Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет183/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Этноәдіснамалық зерттеу жүргізу
Этноәдіснамалық зерттеу жүргізу күнделікті қарым-қатынастарға мән-
мағына беруді; ол қарым-қатынастың мән-маңызын қалаи� түсіндіру қажетін 
анықтауды мақсат етеді. Мағынаны табудың әдістері «ережені бұзатын экспери-
менттер жүргізуден», ортақ интерпретацияларды қалыптастыруды зерттеуден 
және интерпретациялы қателіктерді зерттеуден тұрады.
Ережені бұзатын эксперименттер жүргізу
Ережені бұзатын эксперименттер (Гарфинкель өз студенттерін осыны жа-
сап көруге ынталандырған) күнделікті ережелерді бұзу және олардың бұзы-
луына өзіңіздің және өзгелердің оған қалаи� мән беретінін жазып отыру ар-
қылы сол ережелерді тексеруді мақсат етеді. Осылаи�ша болжалды нәрселер 
аи�қындалады (мысалы, лық толы лифт ішінде есікке емес, күллі адамдарға 
қарсы қарап тұру немесе отбасыңызбен енді ғана танысқан адамдаи� сөи�лесу). 
Аи�налаңыздағылардың шатасқанын, көңілдерінің қалғанын, ыңғаи�сызданға-
нын т.с.с. ғана емес, өздігінен солаи� болуға тиіс деп есептелетін ережелерді 
бұзғандаи� сезімді бастан кешетініңізді жазсаңыз болады. Логикалық тұрғыда 
лық толы лифт ішінде көпшілікке бетпе-бет қарап тұру аса қиын емес, бірақ 
бұл кеи�бір эксперимент жүргізушілерге үлкен қолаи�сыздық тудыруы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет