Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition


Тақырыпты редукциялау және кодтау



Pdf көрінісі
бет411/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Тақырыпты редукциялау және кодтау
Талдаудың келесі кезеңі – барлық дереккөзді жолма-жол талдау, тексеру. Бұл 
түсінік категориялары үшін өңделмеген дерекке жүи�елі түрде тереңдеу керек 
болады. Деректі редукциялаңыз, әркелкі тақырыпқа сұрыптаңыз. Талдауды 
қолдан жасасаңыз, бөліп алуға болатын стенограммалардың көшірмелерін жа-
саңыз, әрқаи�сысын бумаларға тігіңіз, талдау жүріп жатқан уақытта тәжірибе 
жасаңыз. Беи�нежазбаларды ои�ната отырып, ескертпе жазыңыз, қаи�та-қаи�та 
жазыңыз. Сапалық деректі талдаудың бағдарламалық жасақтамасын қолдан-
саңыз, электронды салыстырма жүргізуге болады.
Тағы қаи�талап аи�тамын, бұл іс зерттеу бағытыңыздан адастыруы мүмкін. 
Ауқымды дерегіңіз сұрыпталған және жиналған кезде үи�ме қоқыс сияқты 


404
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
көрінуі мүмкін. Бірақ бұл талдауыңыздың бір кезеңі ғана екенін және түсінігі-
ңіз кеңеи�е түскен саи�ын кері оралуға болатынын ескеріңіз.
Жолма-жол талдауда категория мен тақырыпты бірнеше тәсілмен іздеи�сіз: 
қолданылған сөздер; талқыланған тұжырымдар; көмекші лингвистикалық құ-
рылғылар; зерттеуші жазып алған беи�вербал ишаралар.
Сөзді зерттеу
Сөзді қаи�талау, контексте және қолданыста (кеи�де контекстегі негізгі сөз-
дер деп аталады) зерделеу арқылы зерттеи�міз. Белгілі бір сөздердің нақты 
мәдени ерекшеліктері де маңызды. Паттон (2001) мұны «баи�ырғы халық са-
наттары» деп атаса, Корбин мен Страусс (2014) «табиғи күи�інде (in vivo) код-
тау» деген. Зерттеушілер белгілі бір сөздің (немесе фразаның) негізгі сипатын 
білу үшін оның контексін/мағынасын ескере отырып, мәтінді жүи�елі түрде 
зерттеи�ді (контент-анализді қараңыз). DICTION немесе Concordance сияқты 
бірнеше бағдарламалық жасақтама пакеті сөзді жылдам әрі тиімді анықтап, 
қолданысын есептеи� алады, тіпті осындаи� нәтижені сан түрінде жазып береді.
Тұжырымдарды зерттеу
Тұжырымды зерттеуде стенограмманы жолма-жол немесе әр абзацын оқиды. 
Негізделген теорияны қолдаушылар мұны «тұрақты салыстыру» деп атаи�ды. 
Дәлірек аи�тқанда, әр мәтіндегі тұжырым мен мағына зерттеледі, бұрын талдан-
ған мәтінмен салыстырып, ұқсастық пен аи�ырмашылықты табады. Тұжырымдау 
барлаудың стандарт әлеуметтік ғылым санатынан (мысалы, билік, нәсіл, тап, 
гендер) шығуы мүмкін. Ол үшін мәтініңізді оқып, тақырыпты дедуктивті түрде 
ашасыз. Олаи� болмағанда, сыңаржақ пікірден ада деректен индуктивті тұжырым 
іздеи�сіз (негізделген теория практикасы). Зерттеушілер алдын ала анықталған 
санатты дерек нәтижелеріне қараи� беи�імдеуі және балама түсінікті баи�қамаи� 
қалмауы керек. Алаи�да таза индуктивті әдістерде де сыңаржақ пікір кездеседі, 
өи�ткені белгісіз субъективті пікір деректен туындаи�тын тақырыпқа әсер етуі 
мүмкін. Мағыналы түсінікпен жұмыс істеу көбінесе индуктивті және дедуктивті 
процесті қамтиды.
Лингвистикалық құрылғыларды зерттеу
Толыққанды, образ бен эмпатиялық түсінікті беи�нелеи� алатындықтан, ме-
тафоралар, мен теңдеулер, тіпті мақал-мәтелдер де зерттеледі. Бұл құрылғылар 
көбінесе спикер мен аудитория арасындағы баи�ланысты орнату арқылы ои� құ-
рап, түсінікті жеңілдетеді. Осындаи� лингвистикалық құрылғыларды іздесеңіз, 
ауызша және жазбаша сөзде көп кездестіретініңізді аи�тып қояи�ын. Сапалық 
деректі талдаушылар нақты тұжырымның әртүрлі мағынасын жіктеу үшін кө-
бінесе метафоралық сипаттаманы паи�даланады.


405
Сапалық деректі талдау
Бейвербал ишараларды зерттеу
Өңделмеген деректен толыққанды мағынаға ои�ысудағы қиындықтың бірі – 
деректі жоғалтып алу. Сапалық деректі жинау мен талдауда сөз мәнері мен эмо-
циядан гөрі сөзге, сөзбен ілесіп жүретін дене қимылына, тіпті аи�тылмаған сөздерге 
назар аударыңыз. Тақырыпты барлауда беи�вербал әлем өте маңызды. Өңделмеген 
дерек, жазба немесе стенограммаларыңызда беи�вербал ишаралар болса, ол кон-
тент пен тақырыпқа мағына үстеуі мүмкін: дауыс мәнері, қатты шығуы, екпіні; 
шын жүректен не мазасыздана күлу; бет әлпеттің өзгерісі, дене қимылы; осындаи� 
өзгерістер мағыналы түсінік беру үшін маңызды болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет