледі әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінінеді, жаманынан жиренеді, 
бойын қорқыныш билейді сәбилерде жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде 
түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіледі. Ал тілінің дамуы-баланың 


117 
бойында қабылдай, ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте 
қалыптасуына 
негіз 
болады. 
Көркем 
шығарманы 
оқығанда 
шығарманыңмазмұнына суреттерді пайдаланған жоқ. Өйткені бұл жастағы 
балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнының сурет 
арқылы жылдам түсінеді. Бала кейде кітаптың бетін ашып отырып, суреттің 
астына жазылған өлең жолдарын дәл тауып өз бетімен оқып отырғандай 
әңгімелеп береді. Сондықтан тәрбиеші қажетті шығарманы оқудан бұрын, 
суретті көрсету арқылы әңгімелеседі. Сонынан шығарманы оқып береді. 
Ересек балаларға шығармаға байланысты қажетті суретті шығарма оқылған 
соң берген дұрыс. Өйткені шығарманы оқудан бұрын сурет көрсетілсе, 
балалардың бір ынтасы сол суретке ауады да, тәрбиеші оқығанда зейін 
қоймайтын болады.
Баланы мектепке даярлау мәселесінде әдеби шығармалармен таныстыру 
ерекше орынға ие екенін ескерту қажет. Бағдарламаға сай мұндай жұмыс 
баланың жеке ерекшеліктеріне қарай, сабақ мақсатына сәйкес берілетін білім 
– дағдылар бір-бірімен байланыстырыла өтіледі. Осылай оқыта отырып 
тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту принципі сәбилер тобынан бастап 
баланы өзіне қойылған сұрақты түсінікті, оған дұрыс, толық жауап беруге, 
өзі басқа, сұрақ қойып, жауап алуға, үйрету міндеті іске асады.
Осы білім дағдыларын меңгерте отырып тәрбиеші баланы, айналасындағы 
адамдармен амандасу әдепті сөйлесу алғыс айту, жылы шырайлылық білдіру 
сияқты мінез-құлық әдептеріне үйренеді. Мысалы: сәбилер тобында Ә. 
Дүйсенбаевтің «Не деу керек?» деген өлеңінен үзінді оқығанда тәрбиеші 
мына мақсаттарды көздейді өлең түріндегі шығарманы тыңдай білуге, жатқа 
айтуға үйрету «рахмет, кешіріңіз, тағы басқа ізгілікті аңғартатын сөздерді 
күнделікті қолдана білуге баулу» т.б. Ал Қ.Мырзалиевтің «Ойыншықтар» 
өлеңін ересек балалар тобында оқығанда тыңдай білуге үйрету, өлеңде 
аталған ойыншық жануарлар туралы сұрақтар қойып, олар туралы білімдерін 
жетілдіру қажет. Әдеби шығармаларда оқу, тіл дамыту жұмыстарындағы 
басты әдістердің бірі-сөздік жұмысын жүргізу. Осы мақсаттарға орай әдеби 
шығармаларды оқу, алған білімдерін тиянақтау жалпы сөздік қорларын 
молайта отырып, мағнасы ұқсас, мағынасы қарама- қарсы сөздерді меңгерту, 
көрген – білгендері жөнінде алғашқы ұғымдарын қалыптастыру міндеті 
қойылады. 
Баланың тілін дамытудың негізгі көркем шығарманың мәтіні екеніне 
ерекше тоқталып өтетін болсақ, 3-4 жасқа дейінгі балалардың суретті 
кітаптарды қызыға қарайтыны мәлім. Сондықтан оларға суретті айқын 
кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы 
сәбилерге оқиғасы қызық, қорқыныш сезім тудырмайтын, халық ауыз 
әдебиеті нұсқауларын жатқа айтып беріп, ойната тыңдату тиімді. Мысалы 
«Бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық», 
шығармаларын ұсынуға сондай - ақ «Бауырсақ» ертегісін қуыршақ театры 
арқылы өткізуге болады. Ол үшін алдын ала дайындық кезегінде рольдерді 


118 
бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын келтіріп, еркін ойнауға 
машықтандыру керек.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер 
бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. 
Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық 
ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын үстінде баланың ертеңгі 
өмірге деген қабілеті байқалады.Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін 
сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Әрбір ойынның бала 
үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Тиімді 
қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың 
зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі 
сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. 
Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі 
сапалы орындайтын болады. 
Рольдерге болініп ойнау арқылы бұл ертегі балалардың есінде жатталып 
қалады. Ендеше ұмыт қалып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта 
жанжандыруға, қазағымыздың иманды да инабатты сыпайы алғыр батыл, 
зерек ұлы мен қызын тәрбиелеуде өз үлесімізді қосайық. Өйткені қазақтың 
халық ауыз әдебиетімен сусындаған. 
Мектепке дейінгі балаларды өз ана тілінде сөйлеуге үйретуде,тәрбие мен 
білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу тілін дамытуға, сөз 
құрастырып сөйлеуіне,сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. 
Сәбилердің дүние танымын кеңейтіп, ойын өрістетіп тіл байлығын 
жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада тіл дамыту 
жұмыстарын айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен 
таныстыру арқылы жүзеге асыруға болады. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып 
тыңдауға, жаттауға арналған материал оның даму денгейіне, жас шамасына 
лайықты болған жөн. Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға 
түсінікті, олардың сөз қорын жаңа сөздермен байыта алатындай болуы 
керек.
Баланың тілін дамытудың негізі-көркем шығарманың мәтіні екеніне ерекше 
тоқталып өтетін болсақ, 3-4 жасқа дейінгі балалардың суретті кітаптарды 
қызыға қарайтыны мәлім. Сондықтан оларға суреті айқын кітапшаларды 
көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы 
сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын халық ауыз әдебиеті 
нұсқауларын жатқа айтып беріп,ойната тыңдату тиімді. Мысалы: «Бауырсақ» 
ертегісін қуыршақ театры арқылы өткізуге болады. Ол үшін алдын ала 
дайындық кезінде рөлдерді бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын келтіріп 
еркін ойнауға машықтандыру керек. Рөлдерге бөлініп ойнау арқылы бұл 
ертегі балалардың есінде жатталып қалады. Көркем әдебиет арқылы бала 
тілін дамытуда тек қана ертегі, өлкең, әңгімемен шектелмей жұмбақ, 
жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтел түрлерін де сабақ жоспарларына енгізген 
жөн. Мысалы: тілі шыға бастаған жас бөбекпен, тілі шыққан 
балдырғандардың көбінесе «Р» дыбысы мен «И» дыбысын «Ш-С» 


119 
дыбыстарын шатастыру жиі байқалады. Көбінесе сол «Р» дыбысы мен «И» 
дыбысын дұрыс үйретуде жаңылтпашты қолданудың нәтижесін көріп 
жүрміз. Жаңылтпаш жаттығулар арқылы «Р» дыбысына тілі келіп сөзді 
мүдірмей айтуға үйренген баланың қуанышы қойнына сыймай, өмірдің 
өткелінен өткендей әсер алады. Балабақшада тағы бір жүргізілетін жұмыстың 
түрі-санамақтар. Санамақтарды халық негізінен балаға сан үйрету 
мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі сан үйретеді, әрі дүние танытады, 
баланың қысынды ойлау мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Ал 
Жұмбақ баланың ойлау қабілетін дамытады,тапқырлыққа баулу мақсатында 
қолданылады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануардың, 
киім-кешек, т.б. аттарын есте сақтау қабілетін күшейтеді. Дүниетанымын 
кеңейтіп, ойын ұштайды, тапқырлыққа баулиды. Жұмбақтардың жауабын 
табу арқылы бала ойы бірте-бірте толыға береді. Бала тілін дамытуда мақал-
мәтелдердің де алатын орны ерекше. Балаға айтатын ақыл-насихат, 
өнеге, өсиет әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болуы керек. Қазақтың мақал-
мәтелдерінің 
көбі 
елдікті, 
ынтымақты, бірлікті, 
адамгершілікті, 
инабаттылыққа баулып жақсы мен жаманды ерлік пен ездікті салыстыра сөз 
етіп, адам өмірінде неден үйрену, неден жирену керектігін аңғартады. Бала 
тілін дамытуға көркем әдебиет түрлерін орынды пайдалана білген әрбір 
тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп, ұғымын 
байытады.
Балалардың ой-өрісін дамытып, оларды әдеби тілде сөйлеу деңгейіне 
жеткізу, сөздік қорларын байыту сияқты басты мақсатқа жету үшін алға 
мынадай талаптар қойған жөн: 
- баланың әр сөзіне толыққанды жауап беріп, жіберген қателерін қайтып 
қайталамайтындай етіп түзетіп отыру;
- екеу-ара диалог түрінде сөйлесіп, монолог құрап үйрету;
- баланың өз бетімен сөйлемдер құрастыра алатындай шығармашылық 
қабілетін дамыту. Дәлірек айтқанда өз бетінше ертегі, әңгіме, өтірік өлең 
құрастыруын қолдау; 
- баланың өз ойларын толық және түсінікті етіп жеткізе білуіне көмектесу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет