Негізгі ақпарат берушімен жұмыс істеудің мүмкіндіктері Ішкі тәртіпті білетін адам немесе сарапшы оңаи� табылмаи�ды. Негізгі ақпарат
беруші сіз түсінуге тырысқан әлемге есік ашады. Бір негізгі ақпарат берушінің
сөзі дерек жинауға ғана емес, сол деректі өңдеуге, өзіңіз бен өзгенің тәжірибесін
түсінуге көп көмегі тиеді.
Бұл барлық дерек негізгі ақпарат берушіден алынады деген сөз емес. Ақпарат
беруші түсінік қалыптастыру мақсатындағы көп қаи�нар көздің бірі ретінде
қолданылуы мүмкін, бірақ олар әртүрлі жолмен сізге көмектесе алады. Негізгі
ақпарат беруші:
y
Зерттеудің бастапқы кезеңдерінде маңызды болуы мүмкін. Зерттеушілер кон-
текстік білімін құрастыруда негізгі ақпарат берушілерге жүгінуі мүмкін. Сондай-
ақ олар сұхбат сұрақтарын жасап шығаруға, құрылымда көмекші болуға немесе
сауалнама құралын қарап шығуға көмекке келуі мүмкін.
y
Жиналған/жасалған деректердің дұрыстығын триангуляциялау үшін немесе рас- тау үшін қолданылуы мүмкін. Негізгі ақпарат берушімен жүргізілген сұхбаттардан
алынған деректер сауалнама, бақылау немесе құжаттық деректер сияқты өзге
дереккөздердің аутенттілігін растау үшін қолданылады. Негізгі ақпарат беруші,
сондай-ақ сенім тудыру қабілетін растау үшін деректерді бейресми қарастырған-
да немесе түсініспеушіліктер, қате түсіндірмелер мен мойындалмаған жаңсақ
пікірлерді зерделеуде көмекке келуі мүмкін.
y
Бастапқы деректерді қалыптастыру үшін қолданылуы мүмкін. Негізгі ақпарат
берушімен жүргізген сұхбаттар сапалық деректің бастапқы дереккөзі бола
алады.