Этноәдіснама мысалы «Гарфинкельдің Агнесі» 1967 жылы жазылған, «
Этноәдіснамадағы зерттеу » (Stadies in Enhnomethodology)
атты еңбегінде Гарфинкель (Garfinkel) этноәдіснама саласындағы зерттеуі – әлеумет-
тік жұмысын ұсынады. Ер адамның жыныс мүшесімен дүниеге келген, 19 жастағы,
өзін әйел ретінде таныстыратын Агнес 17 жасқа дейін ұл бала ретінде тәрбиеленген.
Еңбек Агнестің әйел ретінде күнделікті іс-әрекетін қалай атқарғанын зерттеп көрсе-
теді. Гарфинкель әйел баласының баршаға бұрыннан таныс өмірін және күнделікті
өмірде әйел болудың қандай екенін ашып көрсетуді мақсат етті. Өмірінің 17 жылы ұл
бала ретінде өткен Агнес әйел адамның күнделікті өмірде атқаратын іс-әрекеті «солай
болуға тиіс» деп қабылданатынын және көзге көрінбейтін міндеттерін ашып көрсетуге
(немесе үйренуге) тырысты. Гарфинкель зерттеуінің ерекшелігі – адамдар күнделікті
өмірде қарым-қатынасты қалай орнататынын этноәдіснаманың ықпалын көрсететін
мысал ретінде қарастырылады.