луінің басты шарты болады. Мәселен, Біз оқушымыз – біздің оқушымыз деген тіркестердегі –мыз тұлғаларының дұрыс
екпін-мен айтылуы мен сигнификаттық қызметін анықтайды. Экспрес-сивтік қызметі – айтылуда сөзге экспрессивтік мән
беруі. Омо-формаларды ажыратуда ерекше көрінеді: Сен осы сөзіңді қойшы – Қойшы көп болса, қой арам өледі т.б.
Екпіннің табиғаты, түрлері мен атқаратын қызметін акцентология зерттейді.
Екпін сөздегі орнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Жылжымалы екпін. Екпін арнаулы бір буынға байлан-бай, ыңғайына қарай әр түрлі буынға түсе беретін болса,
ондай екпін жылжымалы деп аталады.
2. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты деп аталады.
Екпін сөйлемдегі қызметіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Фразалық екпін. Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен
дараланбай, айтылу жағынан жіті жымдасып, бір ғана екпінге ие болады. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін
деп аталады.
2. Логикалық екпін. Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп ерекшеленіп айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде бір
сөзге ай-рықша назар аударылып айтылады. Сөйлемдегі айырықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол
сөз басқа сөздерге қарағанда ерекше әуенмен айтылады. Оны логикалық екпін деп атайды.
3. Ритмикалық екпін. Арнаулы сөз тобының өзара мағына бірлігі сол сөз тобының акцентуациялық бірлігімен тығыз
бай-ланысты келеді. Ондай мағына жағынан байланысты бір екпін-дес сөз тобы ритмикалық
немесе динамикалық топ
делінеді. Ритмикалық екпін арнаулы семантика бірлігіндегі бір сөз тобы мен екінші сөз тобының жігін ажыратып тұрады.
Қазақ тіліндегі сөз ағымын фонетикалық мүшелеудің бір түрі – ритмикалық екпін. Сонымен қатар эмфатикалық,
экспрес-сивтік, тіркес, сөздік екпін түрлері де кездеседі.
Қазақ тілі фонетистерінің арасында акцентологияның не-гізгі мәселелеріне қатысты көптеген пікірлер бар. І.Кеңесбаев,
Ж.Аралбаев қазақ сөзінің екпіні лепті десе, С.Татубаев созы-лыңқы деп таниды. Ал Ә.Жүнісбек
қазақ сөзі екпінсіз
айтылады дейді. Қазақ тілінде екпін бар дегенді жақтаушылардың екпіннің сөздегі орны,
қызметі мен фонетикалық
табиғаты жайында ортақ пікірі жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: