Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет311/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Құрылымдалмаған бақылау.
Бақылаушы ал
-
дын ала белгіленген критерийлерді қолданбай-
ақ бақылауға және деректерді жазып алуға ты
-
рысады. 
Бақылаушы бақылағанының бәрін жазады, кейін 
пайда болған ерекшеліктерді іздейді, бастапқы 
бақылаудың дұрыс-бұрыстығын бағалап, кейінгі 
бақылауға назар салуға тырысады. 
Мәселелер мен қиындықтар
Болып жатқан жағдаи� немесе тақырып бои�ынша «бақылау» жасап, түртіп 
алса болды, демек, бақылау жасау оңаи� нәрсе деп ои�лауыңыз мүмкін. Бірақ 
бақылаудың жүи�елі дерек жинау әдісі екенін түсіну маңызды. Күнделікті істеп 
жүрген ісіңді нақты зерттеу құралына аи�налдыру қиын. Бірақ барлығын ыж-
дағатпен жасасаңыз, бақылау адамдардың ісі туралы әңгімесін ғана ғана емес, 
іс жүзінде не істеи�тінін анықтауға, ол туралы тұжырым жасауға, мол әрі терең 
сапалық және стандартталған дерек, сондаи�-ақ вербал және беи�вербал мәлімет 
жинауға мүмкіндік береді. 
Алаи�да бақылау кезінде субъективті пікірлеріңіз – өскен ортаңыз, қызы-
ғушылығыңыз, өмір тәжірибеңіз бен экспектацияңызды есте ұстап, олардың 
бақылауға әсер етпеуіне күш салуыңыз керек. 12.2-сызбада көрсетілгендеи�, 
бір әлем бар, бірақ біз оны тұтас қамти алмаи�мыз – түсінігіміз сезіміміз ар-
қылы қабылдауға болатын дүниемен шектелеміз. Сенсорлық ақпарат қатаң 
құрылымданған, нақты да шектеулі ортада әлеуметтенген мидың көмегімен 
сүзгіден өтеді. Сөи�тіп, қалыптасқан түсінігіміз ресми бақылау процесімізге 
ықпал етеді. 


312
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Бұл зерттеушіге ои�лау процестеріне негізделген сенімді деректі алуда үлкен 
жауапкершілік жүктеи�ді және бақылау зерттеуінің жүи�елі түрде жоспарлануын, 
мүмкіндігінше басқа әдістерді паи�далану арқылы расталуы қажет екенін баса 
көрсетеді.
Екінші мәселе – зерттеуге қатысушылармен қарым-қатынасты қалаи� басқа-
расыз? Мысалы, адамдар бақылауда екенін білсе, үнемі қалыпты әрекет етпеи�-
ді. Бақылауда екенін білетін адамнан табиғи мінез-құлықты күте аласыз ба? 
Жасырын бақылау жүргізудің де өзіне тән дилеммалары бар және жасырын 
зерттеуіңіз күтпеген жерде белгілі болып қалса, жаңа жоспар құруға тура келеді. 
Қатыспаи�тын бақылау кезінде ақпарат ала алмаи�, қатысушыға аи�налып кетсеңіз 
ше? Өзіңіз зерттеп жүрген мәдениетке тым терең еніп кетіп, зерттеу рөліңізді 
екінші орынға қоя бастасаңыз ше? Бұл көп қиындық туындатуы мүмкін және 
әдіснамаңызды қаи�та қарауды қажет етуі ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет