Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет166/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Эксперименттік дизайн
Білімнің шынайы әдісі – эксперимент.
Уильям Блейк
Анықтаманы оқымағанда эксперимент 
сөзін түсіндіре алмас едіңіз, бірақ бұл сізге 
аз да болса таныс термин шығар. Дегенмен 
бұл сөзге медицина саласы мен қылмысты 
зерттеи�тіндер және фанат ғалымдар арқа 
сүи�еи�ді. Фармацевтикалық дәрілердің ауру-
ға ықпалын, болжамды биіктік пен оқтың 
траекториясы арасындағы баи�ланысты 
немесе мінсіз адам-құбыжық гибридін 
жасаушыны зерттеуді мақсат етсеңіз, ол 
өзіңіз таңдаған зерттеу әдісіңіз болар еді.
Эксперименттік дизайн
– себеп пен сал
-
дарды жіті зерттеу әрі бақылау арқылы іздеу. 
Зерттеушілер тәуелсіз айнымалы (зерттеуін
-
дегі негізгі детерминант деп сенетін әлдене) 
тәуелді айнымалыға (зерттеудің басты нысаны) 
әсер ете алатынын не әсер ете алмайтынын 
байқау үшін оны әртүрлі мәнге өзгертеді. 
Дәлірек айтқанда, 
Х-ті өзгертесіз, ол 
Y
-ке әсер 
етерін-етпесін байқау үшін жағдайды өзіңіз 
басқарып, құбылтасыз.


168
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Әлеуметтік ғылымдарда жасушалармен, ДНҚ-мен, жансыз заттармен неме-
се зертханадағы жануарлармен жұмыс істеуіңіз екіталаи�. Зерттеу нысаныңыз 
күрделі болмысты адамдар болуы мүмкін. Сонымен қатар экспериментіңіз ба-
қылаудағы зертханада өтуі де екіталаи�. Зерттеуіңіз аса бақыланбаи�тын, мәсе-
лелері көп жағдаи� аясында жүруі де ықтимал.
Тіпті мұндаи� сынақтармен бетпе-бет келгенде де әлеуметтік ғылымдарда 
эксперимент жүргізудің әлеуеті орасан зор. Мәселен, сіз оқуда үлгерімі нашар 
оқушыларды зерттегіңіз келді делік. Эксперименттік дизаи�ныңыз «
сыныпта 
топпен отырудың арқасында оқушының үлгерімін жақсартуға болады
» деген 
гипотезаны сынап көруге мүмкіндік береді. Сыныптағы топ (тәуелсіз аи�ныма-
лы) оқушының үлгеріміне (тәуелді аи�нымалы) қалаи� әсер ететінін көру үшін 
оны қалауыңыз бои�ынша өзгертіп, бақылаи�сыз.
Денсаулығына баи�ланысты жұмыстан қалуға әсер ететін факторларды 
зерттегіңіз келді. «
Денені шынықтырмағандықтан денсаулығыңыз нашарлап, 
жұмыстан қаласыз
» деген гипотеза жасауыңыз мүмкін және жұмыс орнында 
дене шынықтыру жаттығуларын (тәуелсіз аи�нымалы) жасаған жағдаи�да ден-
саулығыңыздың нашарлауына баи�ланысты жұмыстан қалу (тәуелді аи�нымалы) 
себебі азаятынын баи�қап көру үшін эксперименттік дизаи�н әзірлеи�сіз. Белгілі 
бір өңірде не муниципалитетте үи� қоқысының тым көп шығарылатынын зерт-
тегіңіз келді. «
Қоғам қоқысты қайта өңдеуге ынталы, бірақ оның жүзеге асыры
-
луы қиын
» деген гипотеза жасадыңыз. Үи� қоқысын қаи�та өңдеи�тін тегін қоқыс 
жәшігін (тәуелсіз аи�нымалы) енгізу үи�ден шығарылатын қоқыстың көлемін 
(тәуелді аи�намалы) азаи�татынын баи�қап көру үшін үи� қоқысын өңдеи�тін тегін 
жәшіктерді қои�ғызуыңыз мүмкін.
Эксперимент жүргізу
Бірде «балық жесеңіз, IQ көрсеткішіңіз жоғарылаи�ды» деген сөзді естідім. 
