Салғастырмалы фонетика
тілдің дыбыстық жүйесін туыстығы жоқ, құрылымы әр түрлі басқа тілдермен салыстыра
зерттейді. Ол тілдердің дыбыс жүйесін олардың туыстығына, өмір сүрген уақытына, территориялық орналасуына
байланыс-сыз зерттеп, олардың бәріне тән және фонетикалық ерекше заң-дылықтарын айқындауды мақсат тұтады.
Салғастырмалы фоне-тиканың міндеті – салғастырылатын тілдерде тілдік құралдарды пайдалануда қатысты кездесетін
дыбыс жүйесіндегі ұқсастықты, айырмашылықты айқындап, типологиялық тұрғыдан түсіндіру. Салғастырмалы
фонетиканың қалыптасуы Ф.Шлегель, В.Гумбольд, Э.Сепир, Е.Д.Поливанов, Л.В.Шерба, т. есімдері-мен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |