Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ


JAŃA QAZAQ ÁLIPBIINIŃ FONOLOGIALYQ NEGIZDERI



Pdf көрінісі
бет9/153
Дата03.04.2022
өлшемі5,46 Mb.
#137760
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   153
Байланысты:
Раңа Ð Ð Ð Ð 72 Ñ Ð°Ò Ð°Ñ Ñ Ð¾Ò£Ò s(2)

2
JAŃA QAZAQ ÁLIPBIINIŃ FONOLOGIALYQ NEGIZDERI 
ӘЛІПБИ, ГРАФИКА, ОРФОГРАФИЯ
Әліпби.
Әліпби дегеніміз – белгілі бір жазуда қолданылатын, белгіленген тәртіппен ор-
наласқан әріптердің жиынтығы. Сонымен қатар жазуда оқудың кілті болып табылады.
Н.Уәлидің анықтауынша, әліпби дегеніміз белгілі бір фонемалардың жазудағы өкілі болып 
табылатын әріптердің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар сол әріптерден түзілген 
жазуда оқудың кілті болып табылады. Әліпбидің құрамындағы әріптер арқылы оның ұлттық 
сипаты көрінеді. Кирил графикасына негізделген әліпбидің құрамында төл сөздерді таңба-
лайтын әріптермен бірге шеттілдік сөздерді таңбалайтын әріптер (ф, ц, ь, ъ, э) жазуда қатар 
жұмсалды. Ал қазақ тілінің фонологиялық жүйесінде тоғыз дауысты а, ә, ы, і, е, о, ө, ұ, ү және 
он жеті дауыссыз
 
б, г, д, ж, з, и, к, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш фонема бар. Бұдан төл сөздерді таңба-
лайтын әріптермен қатар шеттілдік сөздерді таңбалайтын әріптердің де жазуда қатар қол-
данылғанын көруге болады. Қазіргі латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінде
32 әріп бар: a, á, b, d, е, f, g, ǵ, h, і, ι, j, k, l, m, n, ń, о, ó, р, q, r, s, t, u, ú, v, у, ý, z, sh, ch. 
Зерттеушілердіңпікірінше, әліпбидегі әріптердің саны фонемалардың санына тәуелді бо-
луы керек. Нақты айтқанда жазу теориясы бойынша белгілі бір тілдегі фонемалардың саны 
мен әліпбидегі әріптердің саны тең болуы керек, яғни бір әріп бір фонеманы таңбалауы 
тиіс. Бірақ ешбір ұлттың жазуында фонемалардың саны мен әліпбидегі әріптердің саны тең 
келе бермейді. Мысалы, ағылшын тілінде 46 фонема және жиырма алты әріп бар. Ал кирил 
графикасына негізделген қазақ әліпбиінде әріп пен фонемалардың арасында алшақтық 
барын көруге болады. Жазу типологиясы бойынша әріптердің саны фонемалардың аздау 
болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет