сингармонизм мектебіндегі-лердің пікірі бұларға қарама-қарсы болып келеді. Олардың пікі-рінше, қазақ тілінде екпін жоқ,
сингармонизм заңдарына сәйкес қазақ тілінде фонологиялық бірлік бар, ол буын, оны негізінен алғанда сингема деп атаған
дұрыс.
Фонетиканың қолданбалы бағытта да, жазуды жетілдіріп, икемді ережелер жасауға да тікелей қатысы бар. Дыбыстарды
дұрыс айтып дағдылануға, тілдің мүкістігін жоюға септігін тигі-зеді. Сондықтан да фонетиканың жетістіктері
орфографияда, тіл мәдениеті мен оқыту әдістемесінде, логопедия мен байланыс жүйесінде кеңінен қолданылады. Сөйлеу
мүшелері, дауысты жә-не дауыссыз дыбыстар, буын, сөз просодиясы, интонация фоне-тиканың негізгі құрамды бөліктері
болып табылады.
Фонетика тіл білімінде ғылымның арнаулы бір саласы бола отырып, тілдің лексикасымен де, грамматикасымен де
тығыз байланыста өмір сүреді. Олай болу себебі, фонетикалық құбы-лыстар мен процестер тілдегі сөздерден тыс қаралуы
мүмкін емес, олар сөздердің ішінде өмір сүріп, содан көрініс табады. Ал сөздер грамматикамен тығыз қарым-қатынаста
болғандықтан, омонимдерінен басқалары бір-бірінен дыбыстық айырмашылық-тары арқылы ажыратылады. Әр түрлі
тілдердегі сөздердің ды-быстық жағының ұқсастықтарымен қатар өзіне ғана тән айырым белгілері де кездесуі мүмкін.
Фонетиканың грамматикамен байланысы морфология жә-не синтаксистен айқын көрініс табады. Морфология
сөздердің өзгеру, түрлену ережелерін белгілей отырып, сөз құрамындағы дыбыстық алмасуларды фонетикалық заңдылықтар
арқылы тү-сіндіреді. Дыбыстардың алмасу құбылысы грамматикалық тәсіл ретінде морфологиялық қызмет атқарған
жағдайда ішкі флексия деп аталатын тәсіл пайда болады. Түбірдің дыбыстық құрамы-ның өзгеруі арқылы грамматикалық
мағынаны білдіру тәсілі
Достарыңызбен бөлісу: