266
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Ақпарат берушіні таңдау
Негізгі ақпарат берушімен жұмыс істемес бұрын алты түрлі мәселемен бетпе-
бет келуіңіз қажет. Бірінші мәселе – сізге қандаи� ақпарат беруші керек екенін
анықтау. Негізгі ақпарат беруші ең мықты сарапшылар болуға тиіс емес еке-
нін түсінгеніңіз маңызды. Зерттеу процесіне паи�далы болуы мүмкін адамның
бірнеше сипаты бар. Зерттеу сұрағыңызға және контексіңізге қараи� ақпарат
беруші түрлері:
y
Сарапшылар
. Өз саласы бойынша құрметті адам.
y
Инсайдерлер
. Ұйымның, мәдениеттің немесе қауымдастықтың
ішіндегі және ай-
наладағы ахуал туралы ақпаратпен бөліскісі келетіндер.
y
Тәжірибесі мол тұлғалар
. Бәлкім, жетік сарапшы болмауы мүмкін,
бірақ сіз зер-
делеп жатқан зерттеуге қатысты салада тәжірибесі мол адам.
y
Көшбасшы
. Ресми және бейресми деңгейдегі көшбасшы.
y
Бақылаушы
. Ұйымда немесе қауымдастықта кімнің кім екенін және ненің не еке-
нін жақсы білетін адамдар.
y
Өсекші
.
Бақылаушы секілді; бақылау (кейде алып-қашпа сөздерден) қызығынан
бас тартпаңыз; ақпаратыңыз дұрыс екеніне сенімді жүресіз.
y
Қосымша тәжірибесі барлар.
Мысалы, жастар
арасындағы суицид мәселесін
зерттеп жүрсеңіз, жастарға қоса, жұмысыңызға қатысты тың ойға жетелеуі үшін
нақты
бір жетекшілерді, мұғалімдерді және ата-аналарды да іздеуіңіз мүмкін.
y
Сөз тасушы.
Классикалық полицей секілді «ақпарат беруші» болғысы келетіндер;
сізге анық және жасырын өзекті мәселеден хабардар адам.
y
«Экс» (Бұрынғы).
Бұл тізімде азаматтығынан айырылғандар, шеттетілгендер, қай-
та ақталғандар, дінін ауыстырғандар, жұмыстан қысқарғандар мен жұмыстан
шығарылғандар және зейнеттегілер болуы мүмкін.
Екінші мәселе – осы топқа жататын адамдарды анықтау. Адамдардан сұ-
растырып немесе жөн сілтеу процесі (11.3-кестені қараңыз) арқылы ақпарат
берушілердің тізімін жасап шығаратын «жабыла жинақтау» техникасын қол-
данып көру орынды болар еді. Бәрінен хабардар бір адам сізге өзгелерді табуға
көмектесуі мүмкін.
Үшінші мәселе – анықталғандардың мәртебесін растау. Олар шынымен-ақ
зерттеуіңізді сенім тудыратын ақпаратпен қамтамасыз ететін сарапшы ма,
тәжірибесі бар ма немесе инсаи�дер ме? Сіз іздеген адам ұзақ уақыт сіз қажет
еткен салада жұмыс істегеніне мән беріңіз, оған жөн сілтеген адамдардың жан-
жақты пікіріне құлақ асыңыз. Жалпылама тұжырымдармен шектелмеңіз.
Төртінші мәселе – ашық және шынаи�ы ақпарат жинаи� алу қабілетіңіз. Негізгі
ақпарат берушіні табу оңаи� және ол ақпаратпен бөлісуге құлықты болуға тиіс. Ол
адамда сізге қажет ақпарат болса, бірақ ақпаратпен бөліскісі келмесе, олардың
еш паи�дасы жоқ. Сенімді нығаи�ту (3-тарауды қараңыз) аса маңызды.
267
Іріктемелерді, ақпарат берушілерді және кейстерді анықтау мен сұрыптау
Бесінші мәселе – ақпарат берушінің субъктивтілігін анықтау және білу.
Респонденттердің бәрі де белгілі бір дүниетанымға ие және олардың кеи�бірі
шынымен өзекті мәселемен аи�налысуы мүмкін. Кеи�бірі
тыңдағанды жақсы
көруі, кеи�бірінің ішінде ашу-ызасы қаи�нап жатуы, кеи�бірі өз дауысын ұнатуы
мүмкін, кеи�бірі басқалардан білетінім көбірек деп ои�лаи�тын шығар, енді бірі
жеке тәжірибесіне (отбасының табысуы сияқты естіледі екен!) сүи�еніп, өзге-
лер де сондаи� қадам жасауға тиіс немесе күллі әлем солаи� әрекет еткені дұрыс
деп санаи�ды. Негізгі ақпарат берушіңізбен етене жақын болыңыз. Бұл оның ер-
кін болуы үшін ғана емес, ол берген ақпаратпен сіздің қалаи� жұмыс істеи�тініңіз
үшін де қажет.
Соңғы мәселе этикаға келіп тіреледі. Ақпарат берушілердің тізіміне қара-
саңыз, негізгі ақпарат берушілермен жұмыс істегенде және оларды таңдаған-
да этика мен адалдықтың маңызды орынға ие екенін түсінесіз. Жаңсақ пікірді
елеп-екшеи� отырып, зерттеуші ретіндегі ықпалыңыз туралы ои�ланып көріңіз.
Негізгі ақпарат беруші өзін-өзі немесе сіз оларды өте қиын жағдаи�ға итер-
мелеуіңіз мүмкін екенін естен шығармаңыз. Оларды әрдаи�ым құрметтеуіңіз
керек.
11.4-кестеде негізгі ақпарат берушілерді таңдауда және олармен жұмыс іс-
теудегі этикалық мәселелердің біразын мысалға алдық.
Достарыңызбен бөлісу: