Дәріс №8. Тақырыбы: Көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі
Жоспар
:
1.
Көркем шығарма туралы жалпы түсінік.
2. Көркем әдебиеттің бала тілін дамытуда алатын орны.
3. Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы.
4. Көркем әдебиет арқылы бала тілін дамытудың ерекшеліктері.
1.
Көркем шығарма туралы жалпы түсінік.
Қазақ көркем әдебиеті жүріп
өткен жол аса мағыналы жол, жемісті жол деуге болады. Өйткені өз
тәуелсіздігімен, егемендігімен қайта қауышқан қазақ елі –туған әдебиетінің
кешегі тарихына, бүгінгі тағдырына деген көзқарастың астарында жатқан
тарихи жауапкершілік пен елдік мұраттың айрықша салмағын саралай білді.
Осы арқылы біз ұлттық құндылықтарымыздың бағасын таразылаған,
мәңгілікке қызмет ететін ұлттық идеяның өміршеңдігін аңғартқан
туындыларды қазақ прозасының аса құнды мұрасы ретінде қабылдауға
тиіспіз.
Шығармашылық адамының нағыз бейнесі, өмірі және ол өмір сүрген дәуір
табиғаты оның шығармасында да барынша толық бейнеленеді. Бұл тек
теориялық болжам емес, реалды шындықтың өзі. Бұл тақырыпқа көркем
шығарма жазам деген қаламгер алдында олардың өз шығармашылығын жете
игеруі, сол арқылы шығармашылық адамының өз бейнелерін айқындап,
зерттеу міндеті тұрады. Жазушы жасайтын көркем образ бен ол образ әрекет
ететін ортаны осылай ерекше деректерімен үйлестіру қажеттігі туады. Егер
жазушы қолында осы материалдардың екі тобы да толық болған жағдайда,
бір мәселе профессионалдық шеберлікке, ол шеберліктің бетін белгілейтін
суреткерлік тенденцияға келіп тіреледі.
М.С. Каган: «Көркем шығарма бітімі бөлек бір ерекше айна іспетті. Бұл
айнадан екі нәрсе қатар көрінеді: онда бейнеленген өмір шындығы және оны
бейнелеген суреткер»,-деп жазып қалдырған болатын. Қазақ ғалымы
М.Қаратаевтың пікірі де осы арнадан шығады: «… өнер шығармасы өмір
шындығының айнасы болуымен бірге өнер жасампазының да рухани
дүниесінің айнасы болып табылады». Көркем шығарманың көркемдік-
идеялық
деңгейі
жазушының
шығармашылық
ойлау
сипатымен,
дүниетанымы және суреткерлік шеберлігімен тығыз бірлікте анықталады.
Шығармадағы кейіпкер, әрине, автордың шығармашылық еңбегінің жемісі
екендігінде дау жоқ. Сонымен қатар кейіпкер мен автор арасында, жалпы
көркем шығарма мен автор арасында көзге көріне бермейтін нәзік, бірақ
нақты сабақтастық бар. М.Әуезов кейіпкер интеллекті дегеннің өзі жазушы
интеллекті екендігін айтады.
Көркем әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы, көркем-
әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының ерте заманда жасаған
мұрасының бірі көркем әдебиеті. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін
ғалымдар ауыз әдебиеті деп те атаған. Себебі, көркем әдебиет ауыз
әдебиетімен қатар жүре отырып, өзінің шынайы тәрбиелілігімен
110
ерекшеленеді.
Сонымен
бірге
ғылым
мен
мәдениетте
«халық
шығармашылығы», «халық поэзиясы», «халықтың ауызша сөз өнері» дейтін
атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен,
эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен,
тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және
тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді.
Көркем әдебиет – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай
асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі
заманымыздың ұлылығын танимыз.
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері
болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні
белгілі. Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін көркем әдебиет үлгілерімен
таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып
саналады. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар
жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға
түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ
жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен
танытатын көркем әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер.
Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған.
Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп
келеді.
Көркем әдебиеттің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының
еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған. Жаратылыс
құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын
толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр
еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын
кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге
сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Балабақшамызда тәрбиеленушілерге көркем шығарманың ерекшелігін, бала
тілінің дамуында қандай маңызға ие екендігін түсіндіру тәрбиешінің
алдындағы үлкен міндет. Онда ертегілер оқу, әңгіме мазмұнын жүйелі
байланыстырып,
әңгімелеуге
үйрету,
ертегі-әңгімеде
кездескен
кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диологтарды, кейбір өлең
шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білу, екі адамның диалогында кездесетін
сұрақ, талап-тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қою, мәнерлі
айта білуге тәрбиелеу талап етілді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамытуға, қиялын
шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға көркем шығармалар, ертегілер,
жұмбақтар, жаңылтпаштар, халық ойындары арқылы жүзеге асырылуда.
Көркем шығарманың асыл үлгілеріндегі өзекті идея өз ұрпақтарын Отанын,
елін, жерін жаудан қорғауға, бостандықты, азаттық үшін күресе білуге,
111
париотизмге баулу болды. Халық тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап,
ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар
өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асыратын болады.
Көркем шығармалар жас бөбектердің ой-өрісін дамытуға, қиялын
шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, балаларды
адамгершілікке, тапқырлыққа, еңбекке баулуға тәрбиелеудің тиімді құралы.
Тәрбиеші көркем шығармалар арқылы балалардың бойына әртүрлі
қасиеттерді қалыптастыра алады. Олар:
- балалардың санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен
мақтаныш сезімін ұялату;
- туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру;
- қиялдарын қанаттандыру;
- ұлттық рухты бойларына сіңіру.
Көркем шығармалардың мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі
бағыттары:
- Денсаулық;
- Еңбек пен мамандық;
- Өнер;
- Имандылық пен адамгершілік;
- Патриоттық;
- Эстетикалық;
- Табиғатқа деген сүйіспеншілік.
Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына
туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып,
қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен
Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда көркем
шығарманың орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан
халқымыздың көркем шығармалары – мектепке дейінгі жастағы балалардың
ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға
тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Көркем әдебиет – халық шежіресі. М.Горький
«Әр адам өз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу
мүмкін емес» деген. Көркем әдебиет те, жазба әдебиет те көркем туынды.
Көркем шығарма үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен
оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек.
Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып
жібермейтіндей шағын болу керек. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік
ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады,
оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу
басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты
іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге
мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып
жақсылыққа құмартады.
Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай
жеткізу
айтушының
шынайы
шеберлігіне
тікелей
байланысты.
112
Бақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу
жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады.
Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады.
Сәбилер тобында оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.
Мұндай мақсат – ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре отырып, оқылғанды
шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету. Бала дамуында пайдасы:
1. Қызығушылықты ояту;
2. Мағынаны ашу (ажырату);
3. Ой толғаныс.
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға көркем шығарманы оқыта
отырып, тілін дамытудағы педагогтың басты міндеттері:
- халық ауыз әдебиетіне қызықтыру арқылы балалардың тілдік қорларын
дамыту;
- жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерді қолдану;
- халық ауыз әдебиеті арқылы балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге
тәрбиелеу.
Көркем шығарма арқылы балалар өз бетінше шығармаларды айтып,
шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың
сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз өнерін
қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы қажет. Серіктестері айтқан
әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби кейіпкерлерін атымен
айтуға үйретіледі.
Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты дұрыс сөз
қолдануға, үлкендердің көмегімен белгілі бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға,
нақты бейнелеуге, әңгімеде ой - өрісін жеткізуге үйрету керек.
Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде сонымен қоса тілдік
(метафора, теңеу, эпитет, балама қолдануда) сөз өнері өзіндік ерекшелігін
ашу қажет. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырады.
Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба
білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі (ертегіні
толық айтып беру). Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында,
кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т. б. қолдана отырып,
ертегі құрастыруға үйрету. Бұл жаста балалар шығарманы қызығушылықпен
тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі. Баланы шығармашылық
қабілеттілігінен туындаған әңгімелеріне көңіл аударып, құрдастарының
әңгімелерін тыңдауға бейімдеп, қиыншылық тудырған жағдайды, қол ұшын
беріп, дұрыс емес жеріне түзету енгізу керек.
Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым
беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын
еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым -
қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын,
біртіндеп жетілетін кезең. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы
отбасынан, балабақшадан бастап
жүйелі
түрде
жүргізілуі
тиіс.
113
Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену
жатады. Ол болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады.
Жас жеткіншектерді баулып, тәрбиелеуде көркем әдебиеттің ролі ұшан -
теңіз. Ол жаңа өскін балауса буынының сана - сезімін оятып, ақыл - есін
дамытатын, адамгершілік моральға тәрбиелейтін өмір оқулығы.
Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби
мұралармен сусындатып тәрбиелеу педагогтардың алдындағы міндеті.
Ертегі, әңгімені, өлең – тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай - ақ мақал -
мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту – тек қана
олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің
ақыл - ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып
өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны
қадірлей білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз.
Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп,
еркелікке, еңбекке құлшынып өседі.
Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұрасы,
Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өлең - әңгімелері осы күнге дейін
тәрбиелеу мен оқытуда, ғылым жолын танытып, өнер - білімге баулуда
қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Жамбылдың, Сәкеннің, Жансүгіровтың,
Майлиннің, Мұқановтың сондай – ақ көптеген жас жазушылардың балалар
сүйсінерлік қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар. Мұның бәрі,
жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жеткісіз қазына. Әрбір тәрбиеші
соларды іздестіре отырып, термелеп жинап жүрсе, өз жұмысына өте демеуші
дәнекер таппақ.
Жас кезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген - білгенін
қиыстырып, тұжырымдап достарына, тәрбиешілеріне, ата - аналарына айтып
бере алса, тіл шеберліктері артады. Мұндай жақсы қасиеттер баланың
парасатты, инабатты, әдепті, еңбексүйгіш, көргенді болып өсуіне әсер етеді.
Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан - да балалармен
жүргізілетін жаттығу түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай
топтарды үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс
түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім
беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске
асырылады.
Балабақшада балалардың жас ерекшелігіне лайықты көркем әдебиет
шығармаларын, оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеп айтқызу, суретке қарап
әңгімелеу, ертегілер оқып беру, мақал - мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар үйрету
сияқты
жұмыстары
арқылы
бала
тілін
дамытуға
болады.
Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы жүйелі жүргізуді талап етеді. Қазіргі
уақытта баланы халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу ана тілі арқылы өз
дәрежесінде жүзеге асатыны белгілі. Баланы ана тілінде анық, жүйелі,
өзгелерге түсінікті, мәнерлі үн ырғағымен келістіре сөйлеуге, сөздің
дыбыстық құрамын дұрыс жеткізуге мектепке дейінгі кезеңде үйрету керек.
114
Тәрбиеші әр баланың тілін зерттеп, ерекшелігін жете меңгергеннен кейін,
тәрбие білім беру үрдісіне күн тәртібінің қолайлы сәттерінде дыбыстарды
дұрыс дыбыстауға орай жаттығу жұмыстарын жоспарлы түрде
ұйымдастырып жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |