Этнографиялық зерттеу мысалы
«Конвейердегі әйелдер»
1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың басында Мириам Глаксманн
(Miriam Glucksmann) зауытта жұмыс істейтін әйелдердің арасында Рут Кавендиш де-
ген бүркеншік атпен жүріп, әйелдердің жұмыстағы және үйдегі жауапкершіліктерін
қалай қатар атқаратынын және олардың зауыттағы өмірі туралы көзқарастарын зер-
делеп, этнографиялық зерттеу жасады (Глаксманн, 2009). Рут қатыса отырып бақы-
лаушы ретінде өзі зерттеген әйелдерге жанашырлық танытып қана қоймай, олардың
өмірімен күн кешуге талпынды. Осы тәжірибесі арқылы ол индустриялық әлемдегі
әйелдердің өмір шындығын – сұңғыла, жарқын, жанашыр, жеке нарративті бейнесін
көрсетті. Эксперимент, сауалнама немесе сұхбат жүргізу сияқты дәстүрлі әлеуметтік
ғылымдағы техникалар арқылы мұндай зерттеуді көрсету мүмкін емес еді. Аталған
және өзге де себептерге байланысты Кавендиштің зерттеуі бүгінде классикалық/
алғашқы этнографиялық зерттеу ретінде ғана емес, сондай-ақ экономикалық, ген-
дерлік және еңбек әлеуметтануындағы классикалық зерттеуге жатады.
8.3-сурет.
Конвейердегі әйелдер
Глаксманның еңбегі қосымша уеб-сайтта бар
.
Достарыңызбен бөлісу: |