4. Көркем әдебиет арқылы бала тілін дамытудың ерекшеліктері.
Мектепке дейінгі білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған
сәйкес балаға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгертумен
бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан
алуан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді
пайдаланудың маңызы ерекше.
Балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз
етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасы әзірленіп,
2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты
жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды іске асыруда.
Балабақшада білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды
мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады. Бала мектепке қаншалықты
сапалы және уақтылы дайындалса, соғұрлым оның кешелекте білім алуы
нәтижелі болады. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне үлкен жаңалық және
салмақты жауапкершілік әкелді. Онда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
(ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес атауы-бастауышқа дейінгі білім беру)
баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның
толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің
бастапқы деңгейін» құру талабы алдымызда тұр. Осы тұжырымдамаға сәйкес
мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:
- мектепке дейінгі білім беру;
- сауықтыру;
- түзету.
Ал атқарылатын міндеттері:
– бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды
қамтамасыз ету;
– мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының
үйлесімділігін қамтамасыз ету;
– баланың балабақшада оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді
тәрбиелеу болып табылады.
Осы орайда, мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын жаңартуда ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктерін жүзеге
асырар саяси-әлеуметтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, алға қойған
міндеттерді жүзеге асыру, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру
мазмұнын түбегейлі жақсарту мақсатында Б.Баймұратқызы мен
М.Сәтімбекованың басшылығымен қазақ балабақшаларына арналған ұлттық
126
төл «Балбөбек» бағдарламасы дайындалған және осы жүйеде тәлім-тәрбие
жұмыстары жүргізілуде.
Бағдарлама ең алдымен баланың дене және эмоционалдық саулығын
нығайту, дара ерекшелігін дамыту, өз бетімен білім алудың жолдарын игеру
үшін жағдай туғызуға бағытталған. «Балбөбек» бағдарламасында
балалардың жас ерекшелігіне орай көркем шығармалар шамамен іріктеліп,
ұсынылды. Балалардың жасына лайықты көркем шығармаларды оқып беру,
оқылған шығарма мазмұнын әңгімелетіп айтқызу, мақал – мәтел оқу, жұмбақ
жасыру жүйелері қарастырылған.
Тәрбиеші тіл дамыту, сөйлеуге үйрету, сауат ашу сабақтары кезінде бұл
шығармаларды балаларға оқып, әңгімелеп мазмұнын өздеріне айтқызады.
Жаттауға ұсынылған шығармаларды түсіндіріп, жаттау арқылы қабылдау,
есте сақтау қабілетін дамытады. Көркем шығармалармен таныстыру арнайы
сабақтармен қоса тіл дамытуға берілген білімдермен іске асырылады, ал,
жұмбақ шешу мақал-мәтел, жаңылтпаш оқу жұмыстары әр сабақтың мазмұн,
мақсатына қарай таңдап алынып сабақ жоспарларында көрсетіледі. Түрлі
заттармен іс-әрекетке байланысты тәрбиеші балаларға өздігінен жұмбақ
құратып айтқызады. Әдеби шығармалармен таныстыра отырып, тәрбиеші
балаларды шығарма жанрларын ажырата білуге үйретеді. Олардың тілін
ширатып көркем сөз өнерін сүйе білуге баулып, адамгершілікке тәрбиелейді.
Ұлттық негізде жасалған «Балбөбек» бағдарламасы бұл күнде қазақ, орыс
тілінде жұмыс істейтін балабақша тәжірибесіне енгізіліп, тәрбиешілер
ұстанатын мемлекеттік құрал мүддесін өтеуде. Бағдарлама негізінде оқу-
әдістемелік құралдар кешені жарық көрді. Тәрбиеші тіл дамыту, сөйлеуге
үйрету, сауат ашу сабақтары кезінде шығармаларды балаларға оқып,
әңгімелеп
мазмұнын
өздеріне
айтқызады.
Жаттауға
ұсынылған
шығармаларды түсіндіріп, жаттау арқылы қабылдау, есте сақтау қабілетін
дамытады.
Көркем шығармаларды оқу барысында балаларды ауызша сөйлеуге
үйрету, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға, тілдің фонетикалық және
грамматикалық ерекшеліктерін, үйренген сөздерін жекеше, көпше заттың
атына байланысты септеп, жіктеп, тәуелдеп айтудың қарапайым тәсілдерін
меңгеру, байқағыштық ойлау қабілеттері мен дүниетанымын дамыту,
оларды ана тілін сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеуде тәрбиешілердің
атқарар жауапкершілігі зор екені мәлім. Яғни, балалардың дүниетанымын
кеңейтіп, ойын өрістетіп тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің орны
ерекше.
Тәрбиеші көркемсөз оқушы – ол тыңдаушысын толғандырып, балаларды
өзімен бірге күлдіріп, қуанта білуі шарт. Мұның бәрін тәрбиеші өзінің
орындаушылық, көркемсөз оқу құралдарымен жүзеге асырады. Сонда ғана
шығармадағы әрбір кейіпкер «тіріліп», оларға «жан бітіп», тыңдаушының
жанына, жүрегіне жақындай түседі, көркемдік және идеялық жағынан әсер
ететін болады. Сөйтіп, ол кейіпкерлер өзіндік қасиеттерімен, өзіндік
сапасымен қайта жанданады. Көркем шығармаларды әңгімелеп берудің
127
оқып беруден айырмасы әңгімеші мәтінді сөзбе-сөз емес, еркін айтып
береді. Тәрбиеші өзі беріле әңгімелесе балалар да үн шығармастан
тыңдайды.
Тәрбиеші мәнерлеп оқуға даярлану үшін алдымен сөйлеу техникасына
жаттығу, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс меңгеру керек. Тәрбиеші
көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқуы үшін алдымен өзінің
дыбыстау мүшелерінің қызметін жетік біліп, әрбір тіл дыбысы қалай
жасалады, қалай оқылады дегенге баса назар аударып жаттығуы қажет.
Баланы ана тілінде анық, таза, сөйлеуге үйрету ісінде жұмбақ, жаңылтпаш,
мақал-мәтел, ертегі айтқызудың маңызы зор екендігін зерттеу нәтижелері
дәлелдеген. Мысалы: Жаңылтпаш.
Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, сөздіқ қорын
молайтып, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап
шығарған. Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая
бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін
мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар
сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса,
сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды
жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу
сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, сөздік қоры молаяды.
Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде мүкістерге сәйкес
шығарған. Тілі шыға бастаған жас бөбекпен, тілі шыққан балдырғандардың
тілінде көбінесе «р» дыбысы мен «и» дыбысын, «ш» дыбысы мен «с»
дыбысымен шатастыру байқалады. Сондықтан, жаңылтпаштар да, көбінесе
сол «р» дыбысы мен «и» дыбысын қатар айтуға құрылған:
Дегенде, әй, Тайқарбай, әй, Тайқарбай,
Қойыңды май жусанға жай, Тайқарбай.
Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,
Әй, Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай? – деп оқылады.
Жұмбақ - нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы
баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял
елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен
дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың
алуан түрлерін шығарған. Отбасында балаларға жұмбақтар үйретіп, жұмбақ
айтысуды ұйымдастырып, олардың тапқырлығын сынау, жұмбақ айтысуда
жеңіп шыққан балаларды мадақтап отыру – бұрыннан қалыптасқан дәстүр
болатын. Балалар бақшасында «қызықты кеш», «өнерпаздар мен білгіштер
жарысы» сияқты думандарды жоспарлы түрде ұйымдастыра білген тәрбиеші,
жұмбақ айту, жұмбақ айтысу, жұмбақ айтыс дәстүрлерін қызықты өткізеді.
Әрине, жұмбақ айтуды көбінесе тәрбиешінің өзі бастайды да, бұрыннан
үйретілген жұмбақтар бойынша жұмбақ айтысу одан әрі жалғасады.
Жұмбақты көп білген балдырғанға «білімпаз» деген атақ беріледі.
Мақал мен мәтел - баланың өмір тәжірибесі аз, сондықтан, оған айтатын
ақыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу керек.
128
Сол мәнді сөздер – мақалдар мен мәтелдерді орынды пайдаланған ата-ана ой
қозғап, ақылға қонымды сөздер айту арқылы баланы тәрбиелейді және
санасын арттырады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей,
баланы ана тілін ардақтауға үйретіп, ой қисындарын сөз жүйесіне келтіре алу
қабілетін дамыту үшін, ата-ананың мақалдап сөйлеуінің мәні зор.
Балалар бақшасында тіл ұстарту, тіл ширату сабақтарында балдырғандарға
мақал, мәтел туралы түсінік беріліп, оларды қолданудың қажеттігі туралы
айтылады. Мысалы: «Әке – тірегің, ана – жүрегің» деген мақалдың мәні,
мазмұны ондағы жеке сөздердің мағынасы туралы сұрақ-жауап тәсілін
қолданып, тәрбиеші балдырғандардың түсінігін байқап, ұғымын байытады.
Мақалдың мән-мағынасын терең ұғындыра түседі, балдырғандарға ана, әке
туралы тақпақтарды жаттатып, айтқызады.
Ертегі - алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін
ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні
зор. Қазақ ертегілері (төрт мыңға жуық) сан алуан. Оларды: хайуанаттар
туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салтқа байланысты
ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Ертегілердің ішіндегі баланың қиялын шарықтатып, бала шақтың болашағын
елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер –
қиял-ғажайып ертегілері. Ертеде «Ұшқыш кілем» ойлап шығарған халық енді
«Зымыранның» өмірде бар екенін тілге тиек етіп, жұлдыздар мен
планеталарды еркін аралайтын алыптар туралы ертегілер шығарды. Тұрмыс-
салтқа байланысты ертегілер халықтың тарихи талаптарына байланысты
туған. Онда бай баласы мен жарлы баласының таптық айырмашылықтары
сөз болады, ақылды кедей мен сараң бай, қанағатсыз саудагер, ақымақ хан
мен данышпан шаруаның іс-әрекеттері, мінез-құлықтары суреттелінеді.
Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып
іс-әрекеттері баяндалады («Күн астындағы Күнекей қыз», «Ер Төстік»,
«Керқұла атты Кендебай», т.б.) олардың ерліктері мен еңбектері,
адамгершілік іс-әрекеттері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етіп айтылады.
Күлдіргі ертегілер, негізінен, Алдар көсе мен Жиренше шешеннің,
Қожанасырдың есімдерімен байланысты. Ондағы кейіпкерлер сараң бай,
зұлым хан, қаныпезер уәзір, қуақы құл, еріксіз қыз, еңіреп туған ер-азамат
болып келеді. Онда зұлымдықты тапқырлық жеңіп отырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің
балалар білімі мен тәрбиесі сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі
тарихына, мәдени мұрасына шығармашылығын қалыптастыруға байланысты
қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Балабақшада халықтың
мәдени мұрасынан, соның ішінде ауызекі шығармашылығынан білімді
балалар «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Сауат ашу және жазу»
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгереді. Алайда шектеулі жоспармен
өтілетін бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде халықтың ауызекі
шығармашылығы түгіл, оның бір ғана бағыты – көркем шығарманы
толығымен меңгертіп шығу мүмкін емес. Бұл мәселені шешуде балалардың
129
шығармашылығына, таңдауына қарай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен
ертеңгіліктердің ролі ерекше.
Бала мектепке жақсы тілдік дайындықпен баруы тиіс. Бұл бағыттағы
жұмыстарды жетілдіре түсу үшін тәрбиешілер тиісті әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып, балалардың тілдік даму деңгейлерін жүйелі түрде бақылап, тексеру
жүргізіп отыруы қажет.
Қазіргі балалар әдебиеті тәлім мен білім беретін өмір оқулығына айналды.
Балалар жазушылары – жас жеткіншектерді жоғары адамгершілік рухында
тәрбиелеуге белсене ат салушылар: С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин,
С.Бегалин, Ө.Тұрманжанов, С.Сарғасқаев, Б.Соқпақбаев, М.Әлімбаев,
Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Б.Ысқақов, Ә.Табылдиевтің және басқалардың
шығармаларында өз Отанын сүю, патриотизм, батырлық, адалдық, достық,
ынтымақ, ілтипат, гуманизм жайы әңгімеленеді.
Осы орайда шығармашылыққа баулудың, көркем әдебиет арқылы тіл
дамытудың мынадай түрлерін алуға болады:
-
тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;
-
сөзжұмбақ құрау, шешу;
-
шығарма, шағын әңгіме мәтінін құрау;
-
қиялдау арқылы суретін салғызу.
Ал, бос уақытта балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың
жұмыс түрлері:
- мұражайға апару;
- әр түрлі тақырыпта жарыс, ертеңгіліктер өткізіп, алған әсерлерін айтып
беруге төселдіру;
- балаларға арналған журналдарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде
үнемі пайдалану.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу балаларды көркем сөзге баулуға
баланың бойындағы қабілет көзін ашып, сөздік қорын молайтуға
көмектеседі.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин атамызда балаларды оқу
және оқыту, тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын
алатындығын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына
жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да, еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес»
- деген болатын. Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі –
олардың еліктеу, қиялдау қабілетінің басым болуы. Сол себепті әрбір ата -
ана, тәрбиеші баланың қойған сұрақтарына үнемі, дұрыс жауап берулері
керек.
Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным -
сенімдерін, дәстүрін, жол - жоралғыларын, әдеп - ғұрыптарын өсіп келе
жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіру мектеп жасына дейінгі баланың тілін
дамытуға баға жетпес нәтиже береді. Балаларға осы халқымыздың игі
дәстүрлерін: бесікке салу, ат қою, тұсау кесу, қонақ күту, ас қайыру т. с. с әр
сабақта тақырыпқа байланысты айтып отыру. Балаларға жасына қарай
көркем әдебиет шығармаларын мазмұнын айтқызу, мақал - мәтел айту,
130
жұмбақтар жасыру сияқты жұмыстарды да жүргізуге болады. Жұмбақ жаттау
кезінде балалар өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта –
жігері артып, жауапкершілікті сезінеді.
Қорыта келгенде, көркем шығармалардың ерекшеліктері баланың сегіз
қырлы, бір сырлы болып, жан-жақты дамуына игі әсер етуінде болмақ. Өмір
шындығы суреттелген көркем шығармалар, баланың дүние танымына
алғашқы қадам болумен қатар, балаға өзін қоршаған тіршілік дүниесін,
ортаны біртіндеп танып білуге жетектейді, ұғымын кеңейтеді, өмір
тәжірибесін молайтады, ой-қиялын ұштайды, тіршілік көзі еңбекте екенін
зердесіне жеткізеді. Тәрбиеші-педагог шығарманы өзінің қалай орындауына
ғана көңіл бөліп, балалардың қабылдауы мен зейінін назарынан тыс
қалдырмауы керек. Егер балалардың көңілі алаңдай бастаса, тәсілді дереу
өзгертіп, сұрау беріп, оқып отырған затты не бейнесін көрсетіп, образды
нақтылап, балалардың көңілін аудару шарасын жасау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |