Жартылай редукция
деп – сөз ішіндегі белгілі бір ды-быстар тіркесімінің арасындағы (үнді/ұяң немесе ұяң/үнді,
үнді/ үнді т.б.) қысаң дауыстының әлсіреп, көмескі айтылуын айта-мыз. Мысалы: аң(ы) зақ, көб(і)рек, ад(ы)раңдау,
құд(ы)рет, бад(ы)рақ, жұд(ы)рық, тәж(і)рибе, и(і)рім, дәр(і)гер, көк(і)рек, түк(і)рік, қас(ы)рет, қат(ы(нас, ұй(ы)тқы, т.б. Бұл
жерлердегі (позициялардағы) қысаңдардың көмескі айтылатындығы сонша-лықты, олардың кейбіреулері тіпті
орфографиялық сөздіктердің өзінде де көпке дейін түсіріліп жазылып жүрді.Оған мағына, мә-күрік, ұйытқы, жасымық
сөздерінің 1963, 1978 жылдардағы ор-фографиялық сөздіктерде мағна, мәкрүк, ұйтқы, жасмық түрінде жазылып келгендегі
куә бола алады.
Толық редукция
деп – ауыз, ерін, орын, мұрын, ойын сияқты екінші буындарында қысаң дауысты бар екі буынды
сөздерге дауыстыдан басталған қосымша қосылғанда екінші буындағы қысаңның түсіп қалуын айтамыз. Мыс: ауыз-ы >
аузы, ерін +і > ерні, орын+ы > орны, мұрын+ы > мұрны, ойын+а > ойна т.б. Рас, бұл сияқты сөздерге дауыстыдан басталған
қо-сымша қосылғанда олардың екінші буынындағы қысаң дауысты әр уақыт түсе бермейді. Мыс: көрік+і >көркі (келбеті
д.м.) = көрік+і>көрігі т.б. Мұндайларға мағына ажырату үшін әдейі қолданылған тәсіл деп білгеніміз жөн. Сондай-ақ, «келі
сап» деген-нің – келсап, «кіші кене» дегеннің – кішкене, «сары-ғай» дегеннің – сарғай, «осы жер» дегеннің – осжер//ошшер,
өшшер болып айты-луы мен жазылуын да толық редукцияға жатқызуға болады.
Метатеза
(грек.metathesis – ауыстырып қою, транспози-ция) – дыбыстардың комбинаторлы өзгерісі, бір сөз немесе
буын ішіндегі буындардың немесе дыбыстардың өзара орын ауыстыруы.
Достарыңызбен бөлісу: |