Кеи�інгі кезде жүргізілген зерттеу қорытындысына сенсек, аптасына кем дегенде 
бір рет балық жеи�тін балалардың IQ көрсеткіші балық жемеи�тін балаларға қа-
рағанда жоғарырақ болады екен. Сондықтан әңгіме «балық же де, ақылды бол!» 
дегенге саяды. Бірақ әрі қараи� тыңдаи� түсіп, ұққаным: зерттеуде IQ көрсеткішіне 
зер салғанда, балаларды тамақтандыру, білім беру, олардың әлеуметтік-эко-
номикалық жағдаи�ы, ата-анасының жасы, отбасылық жағдаи�ы, білім деңгеи�і 
сияқты факторларды да қосып, солармен баи�ланыстыра зерттелген. Оның бірі – 
балық пен IQ көрсеткіші арасындағы корреляция. Балық тұтыну артқан саи�ын 
ақыл да көбеи�еді, бірақ, бір жағынан, IQ көрсеткіші өскендіктен, балықты көп 
тұтынды деуге де болар еді. Балық жеу сізді ақылдырақ ете ме, әлде ақылды 
адамдар балықты көбірек жеи� ме? Корреляция тек себеп пен салдар ғана емес. 
Аралық немесе араласушы аи�нымалы да зерттеуге қолданылуы мүмкін. 
Сізді ақылды қылған балық емес шығар, ақылды ата-ана балаларын балықпен 


169
Әдіснамаларды түсіну: сандық және сапалық тәсілдер 
тамақтандыратын болар. Ал олардың баласының IQ көрсеткіші генетикалық 
ерекшелікке баи�ланысты болса ше?!
Аи�талық, осы балыққа қатысты даулы мәселенің басын ашып алғыңыз келді. 
Эксперимент жүргізу (қанша дегенмен осындаи� зерттеу мәселелерінің басын 
ашуда экспериментке жүгіну ең дұрыс жол екенін оқығансыз ғои�) арқылы себеп 
пен салдарды анықтаи�мын деп шештіңіз. Оны қалаи� жүзеге асырасыз?
Бастапқы жоспар бірнеше шешім қабылдауды талап етеді. Әдіснамалық 
дизаи�ныңызды құрмастан бұрын, мынадаи� шешімдерді қабылдауыңыз керек:
1. 
Тәуелді және тәуелсіз айнымалылар
. Зерттеуіңізді және нені бағалағыңыз ке-
летінін (тәуелді айнымалы), негізгі зерттеу нысанын, сонымен бірге әсер тудыру 
үшін өзіңіз басқарып, өзгертетін айнымалыларды (тәуелсіз айнымалы) анықтап 
алыңыз. Яғни IQ көрсеткіші балықты тұтынуға тәуелді деген гипотезаны ұсынды-
ңыз. IQ көрсеткіші – тәуелді айнымалы, балықты тұтыну – тәуелсіз айнымалы. 
Айнымалыларды түрі бойынша осылай анықтап алу корреляциядан себеп-сал-
дарға ауысу үшін маңызды. 
2. 
Өзгерісті бағалау
. Тәуелсіз айнымалыңызды өзгертуіңіз тәуелді айнымалыңызға 
әсер етер-етпесін анықтау үшін өзгерісті бағалауыңыз керек. Оны жүзеге асы-
рудың ең тиімді тәсілі – претест және посттестіні қолдану. Яғни негізгі деректі 
немесе оған қол жеткізу мен эксперименттік араласу нәтижесінде пайда болған, 
салыстыратын деректерді жинау керек. Бұл жағдайда өзгерісті бағалау өте қара-
пайым және ол (тиімді екеніне сенеді деп ойлаған жағдайда) стандартталған IQ 
көрсеткішінің сынақтарын бақылаудан тұрады. 
3. 
Зерттеу ортасы.
Зерттеуді зертханада жүргізесіз бе, әлде табиғи ортада ма? 
Зертхана сізге толық бақылау орнатуға мүмкіндік береді, бірақ әлеуметтік ғы-
лымның көп мәселелері сияқты, оның да тәжірибелік маңызы болмай қалуы 
мүмкін. Зерттеуде ата-аналардан үйдегі ас мәзірін өзгертуді немесе балабақша-
да бір апталық ас мәзіріне өзгеріс енгізуді ұйымдастыруға болады. 
4. 
Қатысушы саны
. Зерттеудегі қатысушылардың саны да аса маңызды. Қандай да 
болсын тұжырымдамалық немесе статистикалық қорытындылар жасауға қанша 
қатысушы керек болатынын ойлаңыз. Мысалы, бір белгіні 5 баладан тапсаңыз, 
сол жеткілікті ме? (10-тарауда іріктемелердің көлемін анықтайтін тіректер тура-
лы айтамыз).
5. 
Топ саны
. Бақылау тобын қолданасыз ба – оны да шешіп алыңыз. Балықпен та-
мақтану мысалымызда бір топты қолдану арқылы барлық балалардың IQ көр-
сеткішін өлшейміз, оларды аптасына белгіленген күн реті бойынша балықпен 
тамақтандырамыз, біраз уақыт өткен соң нәтижені көру үшін қайта тексеруден 
өткіземіз. Бақылау тобыңыз бар болса, барлық баланы претестіден өткізіп, топ-
тың жартысын бақылау тобына ауыстырып, жартысын мақсатты топ етіп, балық-
ты тек қана мақсатты топтағы балаларға бересіз. Біраз уақыттан соң екі топты 
қайтадан тексеріп, нәтижелерін салыстырасыз.
6. 
Топтарға бөлу стратегиясы
. Бақылау тобын зерттесеңіз, топтарды қалай белгілей-
тініңізді анықтаңыз. Балықпен тамақтанатын топтың балалары кездейсоқ таңдала 
ма, әлде іріктеуде белгілі бір категорияларға жүгінесіз бе? Кездейсоқ іріктеу се-
беп пен салдарға байланысты мықтырақ негіздеме алуға жағдай жасағанымен, 


170
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
балаларды іріктеудің, мысалы, олардың балабақшада болатын күндеріне қарай 
іріктеудің сіз үшін тәжірибелік маңызы әлдеқайда салмақты болуы мүмкін.
7. 
Айнымалылардың саны
. Бір ғана тәуелсіз айнымалыны тексересіз бе, әлде бас-
қа айнымалыларды да қарайсыз ба? Мысалы, балықпен ғана тамақтануды қа-
растырасыз ба, әлде көкөніс сияқты басқа тағамдарды жеуін байқап көресіз бе?
8. 
Этика
. Алдын ала рұқсат алу керек пе – соны біліңіз. Мысалы, балықпен тамақ-
тану туралы мысалды анықтауда ата-ана рұқсаты керек. Сонымен қатар балалар-
дың бақылау тобына не мақсатты топқа қандай да бір артықшылық беріліп, қауіп 
төнуі мүмкін бе – оны да зерделеңіз. Балықты жеуді немесе жемеуді зерттеген-
нен балаларға үлкен қауіп төне қоймас. Бірақ дәріні сынау, емдік бағдарлама 
және білімге қатысты бастамалар үлкен этикалық дилеммаға алып келеді.
9. 
Ортаны бақылауда ұстау
. Шынайы өмір жағдайында жұмыс істеу мен зерттеу ор-
тасын бақылау арасында тепе-теңдік ұстау жайын ойланыңыз. Ашқан жаңалығы-
ңыз тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арасындағы шынайы себеп-салдарлық 
байланыстарға қатысты екеніне кепіл бола аласыз ба? Эксперименттік дизай-
ныңызды бақылай түскен сайын, дәйектеріңіз де сенімдірек болады. Бірақ бақы-
лаусыз дәйектердің қауырсындай да салмағы жоқ:
а)
Қоршаған орта бақыланбаса, онда өзгертілген, жылжытылған, басқарылған 
немесе енгізілген жалғыз айнымалы сіздің нақты тәуелсіз айнымалыңыз 
екеніне сендіру қиын. Тамақтанудағы өзге де жағдайлар, ұйқының өзгерісі, 
стресс т.с.с. жағдайлар эксперименттік дизайныңызға қатысы болмауы да 
мүмкін. 
ә)
Ойға қонымды сандар болмайынша, статистиканың маңызын немесе алынған 
нәтижелердің жай кездейсоқтық емес екенін дәлелдеу қиынға соғады. 
б)
Бақылау тобыңыз болмаса, тәуелді айнымалыға сіз зерттеп жатқан тәуелсіз 
айнымалылардан тыс, басқа бір фактор әсер етпегенін дәлелдеу қиынға соға-
ды. Мысалы IQ көрсеткішінің жақсаруына балаларға қосымша назар аудару, 
балалардың IQ тест жазудан тәжірибе жинақтауы немесе жаңа білім бағдар-
ламасының кездейсоқ енгізілуі сияқты факторлар да әсер етуі мүмкін.
в)
Топтарға бөлудің кездейсоқ стратегиясынсыз (көбіне оның далалық зерттеуде 
тәжірибелік құндылығы төмен) екі топтың арасында айырмашылық жоққа жа-
қын немесе минималды ғана екенін дәлелдеуге тиіссіз. Біздің мысалымызда, 
егер екі топтың оқып-үйренуінде туабітті айырмашылықтар болса, IQ көрсеткі-
шінің жоғарылауын тамақтанудың ерекшелігіне телімейміз.
(Тексеру тізімін қосымша уеб-саи�ттан қараңыз ).
Қабылдаған шешімдеріңіздің негізінде эксперимент жүргізесіз. Бұл стандарт 
«шынаи�ы эксперименттік дизаи�н» (әдетте 
кездейсоқ таңдалған, бақылауға не
-
гізделген сынақ
) деп аталады. Дизаи�нның бұл түрінде зерттеуші тәуелсіз аи�-
нымалыларды өз қалауынша басқарады; эксперименттер бақылау жағдаи�ында 
жүргізіледі; бақылау тобы қолданылады және бақылау мен мақсатты топтар 
кездеи�соқ белгіленеді.
https://study.sagepub.com/oleary3e


171
Әдіснамаларды түсіну: сандық және сапалық тәсілдер 
Өкінішке қараи�, далалық зерттеуде кездеи�соқ таңдау мүмкін бола бермеи�-
ді. Жергілікті балабақшадан тағам бағдарламасына қатысты сынақ жүргізуге 
рұқсат алдыңыз делік. Алаи�да балабақша сізге кездеи�соқ таңдау жасауға рұқсат 
етпеи�ді (бір бала тауықтан жасалған наггетсті, екіншісі қуырылған камбала 
жесе, балабақшада тәртіп бұзылады), сондықтан олар сізге дүи�сенбі және сәр-
сенбі күндері сынақ өткізуге рұқсат береді. Сондықтан бұл жағдаи�да бақылау 
тобы бар (бұл жақсы), бірақ кездеи�соқ таңдау жоқ (топтар бір-бірінен сапалық 
жағынан өзгеше болса, мысалы, сол күндері ақылдырақ балалар, әртүрлі мұға-
лімдер/тәрбиешілер, әртүрлі аспаздар болуы мүмкін т.б. Мұндаи� сәтте жағдаи� 
қиындаи�ды). Сізде бақылау тобы бар, бірақ кездеи�соқ таңдау болмаса ше? Бұл 
жағдаи�да квази-эксперименттік дизаи�н жасауға болады, бұл мінсіз болмаса да, 
жоқтан жақсы. Себебі әлеуметтік ғылымдардағы далалық зерттеу осындаи� жағ-
даи�да жүргізілетіні шындық.
Ешқандаи� бақылау тобына қол жеткізе алмасаңыз (яғни сізде бір ғана топтық 
дизаи�н бар деген сөз), жағдаи� тіптен қиындаи� түседі. Балабақша «бәрін қамти-
сыз не ешқандаи� зерттеу жасамаи�сыз» деп талап қоюы мүмкін. Нәтижеге қол 
жеткізу үшін қолыңызда претест/посттест деректері ғана болады. Сыныптағы 
қандаи� да болсын өзгерістер сіздің бағдарламаңыздың нәтижесінде жүзеге асты 
ма, жоқ өзге де факторларға баи�ланысты болды ма, оны ешкім аи�та алмаи�ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет