Басқа буынның ішінен бір буын өзінің құрамындағы да-уыстылардың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады.
Біздің сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене единицалар – буындарға ажырайды. Сөздерді, буындарды жеке фонемаларға
жіктеу лингвистикалық талдаудың нәтижесі деп қарау керек. Мұның өзі сөздің буын жігін аңғартады. өйткені ауа сөздің құ-
рамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыз-дарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден
келе жатқан ауамен тікелей байланысты болады. Буын – осы ауаның кілт үзілуінің кедергіге ұшырауының нәтижесінде
пайда бола-тын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы. Қазақ тілінде буынның ма-ңызы ерекше. Дыбыстық
негізі заңдар осы
буынның төңірегінде өрбиді. Буынға тән сипаттар:
1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу-ға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс.
Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз. Балаларға дегенде, дұрысы, бір-ақ
а
дауысты фонемасы бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан тұрады. Бір фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе
береді.
2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буы-ны лексикалық немесе
грамматикалық мағынасы бар
бөлшек-терге тура келіп қалады. Мәселен, ат-ты-лар-ға дейтін төрт буынды сөздің 1-буыны (ат)-түбір, 2-буыны (ты)-сын
есім туды-ратын жұрнақ, 3-буыны (-лар) –көптік жалғау, ал 4-буыны (-ға)-септік жалғау. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп
түсіну керек. Буында мағына болу міндетті емесе: ба-ла-ла-ры-на, а-ты-ңа, ке-лі-сі-мі-міз, жар-қы-рай-ды т.б.
3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді
қыз-метіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды
сөздер кезде-сетін болса, онда олар кірме сөз болғаны: мұғалім,
қабілет, қа-жет, педагог,
методика, параллелипипед т.б.
Буынның жуан, жі-ңішкелілігі
қазақ тілінде дауыстыларға
байланысты.
4. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ буындар да да-уыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің
біздің тілімізде жазылуы соның айғағы: бөрене (бревно), жеребе (жре-бий), кереует (кровать), кінәз (князь), үстел (стол).
Сондықтан да байырғы сөздерді Смаил, Сқақ, Рза, Рсалды түрінде жазу тіліміздің табиғатына сай келмейді. Ертеректе енген
үстел сөзі (стол) осының айғағы. Ал Қазан төңкерісінен бергі жерде орыс тілі арқылы енген сөздер екі, тіпті үш дауыссыздан
да бастала береді: стиль, спорт, станция, студент, процент, транспорт, сп-ринт, стратегия, структурализм т.б. Бұларды осылай
жазу және айту – әдеби норма түрінде танылады. Соңғы кезде қазақтың байырғы сөздері де қос дауыссыздан басталады
дейтін пікір айтылып жүр. Бірақ онда ғылыми негіз жоқ.
5. Бас (бірінші) буын болмаса, қалған буындар дауыстыдан басталмайды.
Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ.Жұбанов алтыға, Н.Сауранбаев төртке, С.Кеңесбаев үшке бөледі. Соңғы бөліс
(ашық,
тұйық, бітеу)
барлық оқулықта жүр. Құрамындағы да-уысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазір-гі
қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар:
ашық буын, тұйық буын.
Бұлай бөлу буынның практикалық та, теориялық та мәніне
сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы. Есте дұрыс сақтау үшін буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А,
дауыс-сыздарды В әрпімен таңбалап, буынның түрлерін, оның дыбыс-тық құрамын былай өрнектеп көрсетуге болады:
1.
Достарыңызбен бөлісу: