Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет178/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

8 . 3 - Қ О С Ы М Ш А
https://study.sagepub.com/oleary3e


182
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
3. 
Этнографиялық зерделеу түсінуді, жаңалық ашуды, сипаттауды және түсіндіруді 
қамтиды. Этнографияға қатысты айтылатын ең көп сын – этнография сипаттап 
қана қояды дейтін пікір. Бірақ мінез-құлықты да және мән-мағынаны да қалып-
тастыратын негізгі қағидаларды ашып көрсете алатын толық сипаттау да жаңа-
лық ашу мен түсіндіру әрекеті іспетті екенін естен шығармаңыз.
Этнографиялық зерттеу жүргізу
Этнографиялық зерттеу зерттелушінің өмір шындығын түсінуге тырысатын-
дықтан, олар әдетте сан алуан деректі жинау стратегиясына сүи�енеді, табиғи 
жағдаи�дағы мәдени топтарды зерделеумен аи�налысады, ұзақ уақыт зерделеу 
мен табанды бақылау арқылы мәдениетке сіңіседі. Зерттеу процесі өзгерістерге 
икемделеді, уақыт өте қалыптасады және мәдени топтардағы өмір шындығы 
анықталғанына қараи� зерттеуді дамытуы мүмкін. Этнография, негізінен, антро-
пологиялық зерттеуде қолданылатын әдіснама болғанымен, оның принциптері 
кең ауқымды контекстерде паи�даланылуы мүмкін.
Ықтимал мәдени топтардың ауқымы 
Жоғарыда атап көрсеткендеи�, мәдени топты биология немесе география 
ғана аи�қындамаи�ды. Мәдени топ ортақ мәдениеттің алғышарттарына сәи�кес 
болуға тиіс. Бұл экзотикалық шетелдік мәдениет (мысалы, таи�палар) немесе 
еліңіздегі сізге етене жақын мәдениет (мысалы, мигранттар қауымы немесе 
интернат) болуы мүмкін. Сондаи�-ақ үстем мәдени топты да зерттеи� аласыз. 
Өи�ткені оларды зерттеу сізге көзге баи�қалмаи�тын артықшылыққа ие білім мен 
билік етуші идеологиялардың аражігін ашып көрсете алады. 
Кез келген белгілі бір мәдени топты таңдау прагматика, ішкі қызығушылық, 
теория немесе осының бәрінің үи�лесіміне негізделеді. Прагматикалық таңдау 
зерттеу міндеттерін, уақыт мүмкіндіктерін және қолжетімділік факторларын
қамтиды. Мәдени топтарды идиографиялық түсінікті арттыру үшін де таңдау-
ға болады, өи�ткені олар бірегеи� және беи�таныс; дұрыс түсінілмеген немесе 
бұрмаланған; маргинал және және үнсіз; тіпті үстем бола тұра рефлексивті 
зерттелмеуі мүмкін. Мәдени топтарды теория негізінде де таңдауға болады. 
Мысалы, мағынаның қалаи� құрылатынын түсінуді немесе мәдениетті анық-
таи�тын түсіндірмелі және/немесе символдық тәжірибелерді зерттеуді мақсат 
тұтсаңыз, белгілі бір топ қалыпты, қалыптан тыс, экстремалды немесе сирек 
кездесуіне баи�ланысты таңдалуы мүмкін. 
Мәдени топ қалаи� таңдалғанына қарамастан, этнографиялық зерттеуші топ-
қа етене араласуы шарт. Зерттеуші олармен жақын қарым-қатынас орнатып, 
сенімді нығаи�та алатынына көз жеткізуі керек. Сенім тудыра алатын этногра-
фиялық зерттеу зерттеушілерден астарлы мәнді ажыратуды, әзіл-қалжыңның 
шынаи�ы мағынасын түсінуді және зерттеушінің паи�дасы үшін ғана әрекет ет-
пеи�тін мәдени қатысушылар мен әрекеттерді баи�қауды талап етеді.


183
Әдіснамаларды түсіну: сандық және сапалық тәсілдер 
Ықтимал деректерді жинау ауқымы/Зерттеу әдістері
Этнографтың мақсаты – толық сипаттау, баи� әрі рефлексивті түсіндірме беру. 
Кеи�бір этнографтар дерек жинау әдісімен ғана шектелгісі келеді. Сондықтан 
да деректер жинау сан алуан әдіске сүи�енеді. Ол әдіс әбден жетілгенше тоқ-
тамаи�ды. Бұл деректер сандық деректерді де қамтығанымен, символикалық 
әлемнің баи�лығын жан-жақты сипаттаи� алуы үшін, этнографиялық деректің 
басым бөлігі сапалық болуы мүмкін. Деректерді жинақтау үшін мына қадамдар-
ды ұмытпаңыз:
 
y
Бақылау
. Қатыса отырып бақылау көптеген этнографиялық зерттеуге тән, әрі ол 
мәдениетке дендеп енуді білдіреді. Этнографтар мәдени жанашырлық танытуға 
және өзгенің шынайылығында «өмір сүруге» тырысады. Сондай-ақ этнографтар 
құрылымы әлдеқайда жақсырақ бақылау жүргізу мақсатында «қатыспай бақы-
лау» техникасын да қолдануы мүмкін.
 
y
Сұхбат алу
. Әдетте терең әрі нақты бір құрылымсыз, қатысушының бақылауымен, 
көбіне әңгімелесу түрінде жүргізіледі. Ер адамдар, әйелдер, балалар, үлкендер, 
жаңа мүшелер, негізін қалаған мүшелер т.с.с. мәдени топтың бөліктерін көрсете 
алатын негізгі ақпарат берушінің және/немесе жеке адамдардың қатысуымен 
сұхбат жүргізуге болады.
 
y
Құжаттарды талдау
. Кейде зерттелушінің өмір шындығын түсіну үшін жазған мә-
тіндерін талдау керек. Зерттеліп отырған мәдени топтың табиғатына байланысты 
жергілікті газеттерді, телевизияны және/немесе радионы зерделеуге болады. 
Жергілікті өнер, поэзия мен оқушылардың шығармалары, журналдар мен күнде-
лікті басылымдар, доктриналар мен догмаларды талдайды. 
 
y
Сауалнама жүргізу
. Этнографияны жүргізушілер сауалнаманы «тым редукцио-
нист» деп жиі сынайды. Ықтимал дерек жинақтаушы құрал ретінде сауалнаманы 
қоспау дұрыс деп ойламаймын. Таза сауалнамаға негізделген зерттеу этногра-
фия деп саналмағанымен, сұрақ-жауап сияқты сауалнама жүргізу құралы нақты 
бір мәдени топты кеңінен зерделеуге арналған ең тиімді жол болуы мүмкін.
Этнографияның артықшылықтары мен кемшіліктері
Мәдениетке дендеп ену мәдени топтардың құндылықтарын, нормаларын, 
символдарын, сенімдері мен тәжірибелерін ауқымды да терең зерделеи�ді деп 
сенетіндіктен, ғалымдар этнографиялық зерттеулерді жиі қолданады. Бұл 
зерттеушілерге осыған деи�ін қалыптасқан теориямен диалог орнатып, жаңа 
теорияны дамытатын тың ои�ларды қалыптастыруға жағдаи� жасаи�ды. Сондаи�-
ақ этнографтар сан алуан дүниетанымның маңызымен қатар, зерттелушінің 
көзқарасынан түсініктер құрап шығудың құндылығын да мои�ындаи�ды. 
Мәдениетке дендеп енуді қажет ететін зерттеу түрлеріне тән кеи�бір қиын-
дықтар этнографияда бар. Бұған ақпаратқа қол жеткізе алу және сенім тудыру, 


184
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
эмоция жұмсау; зерттелушіге ықпал ету ықтималдығы және зерттелініп жат-
қандарға талап қою жағдаи�лары кіреді. 
Этнографияға қатысты қиындық тудыруы мүмкін, әлдеқаи�да тереңірек 
қарастырылуға тиіс, жан-жақты талқылауды қажет ететін мәселелер де бар. 
Біріншіден, этнографтар белгілі бір топ ішіндегі әртүрлілікті көп мои�ындамаи�-
тын гомогенизацияға қарсы тұра білуге тиіс. Сондаи�-ақ этнографтар өзгелердің 
өмір шындығын көрсетуде парадокстық дилеммадан хабардар болуы керек. 
Этнография зерттелуші көзқарасы тұрғысындағы түсініктерді құрауды және 
оларды түсіндіруді аи�қын мақсат етеді. Сондаи�-ақ ол сипаттаулардың өзі де 
түсіндірмелі екенін және түсіндірменің негізі зерттеушінің өз дүниетанымына 
сүи�еніп жасалған теориялық және аналитикалық шеңберлер арқылы түзілген 
бақылау мен жазбалардың сүзгісінен өткізілетінін де мои�ындаи�ды. Аутсаи�дер 
(әсіресе өзге мәдениеттен келген адам) инсаи�дер сияқты біліп, түсіндіріп, си-
паттаи� ала ма деген сұрақ туады.
Осы парадоксты қалаи� басқаратыныңыз жоғарыдағы сұрақтарға қалаи� 
жауап беретініңізге баи�ланысты. Жұмысыңыздың сенім тудыра алуы скеп-
тиктердің күдіктерін қанағаттандыратындаи� дәи�ектер келтіру қабілетіңізге 
де баи�ланысты. Бұл рефлексивті түрде мына жағдаи�ларды ескеруіңізді және 
оларға жауап беруіңізді талап етеді: зерттеуші ретінде зерттеуіңізде түсін-
дірме беру жұмысына қалаи� ықпал еттіңіз; сапалы әрі шынаи�ы жұмыс болу 
үшін қандаи� стратегияларды қолдандыңыз (8.2-қосымшаны қараңыз); зерттеу 
жаңалықтарыңыздың нақты білімді өндіруде маңызды рөл ои�наи� ма?
Енді мәдениетке дендеп ену үшін этикалық рұқсат алудың қиындығын аи�та-
и�ық. Культке немесе қылмыскерлер тобына қосылуға этикалық тұрғыда рұқсат 
алу екіталаи�! Бірақ зерттегіңіз келетін жаңа мәдени топтың ішіне әлдеқашан 
сіңісіп қои�саңыз, онда этнографияға қараи� бет бұрғаныңыз жөн болар. Мәселен, 
шетелде оқып жүрсіз немесе балықшы болуға жұмысқа шақырылдыңыз делік. 
Тағы бір мысал келтіреи�ік. Менің бір аспирантым қара жұмысшы отбасынан 
шыққан, ал қазір академиялық ортада жүр. 
Зерттеуіңіз жанашырлық пен сезімталдыққа толы болу үшін этнография-
лық түсініктерге бет бұрғаныңыз дұрыс. Сұхбаттар мен деректерді талдау тех-
никалары жетілуі мүмкін. Бұл респонденттің мәдени шынаи�ылығы зерттеуші 
шынаи�ылығынан өзгеше болуы мүмкін екенін түсінуге тырысу арқылы жүзеге 
асады. Ол балама шынаи�ылық рұқсат алуға, қолдау табуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет