әр уа-қытта сақталып отырады. Сонда қазақ тіліндегі буынның басқы және аяққы дыбыстарының артикуляциялық және
акустикалық белгілерінің лингвистикалық мәні бар болып шықгы. Лингвис-тикалық мәні бар фонетикалық құбылыстың
әрқашан да артику-ляциялық және акустикалық тірегі болады. Бұл — іргелес ды-быстардың арасындағы фонетикалық шарт.
Ал буын құрамындағы дыбыстардың бір-біріне икемделуі сингармонизм заңына
байланысты екендігі жайлы
деректер жеткілікті. Қазақ лингвистикасындағы сингармонизм теориясы көп мәселенің басын ашып берді. Сингармонизмді
теориялық тұрғыдан зерттеу жеткілікті. Енді болса буын артикуляциясы мен акустикасын кешенді инструментал зерттеудің
нысанына айналдыру кезекте тұр. Мысалы,
қи (қый), ки (кій), құй (құй), күй (күй) немесе қиын (қыйын), киін (кійін), құйын
(құйұн), күйін (күйүн)
деген т.б. сөдердің буын құрамын сингармонизм тұрғы-сынан сипаттап шығу тек дауысты дыбыстарға
байланысты бол-мау керек. Сингармонизмнің артикуляциялық белгісі ауыз куы-сындағы
тілдің көлденең және еріннің
езулік-еріндік қалпына қатысты десек, онда буынды бөліп-жармай, бүтін буынның тіл мен ерін артикуляциясын яғни "буын
артикуляциясын" сипаттап шығу керек.
Жалпы лингвистикалық, сондай-ақ түркологиялық ғылы-ми әдебиеттерге сүйенетін болсақ қазақ тіліндегі буын
құбылы-сын сингармонизмнен тыс зерттеуге болмайды деп жорамал жа-саймыз.
Себебі буын,
оның дыбыс құрамы,
дыбыстардың үнде-сім құрамы, ең бастысы буын жігін табудың әдісі сингармонизм арқылы шешілуге тиіс.
Тіл құрамындағы басты бірліктердің бірі ретінде буынның тіл құрылымында алатын орны ерекше. Сондықтан да қазақ
ті-лінің граммматикаларында (оқулықтар, оқу-әдістемеліктер мен оқу-құралдары) міндетті түрде буынға
арналған бөлім
беріліп отырса, буын жайына арналған зерттеулер де жоқ емес, өзге ұлт мектептеріне арналған оқулықтарда буын жайлы
мәліметтер бар. Алайда қазақ тілі грамматикалары мен өзге де сол саладағы еңбектерде буынның құрылымы мен дыбыс
құрамы ғана сөз болып келді. Ал зерттеу еңбектері болса, негізінен буынның акустикалық белгілерін сипаттауға арналды.
Сөйтіп буынның артикуляциялық сипаты назардан тыс қалып келді. Егер кез-келген тілдік бірліктің (оның ішінде буын да
бар) негізінде ал-дымен артикуляция жататынын ескерсек, онда буын мәселесінің шешімін артикуляциядан іздеуіміз керек
болады. Ал оның акустикасы мен естілім белгілері сол артикуляциядан барып туындайтын қасиеттер екені лингвистикада
даусыз дәлелденген.
Қазақ тіл біліміндегі буын проблемасы негізінен буынның құрылым түрлері мен олардың дыбыс құрамын, фонетика-
фоно-логиялық табиғаты, тілдегі қызметі мен буын жігі мәселелеріне арналған.
Достарыңызбен бөлісу: