8 . 2 - Қ О С Ы М Ш А
179
Әдіснамаларды түсіну: сандық және сапалық тәсілдер
субъективтілікке; сенімділіктен гөрі бағыныштыққа; жарамдылықтан гөрі ау-
тенттілікке; жалпыламалықтан гөрі тасымалдылыққа; репродукциялықтан
гөрі аудиттілікке (4-тарауды қараңыз) жақын сияқты. 8.2-қосымшада сапалық
зерттеушілердің ақиқатқа саи� болу стандарттарына қол жеткізу үшін қолдана-
тын кеи�бір стратегияларды көрсеттік.
Этнография
Мінсіз әрі қарапайым шындық сирек жағдайда мінсіз болғанымен, ешқашан
қарапайым болмайды.
Оскар Уайльд
Үи�іме қонақ болсаңыз және тұрмыс-салтым туралы пікір білдіргіңіз келсе,
өз үи�іңізбен салыстыра отырып сөз қылар едіңіз (мысалы, біз де үи�де былаи�
істеи�міз, мынау өзгеше екен, біртүрлі ғои�). Өз отбасыңызбен баи�ланыстырып
не өз біліміңіздің ауқымына жүгініп, менің отбасыма баға бересіз.
Ал мәдени топтарды зерттеуде этнографияның аи�налып өтетін кезі көп.
Этнографияның сөзбе-сөз мағынасы «мәдениетті жазу» дегенді білдіреді. Бұл
ғылым саласы өмір сүру салтын сол топ өкілдерінің көзқарасы тұрғысынан зерт-
теи�ді. Мәдениетті осыған деи�ін қалыптасқан қағидалар шеңберінде бағалаудан
қашуға немесе белгілі бір дүниетаным тұрғысынан ғана зерттемеуге тырысады.
Яғни қандаи� да бір мәдениет өкілдері әлемді қалаи� қабылдаса, сол көзқарас
тұрғысынан қарап, солардың түсінігімен әлем туралы түсінік қалыптастыра-
ды. Дәлірек аи�тқанда, этнографтар орынсыз сын аи�тудан бои�ын аулақ ұстаи�-
ды. Мәдениет ауқымындағы мән-мағыналарды түсіндіру үшін сол мәдениет
y
Табанды бақылау.
Жағдай туралы бастапқы, көбіне тым үстірт ақпараттан өзге
дереккөздерді іздеу.
y
Кең ауқымды репрезентация.
Институт, мәдени топ немесе құбылыс туралы се-
німмен айтуға болатындай кең ауқымды репрезентация.
y
Рецензиялау.
Әдіснаманы және зерттеу процесін өзге бір әріптесі жан-жақты
сынап, тексереді.
Растау немесе тексеру үшін қолданылатын әдістер:
y
Триангуляция.
Әрбір дереккөздің түпнұсқалығын растау үшін деректердің бірне-
ше көзін қолдану.
y
Топ мүшелерін тексеру.
Оқиғалар, жағдай және құбылыстардың түсіндірмесі ин-
сайдерлердің түсіндірмесіне сәйкес келетінін тексеру.
y
Әдістердің толық түсіндірілуі.
Оқырман зерттеуді тексеріп және/немесе қайта
жүргізе алатындай етіп, оны жеткілікті әдіснамалық детальдармен қамтамасыз
ету.
180
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ортасында өмір сүретін адамдардың сим-
воликалық әлемін ұғуға тырысады.
Мұндаи� терең түсінікті қалыптастыру
үшін этнографтар ұзақ уақыт бои�ы сол
мәдениетке сіңісуі қажет. Олар өздері
араласқан оқиғаларды және куә болған жаи�ттарды баяндаи�ды. Меи�лі ол ше-
телдік мәдениет болсын, меи�лі зерттеушінің өз мәдениетіне ұқсас маргинал
мәдениеттер болсын, меи�лі тіпті төл мәдениеті болсын, әлемді сол мәдениет
өкілдерінің көзқарасы тұрғысынан ұғу үшін этнографтар мәдени кешендердің
тұңғиығын барлауға тырысады. Этнографтар мәдени түсініктер қалаи� қалып-
тасқанын зерделеуге және мәдени топ өкілдері өз тәжірибелерінен қалаи� мән
табатынын түсінуге ұмтылады. Олар жаи� ғана «Мынау не?» деген сұрақты одан
әрі зерттеп, «Бұл неге олаи�?» деген мәселені зерделеуге тиіс (8.3-қосымшаны
қараңыз).
Этнография мәдени антропологиядан бастау алады, әсіресе мінез-құлық пен
мән-мағынаны қалыптастыратын негізгі қағидаларды ашып көрсете алатын
жалғыз жол толық сипаттау деген пікірді аи�тқан Клиффорд Гирцтің еңбекте-
рінен тамыр тартады ([1973] 2000).
Бір қарағанда бұл жерде бәрі анық әрі түсінікті сияқты болып көрінуі мүмкін,
бірақ сіз анықтаманы талдаи� бастағанда біраз қиындықты баи�қаи�сыз:
1.
Этнография – мәдени топтарды зерттеу. Бұл маңызды, өйткені «мәдени» терми-
ні топтарды біріктіреді. Айталық, генетика, биология немесе география сияқты
салалардан әлдеқайда ауқымдырақ тұжырым жасайды. Мәдени топтар әлеумет-
тік салт-дәстүр, сенім мен мінез-құлықтардың ортақ белгілері арқылы бірігеді
(мысалы, этностық топтар, қауымдастықтар немесе жұмыс бабындағы топтар).
Этнографиялық зерттеу жеке адамның әлемді түсініп, қабылдауы мәдени тәжі-
рибелер арқылы құрылады және сонымен шектеледі деген сенімге негізделген.
Мәдени топтарды зерттеу – ортақ түсініктерді, сондай-ақ мәдени және норма-
тивтік белгілерді ашып көрсете алатын мінез-құлықтың символикалық аспекті-
лерін қарастыру. Демек, этнография кез келген жағдайды қарастыратын әдіс-
терді, қағидаларды, рөлдерді және одан күтетін нәтижелерді зерделейді.
2.
Этнография өмір сүру салтын қатысушының көзқарасы тұрғысынан қарасты-
рады. Бұл сала адамдар өмір сүретін ортаның символикалық әлемін түсінуге
тырысады. Мәдени топ мүшелері заттарды қалай көрсе солай байқауды, әлемді
түсіну және оған мән-мағына беру үшін сол топ өкілдері қолданатын мәндерді
ұғынуды мақсат етеді. Этнографтар мән-мағыналарды мәдениеттің өзегін тү-
сіндіруге немесе Гирцтің ([1973] 2000) «толық сипаттау» деп атайтын жолымен
жүруге тырысады. Бұл маңызды, өйткені этнография сан алуан өмір шынды-
ғын қабылдайды және мәдени жанашырлықты талап етеді. Этнографтар кей-
де Батысқа, бейтаныс дүниетанымға қарсы түсініктерді жинақтаудың орнына
орынсыз сын айтуды доғаруға және зерттелінушінің көзқарасы тұрғысынан бә-
рін түсінуге тырысады.
Этнография
– түсіну, сипаттау және түсін
-
діру мақсатында мәдени топтардың өмір сүру
ерекшелігін аталмыш топ мүшелері аясында
зерттеу.
181
Әдіснамаларды түсіну: сандық және сапалық тәсілдер
Достарыңызбен бөлісу: |