Сыңаржақ пікір мен жалпы әсерді анықтау
Дерек жинау процесін талдау процесінен түбегеи�лі ажырату қиын болған-
дықтан (адамдардың әңгімесін тыңдап отырғанда ои�лау процесін шектеи� ал-
маи�сыз), жұмыс барысына қараи� талдау жасап жүресіз. Бірақ бұл қауіпті, себебі
интерпретация зерттеушінің сыңаржақ пікірі, сенімі, дүниетанымы және пара-
дигмаларына (таныс/беи�таныс, саналы/түпсаналы парадигмалар) шырмалып
қалуы мүмкін.
Сыңаржақ пікірлер болатындықтан, талдауды бастаудың жақсы тәсілі – жеке
ұғым-түсініктеріңізді мүмкіндігінше түгендеу керек. Субъективтілікті басқара-
тын талдау жасағыңыз келсе, сыңаржақ пікіріңізді саналы түрде мои�ындаңыз.
Нені тапқыңыз келетінін, ал нені күтпеи�тініңізді елеп-екшеңіз. Күтпеген жағдаи�-
ға даи�ын болыңыз! Бұл сыңаржақ пікірден құтылуға жол ашып қана қои�маи�ды,
сонымен қатар зерттеуде ықтимал категорияларды табуға көмектеседі.
Екінші қадам – оқу процесі кезінде түртіп алған «жалпы әсер» туралы жаз-
баларыңызды ескере отырып, жиналған барлық мәліметті мұқият оқып шығу.
Деректерге қатысты жалпы пікір алу, жан-жақты оқиға есебінде әркелкі де-
реккөзді тұтас шолу процесін бастаңыз. Әртүрлі тақырып сезім мен эмоцияны
да анықтауы керек. Мысалы, ажырасуды зерттесеңіз, ашулану, түңілу мен жан
жарасын зерттеу мүлікті немесе ата-ана міндетін бөлісуді зерттеу секілді ма-
ңызды екенін ұмытпаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |