Қарақалпақ әліпбиі.
1993 жылы латын графикасына негізделген Өзбек әліпбиінің жо-
басы бекітілгеннен кейін, 1994 жылдың ақпан айында қарақалпақ елінде латын әліпбиіне
негізделген әліпби жобасы бекітілді. Бұл әліпби-жоба түрік тілінің әліпбиіне ұқсас келді. Аа,
Ää, Bb, Dd, Ee, Ff, Gg, Ğğ, Hh, Xx, Ιι, İi, Jj, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Ňň, Oo, Öö, Pp, Rr, Ss, Şş, Tt, Uu, Üü, Vv,
Ww, Yy, Zz.
Алайда бұл жоба 1995 жылы қайта қаралып, әліпби-жобадан диакритикалық таңба-
лар алынып тасталды. Диакритикалық таңбалардың орнына диграфтар мен апострофтар
алынды. Аталған әліпби жоба төмендегідей болды: Аа, Aʽaʽ, Bb, Dd, Ee, Ff, Gg, Gʽgʽ, Hh, Xx, Ιι, İi,
Jj, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Nʽnʽ, Oo, Oʽoʽ, Pp, Rr, Ss, Tt, Uu, Uʽuʽ, Vv, Ww, Yy, Zz, Sh, sh. Қарақалпақ тілін
зерттеушілердің пікірінше, әріптің жанында апострофтың қойылуы сөзді тануды қиын-
датып, олардың аражігін алшақтатып жіберген. Сөздің тұрпаты бұзылып, компьютермен
басқанда сөздердің арасы бір интервалдан тұрды және әріп пен апострофтың арасына да
бір интервал қойылды. Апострофтың әріптің жанында қойылуы жазуда үлкен қиындық
тудырды. Нәтижесінде Жоғары кеңесте тілші мамандардың, көпшіліктің пікірі есепке алы-
нып, емле-ережеге біраз өзгерістер енгізіледі.
1. 2009 жылдың 8 қазанында бекітілген ереже бойынша сөз басында келетін дауысты о,
ө, е дыбыстары wo, wó, ye қосар әріппен емес, бұрынғы дәстүрлі норманы сақтап жеке таң-
бамен /о/, /ó/, /е/ берілетін болды.
2. Қарақалпақ тіліне тән (A’a’, O’o’, Ι’i’, U’u’, G’g’, N’n’) дыбыстарды таңбалайтын апостроф
белігісі алынып, әріптің үстіне акут белгісі қойылып өзгертілді: Áá, Óó, Úú, Íι, Ńń, Ǵǵ.
3. Қазіргі таңдағы қысаң дауысты Ι’i’ дыбыстың апострофы алынып тасталып, /Íι/түрін-
де таңбаланды. Яғни бас әрпі /Í/ акутпен таңбаланса, кіші әрпі /ι/акутсыз таңбаланды. Сон-
да қазіргі қарақалпақ әліпбиі төмендегідей болды: Аа, Áá, Bb, Dd, Ee, Ff, Gg, Ǵǵ, Hh, Xx, Íι, Ιі, Jj,
Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Ńń, Oo, Óó, Pp, Rr, Ss, Tt, Uu, Úú, Vv, Ww, Yy, Zz, Sh sh, Cc, Ch ch.
Осымен байланысты төмендегідей жеке әріптердің емлесі бекітілді:
- /Е/ әрпі кірме сөздерде дара е түрінде жазылды. Мысалы,
ekonomika, elektr, estetika,
estrada, ekran.
- Қарақалпақ тілінде /u/ әрпі
usta, ultaraq, bulaq
сияқты төл сөздер мен
universitet, jurnal,
galstuk
сияқты кірме сөздерде келеді.
- /i/ әрпі төл сөздерде /ıy/, /iy/ түрінде ажыратылып жазылды:
tıy, sıy, qıyın, kiyim, kiyik.
Кірме сөздерде бір әріппен таңбаланды:
institut, cirkul,continent, chempion, prezident, predikat.
- /w/ әрпі де /uw/, /úw/, /ıw/, /iw/түрінде ажыратылып жазылды: suw, quwraq. Сөздің
алғашқы буынында /uw/, /úw/қосар әріптері келсе, кейінгі буындарда /ıw/, /iw/қосар
әріптері келген. Мысалы,
jazıw, basqarıw.
Ал дауыстылардан кейін және сөз басында жеке
/w/ әрпі жазылады:
wáj, wade, qawın, sawda, altaw.
Сөз ішінде қатар келетін дауыстыладың емлесі төмендегідей берілген:
- ia: diagnoz, material, pianino;
- io: radio, biologia, million;
- ai: mozaika, novokain, Ukraina;
- oi: alkaloid, ellipsoid;
- ea, eo: teatr, okean, laureate, teorema, video;
- ae, oe: aerobus, aerodrom, poema, poeziya;
- oa: oazis, kinoaktyor;
- ie: klient, dieta;
13
- iu: notarius, presidium;
- ao: kakao;
- ee: reestr, teleekran;
- oo: kinooperator, kooperaciya.
Достарыңызбен бөлісу: |