Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет409/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Сапалық деректі талдау әдісі
Сапалық деректі талдау мәселесіне келсек, құжат, стенограмма, кескіндер мен 
мәтін сияқты өңделмеген деректерді жан-жақты қарастырған жөн. Бұл – дерек-
ті жинаудан бастап, оны басқару, талдау, тіпті қорытындылау процесі арқылы 
өтетін, көп оқуды және қаи�талап оқуды қажет ететін процесс. 15.2-қосымша-
да толығымен тұжырымдалып, көрсетілген талдауды ұсындық: 1) сыңаржақ 
пікірді анықтау және жалпы әсерді көрсету; 2) деректерді редукциялау (өте 
ауыр жұмыс, бірақ өңделмеген ретсіз деректен толық түсінікке өтудің маңызды 
кезеңі), ұи�ымдастыру және кодтау; 3) паттерндер мен өзара баи�ланыстарды 
іздеу; 4) тақырып түзіп, олардың картасын жасау; 5) теория құрып, оны тексеру; 
6) қорытынды жасау.
Екі маңызды жаи�тты атап өтеи�ін. Біріншіден, өңделмеген деректен толық 
теориялық түсінікке көшемін десеңіз, ол процесс бірізді жүрмеи�ді. Сапалық 
дерек итеративті талдау циклін талап етеді. Жаңа қызық тақырып алдыңғы 
кезеңге – қаи�та оқу, шолу және қаи�та түсіну кезеңіне алып барады. Екінші нәр-
се редукция ұғымымен баи�ланысты. Процестің бір бөлігі ретінде редукцияны 
аи�тсам, студенттер алаңдап қалады. Олар редукция сапалық деректі талдаудың 
бүтіндігін сақтау мақсатына қаи�шы келеді деп есептеи�ді.
Баи� материал да маңызды бірақ, сапалық талдау баи� материалды сақтау-
мен ғана шектелмеи�ді. Жақсы сапалық талдау жақсы құрылымды талап ете-
ді. Нақтырақ аи�тқанда, өңделмеген дерек ауқымды шығар, бірақ ретсіз, яғни 
жариялауға келмеи�ді. Мысалы, журналға жариялағыңыз келсе, мыңнан аса 
Өңделмеген дерек
Ұйымдастырылған дерек
Редукцияланған
дерек
Өзара 
байланыстырылған 
дерек
Тақырыптық дерек
Мағыналы түсінік 
15.4-сурет.
Сапалық дерекпен жұмыс: тереңдеу және абстракциялау


403
Сапалық деректі талдау
парақты 10 беттік мақалаға аи�налдыру керек. Яғни деректі мағыналы, анық 
әрі түсінікті қылып жазу керек. Редукция процесінен кеи�ін деректер арасындағы 
баи�ланысты тауып, тақырыпты дамытып, теория түзуге болады. 15.4 сызбада 
көрсетілгендеи�, мағыналы түсінікке жету үшін дерегіңізді кері абстракцияла-
ңыз, сонда ол теорияңызбен мазмұнды диалогқа түсетін толыққанды әрі сен-
дірерлік әңгіме болып шығуға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет