А дауысты дыбысының 1ә сурет.
Ә дауысты дыбысының
сызба моделі сызба моделі
Физиологиялық фонетика немесе
антрофоника (грек. antropos – адам, phone - дыбыс) тілдегі дыбыстардың артикуля-
циялық, акустикалық қасиеттерін зерттейді. Мұнымен байла-нысты тіл білімінде антрофоникалық топтастыру жүзеге асады.
Ол бойынша тіл дыбыстарының физиологиялық қасиеттеріне негізделіп жасалған дауысты дыбыстар топтастырылады.
Фонология (грек. phone – дыбыс, logos – сөз, ілім дегенді білдіреді)
немесе функционалдық фонетика - тілдегі дыбыс
құбылыстары мен ондағы дыбыстардың қызметін фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала. Фонологияның дыбыстардың
жасалы-мы мен естілімін зерттейтін фонетиканың басты айырмашылы-ғы осы аталған жайтпен байланысты. Ол
дыбыстардың бір сөз-дің бір сөзден өзгешелігін салыстыру арқылы дыбыстық құбы-лыстарды зерттейді. Мысалы,
тас-таз сөздерінің екі түрлі ма-ғынаға ие болатындығы
с дыбысының қатаң, ал
з дыбысының ұяң айтылуымен байланысты
түсіндіріледі. Сондай-ақ
тас-тақ сөздеріндегі мағыналық айырмашылық
с дыбысының тіл алды, ал
қ дыбысының тіл арты
болып айтылуына байланысты қарас-тырылады. Енді
ас-ат сөздерінің екі мағынаға ие болыр тұрған жағдайын
с дыбысының жуысыңқы,
т тоғысыңқы болып айтылуымен түсіндіруге болады. Қазақ тілінің дыбыстық құры-лысында
кездесетін мұндай фонологиялық тіркесім (позиция-лық) белгілердің құрамын ғалым Ә.Жүнісбек былай түсіндіреді: «жуан-
жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік, қатаң-ұяң-үнді, жа-бысыңқы-жуысыңқы-діріл». Кей жағдайда фонология мен фо-
нетиканың терминдері әр түрлі түсіндіріліп жүр. Атап айтқанда, фонологиядағы жуан-жіңішке терминдерін фонетикада тіл
арты-тіл алды деп қарастырады. Терминдердің бұлай түрліше аталуы-ның өзінде де ғылыми мән жатқандығын жоққа
шығаруға бол-майды. Сол сияқты фонология дыбыстардың сөз құрау, яғни сөздің қазақы естілуін қамтамасыз ету белгісі
мен сөйлеу кезін-де бір сөз бен бір сөздің жігін ажыратып отыру қабілетін айқын-дайтын шекара белгісінің болуына да
көңіл бөледі.
Бұл айтылғандардың бәрін