Тарауды қорытындылау y
Сапалық деректі талдау рефлексивті зерделеу мен интерпретация арқылы
жаңа түсінік қалыптастырады. Ол сұхбат, топтық талқы, бақылау, журнал
және мұрағат құжаты сияқты күрделі дерекке сүйенеді.
y
Сапалық деректі талдау логикасы өңделмеген дерек арқылы тақырыптарды
индуктивті табу мен дедуктивті ашу процесінде креативтілік пен назарда ұс-
тау арасында тепе-теңдік сақтауды қажет етеді. Бұл – зерттеушінің деректі
жақыннан зерделеуін талап ететін процесс.
y
Сапалық деректі талдау: сыңаржақ пікірді анықтау, жалпы әсерді атап көр-
сету; ұйымдастыру және кодтау; паттерндер мен өзара байланыстарды із-
деу; тақырып картасын жасау; теория түзу және тексеру; қорытынды жасау.
y
Сапалық деректі талдауға арналған парадигма/пәнге негізделген бірнеше
стратегия бар: контент-анализ, дискурстық талдау, нарративті талдау, кон-
версиялық талдау, семиотика, герменевтика, негізделген теория. Визуалды
талдау олардың барлығын қамтиды және зерттеушіге көріністің маңызын
ескертеді.
y
Сапалық деректі тиімді репрезентациялау зерттеуіңізді байыта түседі.
Салмақты ету үшін оқиға тізбегін құрастырып, сөзді және/немесе көріністі
таңдап қолдану қиынға соғуы мүмкін.