қамтыған. Ғалым буын мәселесін шешудің жолын акустикалық тұрғыдан қарастырады да
негізінен экспериментті-
фонетика-лық әдісті пайдаланады. Буын құрамындағы дыбыстардың созы-лымдылығын,
қарқынын және спектрін жан-
жақты қарастыра-ды. Буын табиғатын осы акустикалық параметрлердің сандық-сапалық өзгерістерінен іздейді. Дыбыс
акустикасын басты белгі ретінде қарастырады.
Соның нәтижесінде З.өтебаева буын теориясының тари-хын талдай келіп, оның ішіндегі «артикуляциялық теорияға»
сын көзімен қарайды. Ғалымның ойынша буын табиғатын арти-куляциялық тұрғыдан шешу мүмкін емес, буынға қатысты
көп-теген фонетикалық құбылыстар көзге ілінбей қалады. З.өтебаева негізінен сол кездегі буын табиғатына деген басым
көзқарасты қолдайды және эксперментті-фонетика бәрін шешіп береді деген бағытты ұстанады.
Алайда ол кезде қазақ фоникасында әлі де болса басы ашылмай жатқан мәселелердің басы баршылық еді. Бертін келе
қазақ тілінің артикуляциялық базасы жайлы соңғы мәліметтер буын табиғатына деген көзқарасты түбегейлі өзгертті және
оны зерттеудің артикуляциялық әдістемесін тауып берді. Оның ең бастысы қазақ тіліндегі үстеме артикуляция теориясы
болды. Шындығында, егер біз тек дыбыстардың негізгі артикуляциясын ғана ескеретін болсақ, онда буын ғана емес, өзге де
фонетика-лық құбылыстардың басын аша алмаған болар едік. Дыбыстар-дың негізгі артикуляциясы олардың жалаң
сипаттамасы ғана бо-лып қала беретін еді. Негізгі артикуляцияға үстеме артикуляция-ның
қосылу арқасында қазақ
фонетиксындағы көптеген мәселе-лердің басын ашуға мүмкіндік туды. Мысалы, дыбыстың жасалу орнына қатысты мәлімет
(айталық,
Достарыңызбен бөлісу: