Жабыла жинақтау арқылы іріктеу әдісі Біреулердің нұсқауы арқылы іріктеме құру.
Бастапқы респондентті анықтаған соң, одан зерттеу критерийлеріне сәйкес ке-
летін өзге адамдарды анықтап беруін сұрайсыз. Ол адамдардың әрқайсысынан
өзге адамдарды ұсынуын сұрайсыз.
Көбінесе анықталуы қиын және бағаланбайтын негізгі жиынтықпен жұмыс істе-
генде қолданылады. Мысалы, қаңғыбас адамдардың негізгі жиынтығын анықтау
қиын болуы ықтимал, бірақ біреулердің көрсетуі арқылы іріктеме тез құралуы
әбден мүмкін.
Жабыла жинақтау арқылы іріктеу тәсілі репрезентативтілікке кепілдік бермей-
ді. Әдебиеттер арқылы негізгі жиынтық профайлын құрастыру және іріктемеңіз-
ді профайлмен салыстыру арқылы репрезентативтілікті бағалай аламыз.