Сапалық зерттеудің сенім тудыруы Ғылым қағидалары позитивистік/сандық зерттеу дәстүрінде паи�да болған-
дықтан, сапалық тәсілге арқа сүи�еушілердің жұмысы сенім тудырмаи�ды деген
сөз бар (4-тарауды қараңыз). Бірақ бұл сапалық зерттеу әлемінде сенімділік
стандарты жоқ дегенді білдірмесе керек. Керісінше, ондаи� зерттеуге қои�ыла-
тын қатаң талап – жоғары стандарт. Осы талап дұрыс критерии�лерді жасап
шығаратынын 4-тарауда аи�тып өткенбіз.
Сенімділікке қатысты пікірталастар сапалық зерттеуді позитивистік/сандық
критерии�лер негізінде бұрыс бағаланғанда және соған сәи�кес күткен нәтиже-
лерге саи� келмегенде паи�да болуы мүмкін. Бірақ бұл жұмысты қате критерии�лер
бои�ынша бағамдау мәселесі ғана дер едім. 4-тарауда аи�тылғандаи�, оның зерт-
теу мақсатының не парадигмалық ұстанымының қандаи� болғанына қарамас-
тан, зерттеудің барлық түрі мына жағдаи�ларды ескеруге тиіс: субъективтілік
басқарылды ма; тәсілдер мен әдістер бірізділікпен қолданылды ма; шынаи�ы
болмыс ашып көрсетілді ме; ашылған жаңалықтар кең ауқымда қолданыла ма;
зерттеу процестерін тексеріп көруге бола ма? Бірақ мұндаи� бағалауға қолда-
нылатын критерии� объективтіліктен гөрі беи�тараптыққа және транспарентті