415
Сапалық деректі талдау
Пайым
Әлеуметтік ғылым, денсаулық сақтау ғылымы немесе қолданбалы ғылым
дегендегі «әлеуметтік, денсаулық, қолданбалы» сөздері – ғылым түрін сипаттау
үшін паи�даланатын сын есім. Біздің зерттеу дәстүрлеріміз де осыны аи�ғақтаи�ды.
Зерттеу жүргізу әдістері және мақала жазу жолдары ғылыми дәстүрден бастау
алатыны сөзсіз. Ал бұл дәстүрде объективтілік ережелері мен мақала жазу, әдет-
те, қасаң фактілерге негізделеді, мұны ашық аи�ту керек. Бірақ бір сәтке аялдап,
мақсатымыз туралы ои�ланаи�ық. Зерттеу арқылы дәлелге негізделген шешім
қабылдауға үлес қосамыз, өзгерістерге себепші боламыз. Ол үшін басқаларға
ықпал етуіміз қажет. Сенім тудыратын зерттеуді ешкім жоққа шығармаса да
(мұндаи� зерттеу өте маңызды), бастан кешкен оқиғалардың, қиындықтар мен
ішкі сезімдердің де сендіре алатынын ұмытпауымыз керек. Сапалық деректің
күш-қуаты – осында. Адамның басындағы жаи�-күи�ін ешбір статистикалық мә-
лімет те, қасаң цифрлар да бере алмаи�ды. Ондаи� дерек жинаи� алсаңыз, оны:
қолданыңыз, бөлісіңіз және жұмысыңызға адал болыңыз. Сонда зерттеуіңіздің
қандаи� керемет болғанын баи�қап, таң-тамаша қаласыз.
Достарыңызбен бөлісу: