2) Ерін үндесімі
– түбір сөздегі еріндік дауыстының әсерімен кейінгі дауыстылардың да
еріннің қызметіне қарай үндесіп айтылуы
(жүрөк, күрөк,
т.б.
)
. Қазақ тілінде ерін үндестігі
жазба тілге тән емес, тек ауызша тілдегі құбылыс болып табылады. Қазақ тіліндегі ерін
үндестігі ауызша тілде бастапқы буындарда болмаса, соңғы буындарға дейін сақталмайды
(
түйөлөріміз, көбөлекке,
т.б.).
Тілімізде үндестік заңына бағынбай, сөз ішінде жуан және жіңішке дыбыстар аралас
келіп, бейүндес түрде жазылатын сөздер де бар. Олар мынадай жағдайда кездеседі:
1) Араб, парсы сөздері (
ақірет, қазірет, құдірет, бейшара
т.б.);
2) Араб, парсы (
-хана, -кез, -кер, -қор
т.б.) және төл қосымшалар (
-нікі, -мен,
т.б.) сөздің жу-
ан-жіңішкелігіне қарамай жалғана береді (
дәріхана, еңбекқор, атамдікі, ағаммен
т.б.);
Бейүндес сөздерге қосымшалар сөздің соңғы буынындағы дауыстының жуан неме-
се жіңішкелігіне қарай жалғанады:
бейшара
(-ның, -ға, -лар),
ақірет
(-тің, -ке),
тәкаппар
(-дың, -ға),
күнәһар
(-дың, -ға). Ал қосымшалар жалғануы қиындық тудыратын сөздердің
бірі соңғы буыны
ә
дыбысымен келетін араб, парсы сөздері. Оларға қосымшалар кейде
жуан, кейде жіңішке жалғанады:
зәмзәмға/зәмзәмді, куәсінің/куәсіна, куәмен/куәға, күмәнді/
күмәнға
т.б. Сондай-ақ, бірқатар сөздердің жазылымы босаң норма ретінде танылып келе
жатыр:
ділда-ділдә, күстана-күстәна, ділмар-ділмәр, тілмаш-тілмәш, тәкаппар-тәкәппар,
кінарат-кінәрат, мүбарак-мүбәрәк, нәпақа-нәпәқа, мүшайра-мүшәйра, мінажат-мінәжат,
әмәнда-әманда, дүбәра-дүбара, дүдәмал-дүдамал, жүдә-жүда, кәусар-кәусәр, ажуа-әжуә, қа-
26
не-кәне, тауба-тәуба, мүкәммал-мүкаммал, пәтуа-пәтуә, тәурат-тәурәт
т.б. Бұндай сөз-
дерде
Достарыңызбен бөлісу: |