185
Әдіснамаларды түсіну: сандық
және сапалық тәсілдер
шыққанын, әлдебіреудің қандаи� себеппен мектепте алдыңғы қатарлы болуға
жанұшыра ұмтылғаны туралы да сұрамаи�мын. Бар болғаны құбылыс немесе
өмірлік тәжірибе туралы, яғни сол тәжірибені бастан кешкендерді қандаи� сезім
тербеи�тіні жаи�лы аи�тамын.
Шынымды аи�тсам, өмірлік тәжірибені түсіну аса өзекті деп ои�лаи�мын. Сізге де
түсіндіруге тырысаи�ын. Ересек адамдарды оқытудағы негізгі талаптардың бірі –
адам қаи� жерге келсе, сол жерден бастау керек. Ұстаздық қызметімде ғана емес,
кикілжіңдерді шешуде, агенттікті ауыстыруда, жағдаи�ды жақсартуда, кеңес беруде
және қиындықты реттеуде де осы қадамның дұрыс екеніне анық көз жеткіздім.
Шынымен-ақ, адамдарды А нүктесінен Б нүктесіне қараи� жылжытқыңыз келсе,
бәрін А нүктесінен бастауыңыз керек. А нүктесін түсініп, оны бағалаған кезде
ғана бәрі реттеледі. Солаи� екенін ақылмен ғана емес, жүрекпен де қабылдаңыз.
Спортшылар не себепті стероид қабылдауға құлықты екенін білгіңіз келсе,
олар татқан жеңіс пен жеңілістің тәтті және ащы дәмін сезініңіз. Сүт безінің
қатерлі ісігімен күрескен жанға көмектескіңіз келсе, олар ағзасы туралы не
ои�лаи�тынын, өз-өздеріне деген құрмет сезімін, болашағын қалаи� елестететінін
жақсылап түсініп алыңыз. Оқудан қиналып жүрген оқушыны жігерлендірем
десеңіз, сыныптың «ең нашар оқушысы» болған қандаи� екенін де зерттеп біліңіз.
Бұл – феноменологиялық зерттеудің
мақсаты. «Х-тің себебі не?» немесе «Х де-
ген не?» деп сұраудың орнына феноме-
нология өмірлік тәжірибені зерттеи�-
ді.
Шындығында, феноменологшылар
«зерттеудің басты мәселесі сананың ішкі
процестеріне бағытталуы үшін объективті білім керек немесе ақиқат жақшаға
алынғаны дұрыс» деген пікірді ұсынады. Себептер, шындықтың құны, ақиқат
немесе сыртқы келбет туралы алаңдамаңыз. Біліміміз жеке адамның қабылдауы-
на баи�ланысты болғандықтан, әлеуметтік құрылымданған, интерсубъективті
әлемде тікелеи� танымымызды ғана түсінеді (8.4-қосымшаны қараңыз).
Зерттеу объектісі ретіндегі құбылыс сіз үшін белгісіз сияқты болуы мүм-
кін, сондықтан феноменологиялық зерттеудегі негізгі элементтерді жеке-жеке
қарастырып, құбылысты анықтауда, түсінуде және зерттеуде әр элементтің
рөліне тоқталаи�ық:
1.
Феноменологиялық зерттеу жеке адамдарға тәуелді
. Жеке адамдар,
мейлі сұх-
баты, мейлі мәдени өнімдері (жазған сөзі, салған суреті т.с.с.). арқылы белгілі
бір құбылыстан алған тәжірибесін бейнелеуге әдеттенген. Мысалы,
босқындар-
дан, спортшылардан немесе көшбасшылардан мекен ауыстыруды,
жеңіс пен
билікке қатысты тәжірибелерін сипаттап беруді сұрауыңыз мүмкін. Яғни жеке
адамдар феноменологиялық зерттеуде маңызды орынға ие. Бірақ феномено-
логияның зерттеу нысаны
адамдардың өздерінен бұрын, олардың өмірлік тәжі-
рибесі дер едім.
Достарыңызбен бөлісу: