278
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Бастапқы дерек жинаудың мүмкіндіктері мен
қиындықтары
Бастапқы дерек – ғалымның зерттеу мақсатына сәи�кес жинаи�тын арнаи�ы
дерегі. Бұл деректі зерттеу процесінен бөліп қарауға болмаи�ды. Бастапқы де-
рек – өзекті әрі зерттеушінің толық меншігіндегі дерек, ең маңыздысы, ол зерт-
теуші зерделеи�тін нақты бір мәселеге арналады.
Бастапқы деректі жинаудың ең көп таралған тәсілі – сауалнама мен сұхбат.
Бұл әдістер зерттеуші ретінде сізге көп билік береді. Қалаған нәрсеңізді қала-
ған уақытта өзіңізге ыңғаи�лы формада сұраи� аласыз, сонымен қатар сұрақтар-
дың мазмұнын, ретін, жауап беру уақытын және іріктемені өзіңіз анықтаи�сыз.
Бақылау да осыған ұқсас, себебі дерек жинау процедурасын өз бетіңізбен жа-
саи�сыз. Нені қашан бақылаи�тыныңызды және «дерек» ретінде нені тіркеи�ті-
ніңізді өзіңіз шешесіз. Осы үш тәсілде де дерек жинау зерттеу сұрағыңызға,
гипотезаңызға, мақсат-міндетіңізге бағытталады және оларға тікелеи� қатысты
болады. Жинаған дерегіңіз қажетсіз нәрсе емес, керісінше, зерттеу жобаңызды
ескере отырып жинақталған арнаи�ы дүние болып шығады.
Дегенмен бастапқы деректі жинаудың қиындықтары да бар. Біріншіден,
ол – ауқымды жұмыс. Сауалнама, сұхбат немесе бақылау тәсілдерінің қаи�сысын
Оқыту мақсаты
y
Бастапқы дерек жинаудың мүмкіндіктері
мен қиындықтары
○
Зерттеу жұмыстарындағы бастапқы деректің маңызын түсіну
y
Сауалнама жүргізу
○
Сауалнама жүргізудің табиғатын және оның
қай кезде жарамды болатынын
түсіну
○
Конструктивті сауалнама құралын
жасау және сынақтан өткізу
y
Сұхбат алу
○
Сұхбат алудың табиғатын және оның қай кезде жарамды болатынын түсіну
○
Сұхбатты тиімді жоспарлау және сұхбат жүргізу
y
Бақылау
○
Бақылау жасаудың табиғатын және оның қай кезде жарамды болатынын
түсіну
○
Бақылау жасау зерттеуін тиімді жоспарлай алу және жүргізу
279
БАСТАПҚЫ ДЕРЕК: сауалнама,
сұхбат және бақылау
қолданып дерек жинасаңыз да, процедураларын жобалау оңаи� емес. Сауалнама
құралдарын дұрыс таңдаудың қиын екенін біраз адам біледі. Көп адамнан сұх-
бат алу, оны мұқият талдау қажытып жіберуі мүмкін. Ал бақылаудың күрделі
болғаны сондаи�, соңында қаптаған деректің астында көміліп қалуыңыз ғажап
емес.
Сонымен қатар бастапқы дерек жинау көп уақытты қажет етеді, оған көбі-
несе қомақты қаржы керек болады, жоспарға да бағына бермеи�ді. Белгіленген
уақыт шегі аясында сауалнамаға респондент табу, сұхбат алу үшін қаланың
немесе мемлекеттің әртүрлі жерлеріне бару, ұзақ уақыт жұмсап бақылау жүр-
гізу – мұның барлығы зерттеуді жоспарлаудағы шешім қабылдау процесінде
ескерілуі керек.
Осы қиындықтарды еңсерсеңіз, үлкен олжаға кенелесіз. Қолыңызда дәл
сіздің зерттеу мақсаттарыңыз үшін жиналған дерек болады, ал бұрыннан бар
ескі деректі паи�даланғанда мұндаи� толық мәліметке қол жеткізбесіңіз анық.
Сонымен, осы әдістерді барынша тиімді паи�далану үшін нені білу қажет?
Достарыңызбен бөлісу: