Фонетика жєне оныњ салалары



Pdf көрінісі
бет17/115
Дата07.04.2022
өлшемі0,56 Mb.
#138262
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   115
Байланысты:
Фонетика дарис.

Дыбыс және фонема. Әріп.
Дыбыс
- сөздердің мағыналары мен тұлғаларын ажырата-тын ең кіші тілдік бірлік. Дыбыс сөздің өмір сүруінің
формасы. Оны 
фонема 
(грек. phonema – дыбыс, үн деген сөзден шыққан) деп те атайды. 
Тіл дыбыстары – адамның дыбыстау мүшелерінің қызме-тінің жемісі. Дыбыс – тілдің бір жақты единицасы:
дыбыстала-ды, бірақ мағынасы жоқ. Ал олардың белігілі бір тілде қалып-тасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді.
Олай болса, ды-быстар – тілдің мағыналы единицалары сөз бен морфемаларды (сөз бөлшектерін) құрастыратын
материалдар қызметін атқарады.
Сөздер мен морфемаларды құрастыру үшін әр тіл өзінде бар толып жатқан дыбыстардың ішінен санаулы ғана дыбыстар
тип-терін пайдаланады. Дыбыстық құрамының арқасында бас
, көз, жер, су, адам, үй, қоян, сиыр, ауыл, қала 
сияқты сөздерді
бір-бі-рімен шатастырмай, мағынасын дұрыс түсінеміз. Олай болатын болса, дыбыстар сөзді тануға қызмет етеді.
Қазақ тілінен хабары бар әрбір адам 
бал, мал, қал, жал, сал, тал; жай, жақ, жап, жар, жас, жат; бар, бер, бор, бүр,
бұр, бір
сияқты әр түрлі сөздерді екпін бірден ажыратады. өйткені бұларда біріне-бірі ұқсамайтын дыбыстар бар. Егер бір
ғана сөзді тіліміздің заңына сәйкес түрлендіретін болсақ, дыбыстар оларды бір-бірінен ажыратуға тағы да тірек болады
(малдың, малға, малды, малы, малда, т.б.).
Қысқасы, тіл дыбыстары сөз-дер мен морфемаларды құрастыруға (жасауға),
тануға (түсіну-ге), ажыратуға қызмет етеді. Бұл дұрысы, фонемалардың негізгі функциясы (қызметі).
 Фонема
- сөздер мен
морфемаларды құ-растырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене
бөлшегі. Ол сөз мағы-насы мен тұлғасын түрлендіреді. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған орыс және поляк тілін
зерттеуші И.А.Бодуэн де Куртенэ. Фонема - тілдің мағына ажыратқыш ең кіші бірлігі. Қазіргі кездегі қалыптасқан көзқарас
бойынша 
ал, ол, ұл, іл
сөз-деріндегі а, о, ұ, і дауыстылары сөз мағынасын түрлендіріп тұр. Сондықтан да оларды дауысты
фонема деп атайды. Ал 
ас, ат, аң, ақ
сөздеріндегі с, т, ң, қ дыбыстары дауыссыз фонемалар қатарына жатады. Фонемаларды
бір-бірімен алмастырғанда сөз-дің мағынасы өзгеріп шыға келеді және ол дауыстылар жасалым тұрғысынан әрі қарай
бөлшектеуге келмейді. Фонеманың айты-лым белгілері оның сөздегі орнына, көрші дыбыстардың әсері-не, сөйлеу
қарқынына, т.б. фонетикалық шарттарға байланысты түрлі-түрлі болады. Мысалы, түс, тыс, тіс, тұс деген сөздердегі т және
с дыбыстары жуан еріндік, жіңішке еріндік, жуан езулік, жіңішке езулік болып төрт түрлі дыбысталады. Дыбыстардың
осындай түрлерін тіл білімінде аллофондар деп атайды. Яғни олар бір фонеманың әр түрлі аллофондары болып табылады.
Соңғы кезде қазақ тілі фонетикасында сингармонизм тео-риясының нәтижесінде фонема жоқ деген ғалым
Ә.Жүнісбектің пікірі пайда болды. Ғалым фонеманың орнына буын көлеміндегі «сингема» деген терминді қолдануды
ұсынады. Ал бұл қайшы-лықтан шығудың өзге жолдарын ұсынып жүрген М.Жүсіпов бастаған ғалымдар қазақ тілі үшін
«сингармофонема, сингармо-аллофон» деген терминдерді фонеманың баламасы ретінде қол-данады.
Дыбыстар сияқты фонемаларға түрленіс (варирования) пен алмасым (чередования) тән. Яғни фонемалардың әр түрлі
типтері болады. Оның негізгі типін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет